Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – мелоксикам – 7,5 мг немесе 15 мг (100% сусыз затқа шаққанда),
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий цитраты, повидон, кросповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, жалпақ беткейлі, ойығы мен сызығы бар, сары түсті таблеткалар.