Құрамы
Препараттың бір дозасының құрамында
белсенді зат: 36.3 мкг сальметерол ксинафоаты (25 мкг сальметеролға баламалы) және 50 мкг немесе 125 мкг немесе 250 мкг флутиказон пропионаты,
қосымша заттар- 1,1,1,2-тетрафторэтан (пропеллент HFA-134a), озонға қауіпсіз.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлшерлеу клапанымен және қорғау қалпақшасымен жабдықталған пластик бүріккішке орналастырылған алюминий баллон.
Баллонда ақ немесе ақ дерлік суспензия бар.