Қолдану көрсеткіштері
- алғашқы билиарлық бауыр циррозында декомпенсация белгілері болмағанда
- өт қалтасында холестерин тастарын еріту үшін. Холестерин тастары рентгенограммада күңгірттеніп көрінбеуі тиіс және диаметрі 15 мм-ден аспауы тиіс. Тастардың бар болғанына қарамастан, өт қалтасының функциясы бұзылмауы тиіс.
- 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларда муковисцидозбен байланысты гепатобилиарлық бұзылулар