daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Цианокобаламин Ампуласы 0,05% 1 Мл №10 | Борисовский ЗМП

Астане қаласындағы Цианокобаламин Ампуласы 0,05% 1 Мл №10 | Борисовский ЗМП
Сипаттама:

Қызыл түсті мөлдір сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Цианокобаламин

Өндіруші:

Борисовский ЗМП

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

500 мкг/мл

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

цианокобаламиннің тапшылығымен жүретін (Аддисон-Бирмер ауруы, алиментарлы макроцитарлы анемия) созылмалы анемияда

Кешенді ем құрамында

полиневрит, радикулит, невралгия (оның ішінде үштік жүйкенің невралгиясы), гипотрофия, шеткері жүйкелердің жарақаттары

тері аурулары (псориаз, фотодерматоз, герпес тәрізді дерматит, атопиялық дерматит)

Профилактика мақсатында

жоғары дозаларда бигуанидтерді, парааминосалицил қышқылын, аскорбин қышқылын тағайындағанда, цианокобаламиннің сіңуінің бұзылуымен асқазан мен ішек патологиясында (асқазан бөлігінің, аш ішектің резекциясы, Крон ауруы, целиакия, мальабсорбция синдромы, спру), ұйқы безі мен ішектің қатерлі түзілімдерінде

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

тромбоэмболия, тромбтардың түзілуіне бейімділік

эритремия, эритроцитоз

жүктілік (жоғары дозаларда В тобының дәрумендерінің болжамды тератогенді әсері туралы жекелеген нұсқаулар бар), лактация кезеңі

3 жасқа дейінгі балалар (аталған дәрілік түрі үшін)

Лебер ауруы, никотиндік амблиопия (көру жүйкесінің нейродегенеративті зақымдануы қаупін күшейтеді)

ширығу стенокардиясы ФК III

қатерсіз немесе қатерлі жаңа түзілімдер (мегалобласттық анемия және В12 дәрумені тапшылығымен қатар жүретін жағдайларды қоспағанда)

Өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылымен, ауыр металл тұздарымен (цианокобаламиннің белсенділігінің жойылуы), тиамин бромидімен, пиридоксинмен, рибофлавинмен (яғни цианокобаламин молекуласындағы кобальт ионы басқа витаминдерді ыдыратады) фармацевтикалық үйлесімсіз.

Аминогликозидтер, полимиксин, тетрациклиндер, салицилаттар, эпилепсияға қарсы дәрілік препараттар, колхицин, калий препараттары цианокобаламиннің сіңуін төмендетеді.

Цианокобаламин тиаминмен туындаған аллергиялық реакциялардың дамуын күшейтеді.

Хлорамфеникол гемопоэздік жауапты төмендетеді.

Қан ұюын жоғарылататын препараттармен бірге қолдануға болмайды.

Цитамен: цианокобаламинмен бір мезгілде қолданғанда цитаменнің әсерін төмендетеді.

Пероральді контрацептивтер - цианокобаламиннің қандағы концентрациясын төмендетеді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

Тері астына

Аддисон-Бирмер анемиясында - тәулігіне 100–200 мкг (0,2–0,4 мл) күнара; фуникулярлы миелозда, жүйке жүйесі функциясының бұзылуымен макроцитарлық анемияда - тәулігіне 400–500 мкг (0,8–1 мл) бірінші аптада - күн сайын, содан кейін енгізу аралығындағы 5–7 күнге дейін интервалмен (бір мезгілде фолий қышқылын тағайындайды); ремиссия кезінде демеуші доза тәулігіне 100 мкг (0,2 мл) айына 2 рет, неврологиялық құбылыстар болған кезде - 200 - 400 мкг-ден (0,4–0,8 мл) айына 2–4 рет.

Орталық және шеткергі жүйке жүйесінің ауруларында, ауыру синдромымен неврологиялық ауруларда жоғарылап отыратын дозада енгізеді Ересектерге - тәулігіне 200–500 мкг (0,4–1 мл) ауыру синдромын басқанға дейін, содан кейін тәулігіне 100 мкг 2 апта бойы. Шеткері жүйке жүйесінің жарақаттық зақымдануында – 200–400 мкг күнара 40–45 күн бойы.

Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне

Цианокобаламиннің тапшылығын толтыру үшін енгізеді: емдеу үшін 1 мг-ден (2 мл) күн сайын 1-2 апта бойы, демеуші доза 1–2 мг (2-4 мл) аптасына 1 реттен айына 1 ретке дейін; алдын алу үшін - 1 мг (2 мл) айына 1 рет. Емдеу ұзақтығы жекелей анықталады.

Балалар

500 мкг/мл дәрілік түрін 3 жастан асқан балаларға қолданады.

Дозалары және қолдану режимі патологияға байланысты және тәулігіне 30 мкг-ден 100 мкг дейінгі шекте ауытқиды.

Теріастына 1 мкг/кг дозада енгізеді, ең жоғары тәуліктік доза - 100 мкг (0,2 мл). Алиментарлық анемияда балаларға препаратты 3-тен 4 жасқа дейін 15–50 мкг-ден (0,1 мл), 4 жастан асқанда 50–100 мкг-ден (0,1 мл – 0,2 мл), күн сайын, 15 күн бойы немесе клинико-гематологиялық жақсару болғанша тағайындайды.

Дистрофиялық жай-күй кезінде ұзақ уақыт ауырғаннан кейін тері астына күнара 15–30 мкг.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Цианокобаламинді емдік дозаларда қолданғанда артық дозалануы хабарланған жоқ.

Артық дозалануындағы симптомдары (болуы мүмкін): өкпенің ісінуі, іркілген жүрек жеткіліксіздігі, шеткері қантамырлар тромбозы, есекжем, сирек - анафилаксиялық шок.

Емі - симптоматикалық.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну ұсынылады

Артық дозалану

Цианокобаламинді емдік дозаларда қолданғанда артық дозалануы хабарланған жоқ.

Артық дозалануындағы симптомдары (болуы мүмкін): өкпенің ісінуі, іркілген жүрек жеткіліксіздігі, шеткері қантамырлар тромбозы, есекжем, сирек - анафилаксиялық шок.

Емі - симптоматикалық.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну ұсынылады

Шығарылу түрі

1 мл шыныдан жасалған ампулаларда.

Әрбір ампулаға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырады немесе мәтінді жылдам бекітілетін бояумен терең басу әдісімен ампулаға жазады.

10 ампуладан ампулаларды ашатын пышақпен немесе ампулалық скарификатормен бірге гофрлауға арналған қағаздан жасалған гофрланған қосымшасы бар қорапқа салынады. Қорапқа көп бояулы баспаға арналған қағаздан немесе офсетік қағаздан жасалған заттаңба-бандероль жапсырады.

Қораптарды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықтармен бірге топтық қаптамаға салады.

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың саны қораптар санына тең болуы керек.

Немесе 10 ампуладан ампулаларды ашатын пышақпен немесе ампулалық скарификатормен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықтармен бірге картоннан немесе ампулаларды бекітетін картон қосымшасы бар картоннан жасалған қорапшаға салынады. Қорапшаларды топтық қаптамаға салады.

Сындыру сақинасы немесе сындыру кертігі және нүктесімен ампулаларды қолданғанда ампулаларды ашатын пышақ немесе скарификатор салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

1 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыЦианокобаламин ампуласы 0,05% 1 мл №10дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube