Қолдану көрсеткіштері
Ересектер мен 16 жастағы және одан асқан балаларға:
- остеоартроздың өршуін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеуде
- ревматоидты артритті, шорбуынданған спондилоартритті ұзақ мерзімді симптоматикалық емдеуде.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық (оның ішінде басқа топтардың ҚҚСП)
бронх демікпесінің, мұрын және мұрын маңы қойнауларының қайталанатын полипозының және ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) мен басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер көтере алмаушылығының үйлесімі
алдында ҚҚСП емімен себепті байланысты анамнездегі асқазан-ішек жолынан қан кету немесе асқазан-ішек жолының тесілуі;
асқазанның және (немесе) он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршуі немесе қайталанатын ойық жара ауруы және анамнездегі қан кету
бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (егер гемодиализ жүргізілмесе)
ойық жаралы асқазан-ішектен қан кету, жақында бастан өткерген цереброваскулярлық қан кету немесе басқа да геморрагиялық аурулар, оның ішінде анамнезінде
декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі
жүктіліктің үшінші триместрі
лактация кезеңі
балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер