daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Астане қаласындағы Nexium Таблеткалары 40 Мг №28 | АстраЗенека Фармасьютикалс ЛП

Астане қаласындағы Nexium Таблеткалары 40 Мг №28 | АстраЗенека Фармасьютикалс ЛП

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «20 mG» және екінші жағында «А/ЕН» өрнегі бар ашық қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (20 мг доза үшін). Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «40 mG» және екінші жағында «А/ЕI» өрнегі бар қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (40 мг доза үшін).

Международное наименование:

Эзомепразол

Производитель:

АстраЗенека Фармасьютикалс ЛП

Страна производитель:

Королевство Швеция

Действующее вещество:

20 мг және 40 мг эзомепразолға баламалы қосымша заттар: глицерин моностеараты 40-55, гидроксипропилцеллюлоза, гипромеллоза, темірдің қызыл-қоңыр тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172) (20 мг доза үшін), магний стеараты, метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері (1:1), микрокристалды целлюлоза, синтетикалық парафин, макрогол, полисорбат 80, кросповидон, натрий стеарилфумараты, қант сфералары, титанның қостотығы (Е 171), тальк, триэтилцитрат.

Дозировка активного вещества:

40 мг

Количество в упаковке:

28 шт.

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

Ересектер

Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА)

- эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу

- эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылуынан кейін қайталануын болдырмау үшін ұзақ жүргізілетін демеуші ем

- гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу

Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем

- Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішек ойық жаралы ауруында бактерияға қарсы біріктірілген ем құрамында

- Helicobacter pylori-мен астасқан он екі елі ішек ойық жарасын емдеу

- Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының қайталану профилактикасы

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) қабылдау

- ҚҚСД қабылдаумен байланысты асқазан ойық жарасының жазылуы

- қауіп тобына жататын пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының профилактикасы

Эзомепразол қолдану үшін басқа жай-күйлер

- қайталап қан кету профилактикасы мақсатында препараттарды в/і қолданудан кейін асқазан немесе он екі елі ішек ойық жарасының қан кетуін өткерген пациенттерде ұзақ уақыт емдеу

- Золлингер-Эллисон синдромы

Балалар және 12 жастан үлкен жасөспірімдер

Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА)

- эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу

- эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылуынан кейін қайталануын болдырмау үшін ұзақ жүргізілетін демеуші ем

- гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу

Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем

- Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасында бактерияға қарсы біріктірілген ем құрамында.

Противопоказания

- эзомепразолға, орын басушы бензимидазолдарға немесе препарат құрамына кіретін басқа ингредиенттерге жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

- глюкоза-галактозалық мальабсорбция немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі

- нелфинавирмен бір мезгілде қабылдау

- ГЭРА кезіндегі 12 жасқа дейінгі балалар

- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруынан тыс, басқа көрсетілімдер бойынша

балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Сақтықпен

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Препарат дәрігер тағайындауы бойынша қолданылады. Препаратты тағайындау алдында және препаратпен ем кезеңінде келесі жағдайларда дәрігерді хабарландыру керек:

- бүйрек функциясының бұзылуы

- бауыр функциясының бұзылуы

- дәрілік препараттарға аллергиялық реакциялардың анамнезде болуы

- қан талдауын тапсыруға дайындық (Хромогранин А)

- осы препаратты қолдану кезеңінде салмақ жоғалту, жұтыну қиындауы, іштің ауыруы, асқазан қорытпауы, құсу, мелена (қанмен боялған нәжіс)

- «Жағымсыз реакциялар сипаттамасы» бөлімінде аталған жағымсыз реакциялардың пайда болуы

Меры предосторожности

Препарат дәрігер тағайындауы бойынша қолданылады. Препаратты тағайындау алдында және препаратпен ем кезеңінде келесі жағдайларда дәрігерді хабарландыру керек:

- бүйрек функциясының бұзылуы

- бауыр функциясының бұзылуы

- дәрілік препараттарға аллергиялық реакциялардың анамнезде болуы

- қан талдауын тапсыруға дайындық (Хромогранин А)

- осы препаратты қолдану кезеңінде салмақ жоғалту, жұтыну қиындауы, іштің ауыруы, асқазан қорытпауы, құсу, мелена (қанмен боялған нәжіс)

- «Жағымсыз реакциялар сипаттамасы» бөлімінде аталған жағымсыз реакциялардың пайда болуы

Специальные указания

Кез келген үрейлену симптомдары болғанда (мысалы, өздігінен әдәуір дене салмағын жоғалту, қайталап құсу, дисфагия, қан қоспасымен құсу немесе мелена), сондай-ақ асқазан ойық жарасы болғанда (немесе асқазан ойық жарасы күмән тудырғанда) қатерлі жаңа түзілім бар-жоғын анықтау керек, өйткені Нексиум препаратымен емдеу симптомдардың жеңілдеуіне әкелуі және диагноз қоюды кідіртуі мүмкін.

Эзомепразолды ұзақ қолдану

Препаратты ұзаққа созылатын кезең бойына (әсіресе, бір жылдан аса) қабылдап жүрген пациенттер дәрігердің жүйелі қадағалауында болуы тиіс.

«Қажеттілігі бойынша» ем

Нексиум препаратын «қажеттілігі бойынша» қабылдап жүрген пациенттерге симптомдар сипаты өзгергенде өз дәрігерімен байланысу қажеттілігі жөнінде нұсқау берілуі тиіс. «Қажеттілігі бойынша» ем тағайындалғанда плазмадағы эзомепразол концентрациясының ауытқуын назарға ала отырып, препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуін есепке алу керек.

Helicobacter pylori эрадикациясы

Нексиум препараты Helicobacter pylori эрадикациясы үшін тағайындалғанда үштік ем компоненттерінің бәріне тән дәрілік өзара әрекеттесулер болуы мүмкін екені ескерілуі тиіс. Кларитромицин – қуатты СҮР3А4 тежегіші, сондықтан СҮР3А4 қатысуымен метаболизденетін басқа препараттар (мысалы, цисаприд) қабылдап жүрген пациенттерге эрадикациялық ем тағайындалғанда болуы мүмкін қарсы көрсетілімдерін және кларитромициннің осы дәрілік заттармен өзара әрекеттесуін ескеру қажет.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ересектер

Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы

- эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу: 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг. Алғашқы курстан кейін эзофагит жазылуы басталмаған немесе симптомдары сақталған жағдайларда қосымша 4 апталық емдеу курсы ұсынылады.

- эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылуыан кейін оның қайталануын болдырмау үшін ұзаққа созылатын демеуші ем: тәулігіне бір рет 20 мг.

- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу: эзофагитсіз пациенттерге – тәулігіне бір рет 20 мг. Егер 4 апта емдеуден кейін симптомдары жоғалмаса, пациентті қосымша тексеруден өткізу керек. Ауру симптомдары жойылған соң препаратты «қажеттілігі бойынша» қабылдау режиміне ауыстыруға, яғни симптомдар жаңғырғанда тәулігіне бір рет 20 мг Нексиум препаратын қабылдауға болады. ҚҚСП қабылдап жүрген және асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасы дамитын қауіп тобына жататын пациенттер үшін «қажеттілігі бойынша» режимінде емдеуді ұзарту ұсынылмайды.

Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем

Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішек ойық жаралы ауруында бактерияға қарсы біріктірілген ем құрамында, Helicobacter pylori-мен астасқан он екі елі ішек ойық жарасын емдеу, Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының қайталану профилактикасы: Нексиум 20 мг, амоксициллин 1 г және кларитромицин 500 мг препараттарының біріктірілімі. Барлық препараттар 7 күн бойы тәулігіне екі рет қабылданады.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) қабылдау

- ҚҚСД қабылдаумен байланысты асқазан ойық жарасының жазылуы: орташа доза, әдетте, тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы 4-8 апта.

- қауіп тобына жататын пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының профилактикасы: тәулігіне бір рет 20 мг.

Эзомепразолды қолдану үшін басқа жай-күйлер

- препараттарды в/і қолданудан кейін асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының қан кетуін өткерген пациенттерді ұзақ уақыт емдеу: асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының қайталану профилактикасында в/і ем аяқталған соң 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг.

- Золлингер-Эллисон синдромы: препараттың бастапқы ұсынылған дозасы тәулігіне екі рет 40 мг. Әріқарай дозаны әркімге жеке таңдау және емдеуді көрсетілімдер бойынша жалғастыру керек. Қолда бар деректер бойынша, көптеген пациенттер препаратты тәулігіне 80-нен 160 мг дейінгі эзомепразол дозаларында қолдана алады. Тәулігіне 80 мг-ден көп дозаларды бөліп, тәулігіне 2 рет қабылдау керек.

12 жастан үлкен балалар

Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы

- эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу: 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг. Алғашқы курстан кейін эзофагит жазылуы басталмаған немесе симптомдар сақталған жағдайларда емдеудің қосымша 4 апталық курсы ұсынылады.

- эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылуынан кейін қайталануын болдырмау үшін ұзақ жүргізілетін демеуші ем: тәулігіне бір рет 20 мг.

- гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу: эзофагитсіз пациенттерге – тәулігіне бір рет 20 мг. Егер 4 апта емделуден кейін симптомдар жоғалмаса, пациентті қосымша тексеруден өткізу керек. Ауру симптомдары жойылған соң келесі симптомдарды бақылау үшін тәулігіне бір рет 20 мг Нексиум препаратын қабылдауға болады.

Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруын емдеу

Тиісті біріктірілген емді таңдағанда бактерия төзімділігі, емдеу курсының ұзақтығы (ең жиісі 7 күн, кейде 14 күн) бойынша ресми ұлттық, аймақтық және жергілікті нұсқаулар мен бактерияға қарсы дәрілерді талапқа сай қолдануды ескеру керек. Емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Ұсынылған дозалау:

Передозировка

Бүгінгі таңда алдын ала көзделген артық дозалану туралы деректер шектеулі.

Симптомдары: 280 мг дозаны қолдану кезіндегі асқазан-ішек бұзылулары және әлсіздік. Омепразолдың 80 мг бір реттік дозаларын қолдану қандай да бір құбылыстардың дамуымен қатар жүрмеді.

Емі: спецификалық антидоттар белгісіз. Эзомепразол плазма ақуыздарымен байланысады, сондықтан диализ тиімділігі аз. Артық дозалану жағдайында емдеу симптоматикалық болуы тиіс және жалпы демеуші шаралар пайдаланылуы тиіс.

Форма выпуска

7 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

График изменения цены на «Nexium таблеткалары 40 мг №28» в Астане

01200240036004800600012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-086-0811-0816-0821-0826-0831-085-0910-0915-0920-0925-0930-095-1010-1015-1020-10
Средняя цена
Минимальная цена

Уникальные возможности покупки на Daribar.kz

Наш сайт предлагает Вам возможность приобрестиNexium таблеткалары 40 мг №28в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube