daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Алмонт Таблеткалары 10 Мг №28 | Alkem Laboratories LTD

Алматы қаласындағы Алмонт Таблеткалары 10 Мг №28 | Alkem Laboratories LTD

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Шаршы пішінді, екі беті дөңес, екі жағы тегіс, ақшыл сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Монтелукаст

Өндіруші:

Alkem Laboratories LTD

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, төмен молекулалы гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты. қабықтың құрамы: Opadry Yellow (03B52874): гипромеллоза, макроголь, титанның қостотығы (Е171), темірдің (IІІ) қызыл тотығы (Е172), темірдің (ІІІ) сары тотығы (Е172).

Белсенді заттың дозасы:

10 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: натрий монтелукасты 10 мг монтелукастқа баламалы,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, төмен молекулалы гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты.

қабықтың құрамы: Opadry Yellow (03B52874): гипромеллоза, макроголь, титанның қостотығы (Е171), темірдің (IІІ) қызыл тотығы (Е172), темірдің (ІІІ) сары тотығы (Е172).

Қолдану көрсеткіштері

- ингаляциялық кортикостероидтардың жеткіліксіз тиімділігі, ингаляциялық кортикостероидтармен және талап бойынша әсері қысқа β-агонистерімен емдеуден жеткіліксіз клиникалық әсері кезінде жеңіл және орташа ауырлық деңгейіндегі персистирлейтін демікпесі бар 15 жастан асқан және одан үлкен пациенттер үшін бронх демікпесінің негізгі еміне қосымша ретінде

- бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық ринитті емдеу

Қарсы көрсеткіштер

- әсер ететін затқа немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- фенилкетонурия

- тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Арнайы нұсқаулар

Монтелукаст ингаляциялық немесе пероральді кортикостероидтарды бірден алмастыруға жарамайды.

Пероральді кортикостероидтардың дозасы монтелукастты бір мезгілде қолданған кезде төмендетілуі мүмкін екендігін растайтын деректер жоқ.

Сирек жағдайларда Алмонт 10 препаратын қоса, демікпеге қарсы препараттармен ем алатын пациенттерде Чердж-Стросс синдромына (жиі жүйелік кортикостероидтармен емдеу жүргізілетін жағдай) тән кейде васкулиттің клиникалық белгілері бар жүйелік эозинофилия пайда болуы мүмкін. Кейде бұл жағдайлар пероральді кортикостероидтарды тоқтатумен немесе дозасын төмендетумен байланысты. Лейкотриендер рецепторларының антагонистерімен емдеу және Чердж-Стросс синдромының пайда болуы арасындағы байланысты жоққа шығаруға немесе растауға болмайды. Дегенмен эозинофилия, васкулярлы бөртпе, өкпе симптомдарының нашарлауы, кардиологиялық асқынулар және/немесе нейропатия сияқты симптомдар пайда болған жағдайда қосымша тексеру және емдеу тактикасын қайта қарастыру қажет.

Монтелукастпен емдеу аспиринге сезімтал демікпесі бар пациенттерге аспиринді немесе басқа стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қолдануға мүмкіндік бермейді.

Жүйке-психикалық бұзылыстар. Психика тарапынан бұзылулар Алмонт 10 препаратын қабылдаған ересектерге, жасөспірімдерде және балаларда байқалған. Психика тарапынан бұзылуларға қозу, озбыр мінез-құлық, өшпенділік, үрей, депрессия, бағдардан адасу, зейін қоюдың бұзылуы, патологиялық түстер көру, елестеулер, ұйқысыздық, қозғыштық, жадының бұзылуы, мазасыздық, сомнамбулизм, өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттер және оған мінез таныту (суицидті қоса) және тремор сияқты жағымсыз әсерлерді қамтиды. Маркетингтен кейінгі есептердің деректері дәрі-дәрмектік емнің барысында алынған клиникалық деректермен үйлесімді. Пациенттерге және медициналық қызметкерлерге жағымсыз әсерлердің пайда болу ықтималдығы туралы білген жөн. Пациенттерге осы жағымсыз әсерлер пайда болған кезде өзінің емдеуші дәрігеріне хабарлау ұсынылады. Осы жағымсыз әсерлер пайда болған кезде Алмонт 10 препаратымен емді жалғастыру үшін «пайда/қауіп» арақатынасын бағалау керек.

Алмонт 10 препаратын қабылдайтын ересектерде, жасөспірімдерде және балаларда психикалық-неврологиялық бұзылулар тіркелген. Пациенттер мен дәрігерлер психоневрологиялық бұзылулардың белгілеріне назар қоюы тиіс. Пациенттер және/немесе күтімді қамтамасыз ететін тұлғалар мұндай өзгерістер пайда болған жағдайда өзінің дәрігеріне хабарлауы тиіс. Дәрігерлерге мұндай бұзылулар дамыған жағдайда монтелукастты қолданумен емдеуді жалғастырудың қаупі мен пайдасын мұқият бағалаған жөн.

Алмонт 10 препараты бір таблеткасының құрамында 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде « құрамында натрий жоқ».

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Демікпесі немесе демікпесі және қатар жүретін маусымдық аллергиялық риниті бар 15 жастағы және одан асқан пациенттер үшін кешке қабылданатын, дозасы тәулігіне 10 мг (1 таблетка) құрайды.

Жалпы нұсқаулар. Бронх демікпесін бақылау көрсеткіштеріне Алмонт 10 препаратының емдік әсері 1 күннің ішінде дамиды. Пациенттерге егер демікпені бақылауға қол жеткізсе де, сондай-ақ демікпенің барысы нашарлаған кезде де Алмонт 10 препаратын қабылдауды жалғастыру керектігін хабарлаған жөн. Препаратты құрамында монтелукаст бар басқа препараттармен бір уақытта қабылдамаған жөн.

Бүйрек функциясының бұзылулары немесе жеңілден қалыпты ауырлық деңгейіне дейін бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерге дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қатысты деректер жоқ. Ер адамдар мен әйел адамдар үшін дозалануы бірдей.

Алмонт 10 препараты - персистирлейтін демікпенің ауырлықтың жеңіл деңгейі кезінде ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозасының орнына баламалы емдеу әдісі ретінде қолданылады. Алмонт 10 препараты персистирлейтін демікпе ауырлығының орташа деңгейі бар пациенттер үшін монотерапия ретінде ұсынылмайды.

Демікпені емдеудің басқа әдістеріне байланысты Алмонт 10 препаратымен емдеу. Алмонт 10 препараты ингаляциялық кортикостероидтарды және қажет болғанда әсері қысқа β –агонистерді қолдану демікпені жеткілікті клиникалық бақылауды қамтамасыз етпейтін пациенттерде қосымша ем ретінде қолдануға болады. Алмонт 10 препаратын ингаляциялық кортикостериодтармен бірден ауыстыруға болмайды.

Шығарылу түрі

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынады.

Пішінді 4 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАлмонт таблеткалары 10 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
4570

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 823

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

5393

4570

823

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруАналогтарыНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube