Қолдану көрсеткіштері
артериялық гипертензияда
созылмалы тұрақты стенокардияда
вазоспастикалық стенокардияда (Принцметал стенокардиясында)
артериялық гипертензияда
созылмалы тұрақты стенокардияда
вазоспастикалық стенокардияда (Принцметал стенокардиясында)
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
ауыр артериялық гипотензия
шок (оның ішінде кардиогенді)
сол жақ қарыншаның шығу бөлімінің тарылуы (ауырлық дәрежесі жоғары аортальді клапан стенозы)
жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі.
Басқа дәрілік препараттардың амлодипинге әсері
CYP3A4 тежегіштері: амлодипинді күшті немесе орташа CYP3A4 тежегіштерімен (протеаза тежегіштерімен, азол тобының зеңге қарсы препараттарымен, эритромицин немесе кларитромицин сияқты макролидтермен, верапамилмен немесе дилтиаземмен) бір уақытта қолдану амлодипиннің әсер ету деңгейінің едәуір жоғарылауына әкелуі мүмкін. Егде жастағы адамдарда осы ФК вариацияларының клиникалық белгілері айқынырақ болуы мүмкін. Осылайша, клиникалық мониторинг және дозаны түзету талап етілуі мүмкін.
CYP3A4 индукторлары: CYP3A4 белгілі индукторларымен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы амлодипин концентрациясы өзгеруі мүмкін. Сол себепті, препараттарды, әсіресе, CYP3A4 күшті индукторларын (мысалы, рифампицин, шілтерленген шайқурай) бір мезгілде қабылдау кезінде де, бір мезгілде қабылдағаннан кейін де артериялық қысымды бақылау және дозасын реттеу керек.
Амлодипинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен қолдану ұсынылмайды, өйткені кейбір пациенттерде оның биожетімділігі жоғарылауы және жоғары артериялық қысымның елеулі төмендеу әсеріне әкелуі мүмкін.
Дантролен (инфузия): жануарларда верапамил мен дантроленді вена ішіне енгізгеннен кейін қарыншалардың өлімге соқтыратын фибрилляциясы және гиперкалиемиямен біріккен жүрек-қантамыр коллапсы байқалады. Гиперкалиемияның дамуы қаупіне байланысты қатерлі гипертермияға бейім пациенттерде және қатерлі гипертермияны емдеу кезінде амлодипин сияқты кальций өзекшелерінің блокаторларымен бір уақытта қолданудан аулақ болу ұсынылады.
Амлодипиннің басқа дәрілік препараттарға әсері
Амлодипин гипертензияға қарсы қасиеттері бар басқа дәрілік препараттардың жоғары артериялық қысымды төмендету бойынша әсерін күшейтеді.
Такролимус
Амлодипинмен бір уақытта қолданғанда такролимустың қандағы концентрациясының жоғарылау қаупі бар, алайда аталған өзара әрекеттесудің фармакокинетикалық механизмдері жеткіліксіз зерттелген. Такролимустың уытты әсерін болдырмау үшін амлодипинді такролимус қабылдайтын пациенттерде қолдану такролимустың қандағы концентрациясын мониторингілеу, қажет жағдайда, такролимус дозасын түзетуді қажет етеді.
Кларитромицин
Кларитромицин CYP3A4 тежегіші болып табылады. Кларитромицин мен амлодипинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде гипотензияның даму қаупі жоғары. Амлодипин мен кларитромицинді бір мезгілде қолданғанда пациенттерді мұқият қадағалау ұсынылады.
Рапамицин үшін механистік нысана тежегіштері (mTOR)
Сиролимус, темсиролимус және эверолимус сияқты mTOR тежегіштері CYP3A субстраттары болып табылады. Амлодипин CYP3A әлсіз тежегіші болып табылады mTOR тежегіштерімен.
Циклоспорин
Циклоспориннің ең төменгі концентрацияларының ауытқымалы жоғарылауы байқалған (орташа алғанда 0-ден 40% дейін) бүйрек трансплантациясын бастан өткерген пациенттерді қоспағанда, дені сау еріктілерде немесе басқа популяцияларда циклоспорин мен амлодипиннің өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеді. Бүйрек трансплантациясын бастан өткерген және амлодипин қабылдайтын пациенттерде циклоспорин концентрацияларына мониторинг жүргізуді ұсыну және қажет болған жағдайда циклоспорин дозасын төмендету керек.
Симвастатин
Амлодипиннің көп реттік 10 мг дозаларын симвастатиннің 80 мг бірге қолдану симвастатинді монотерапия түрінде қолданумен салыстырғанда симвастатин әсері деңгейінің 77% ұлғаюына әкелді. Амлодипин қабылдайтын пациенттер үшін симвастатиннің тәуліктік дозасы 20 мг астамды құрауы тиіс.
Дәрілік өзара әрекеттесудің клиникалық зерттеулерінде амлодипин аторвастатиннің, дигоксиннің, варфариннің фармакокинетикасына ықпал етпеді.
Дозалау режимі
Ересектер
Артериялық гипертензия кезінде де, стенокардия кезінде де Тенокс® препаратының әдеттегі бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 5 мг құрайды, оны пациенттің жеке реакциясына байланысты ең жоғарғы 10 мг дозасына дейін арттыруға болады.
Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде амлодипин тиазидтік диуретиктермен, альфа-блокаторлармен, бета-адреноблокаторлармен немесе ангиотензинөзгертуші фермент тежегіштерімен біріктіріп қолданылған. Стенокардия кезінде амлодипинді как монотерапия түрінде де, стенокардиясы бар, нитраттарға және/немесе бета-адреноблокаторлардың талапқа сай дозаларына рефрактерлі пациенттерде басқа антиангинальді дәрілік заттармен біріктіріп те қолдануға болады.
Тиазидтік диуретиктермен, бета-адреноблокаторлармен және ангиотензинөзгертуші фермент тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда Тенокс® препаратының дозасын түзету қажет емес.
Артериялық гипертензия кезінде және стенокардия кезінде әдеттегі бастапқы дозасы 5 мг құрайды, оны науқастың жеке реакциясына байланысты ең жоғарғы 10 мг дейін арттыруға болады.
Тиазидтік диуретиктермен, бета-адреноблокаторлармен және ангиотензинөзгертуші фермент тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда Тенокс препаратының дозасын түзету қажет емес.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
6-дан 17 жасқа дейінгі артериялық гипертензиясы бар балалар мен жасөспірімдер
6-дан 17 жасқа дейінгі балалар үшін ұсынылған гипертензияға қарсы пероральді бастапқы доза тәулігіне бір рет 2,5 мг құрайды, егер 4 аптадан соң мақсатты артериялық қысымға қол жетпесе тәулігіне бір рет 5 мг дейін арттыруға болады. Тәулігіне 5 мг асатын дозалар балалар жасындағы пациенттерде зерттелмеген.
6 жасқа толмаған балалар
6 жасқа толмаған балаларда қолданылуы жөнінде деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы немесе жастау пациенттерде ұқсас дозаларда қолданылған амлодипиннің жағымдылығы бірдей жақсы.
Егде жастағы пациенттерге әдеттегі дозалау режимдері ұсынылады, бірақ дозасын арттыруды сақтықпен жүргізу керек.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясы жеңіл және орташа бұзылған пациенттерде дозалау бойынша ұсынымдар анықталмаған, сондықтан дозасын іріктеуді сақтықпен жүргізу және дозалар диапазонының төменгі шегінен бастау керек. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі кезіндегі амлодипин фармакокинетикасы зерттелмеген. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде амлодипинмен емдеуді ең төменгі дозадан бастап, оны баяу арттыру керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Амлодипиннің плазмадағы концентрациясының өзгеруін бүйрек функциясының бұзылу дәрежесімен байланыстырмайды, сондықтан стандартты доза ұсынылады. Амлодипин гемодиализдің көмегімен шығарылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Тенокс® ішке, тәулігіне бір рет, қажетті мөлшердегі (100 мл) сумен ішіп қабылданады.
5 мг дозалы таблетканы тең екі бөлікке бөлуге болады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Таблетканы көп мөлшерде қабылдау артериялық қысымның төмендеуіне немесе тіпті қауіпті төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сіз бас айналуын, хал-жағдайыңыздың нашарлағанын, әлсіздікті сезінуіңіз немесе естен танып қалуыңыз мүмкін. Егер артериялық қысымның төмендеуі айқын болса шок пайда болуы мүмкін. Сіздің теріңіз салқындауы және жабысқақ болуы, және сіз естен танып қалуыңыз да мүмкін. Егер Тенокс® таблеткасы өте көп мөлшерде қабылданған болса дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Егер сіз таблетканы қабылдауды ұмытып кетсеңіз, ол дозаны қабылдамаңыз. Препаратты өз уақытында қабылдануы керек. Өткізіп алған препараттың орнын толтыру үшін дозаны екі еселеп қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар пайда болған кезде емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
10 таблеткадан ламинацияланған полиамидті/алюминий/поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
3 немесе 9 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “Тенокс таблеткалары 10 мг №30” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.