Состав
Бір пакеттің ішінде
белсенді зат – месалазин 1000 мг,
қосымша зат –повидон, этилцеллюлоза

Бір пакеттің ішінде
белсенді зат – месалазин 1000 мг,
қосымша зат –повидон, этилцеллюлоза
- спецификалық емес ойық жаралы колит
- Крон ауруы
- препараттың белсенді немесе қосымша компоненттеріне немесе
салицилаттарға аса жоғары сезімталдық
- қан жүйесінің аурулары - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- геморрагиялық диатез - бауыр және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- жүктілік және лактация кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балалар
Анамнезінде салицилаттарға (сульфасалазинге) аллергиясы бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану қажет. Құрысулар, абдоминальді ауыру, дене температурасының жоғарылауы, айқын бас ауыруы, бөртулер сияқты жедел симптомдар пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды дереу тоқтату қажет.
Педиатрияда қолдану
6 жастан асқан балаларға ғана тағайындалады. Дәрігер дозаны бірнеше қабылдауда тәулігіне 15-30 мг/кг бастап жеке таңдайды.
Дозалау режимі
Белсенді заттың аздаған бөлігі ғана жүйелі әсер етеді, сондықтан препараттың жоғары дозаларын қолданғанда да артық дозалану симптомдарының дамуын күтуге болмайды.
Симптомдары: жүрек айну, құсу, гастралгия, әлсіздік, ұйқышылдық.
Емі: симптоматикалық: асқазанды шаю; іш жүргізетін дәрілерді қолдану; клиникалық жағдайға байланысты қышқыл-сілтілі теңгерімді қалпына келтіру және аралас алкалоз/ацидоз кезінде электролиттердің жоғалуын алмастыру; гипергидроз, құсу кезінде сұйықтық көлемінің орнын толтыру; гипогликемия кезінде — глюкозаны енгізу. Бүйрек функциясын бақылау.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Оңтайлы әсерге жету үшін препаратты үнемі қабылдау керек.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Деректер жоқ
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін дәрігерден кеңес алу ұсынылады.
Жиі
бас ауыруы
жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея
тері бөртпесі (есекжемді, эритематозды бөртпені қоса алғанда)
метеоризм
Сирек
бас айналу
миокардит, перикардит
амилаза деңгейінің жоғарылауы
панкреатит
Өте сирек
- эозинофилия (аллергиялық реакцияның көрінісі ретінде), анемия, оның ішінде аплазиялық, лейкопения (гранулоцитопения мен нейтропенияны қоса алғанда), тромбоцитопения, агранулоцитоз, панцитопения
аллергиялық экзантеманы, анафилаксиялық реакцияны, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен дәрілік бөртпені (DRESS), көп формалы эритеманы және Стивенс-Джонсон синдромын (SJS) қоса алғанда, аса жоғары сезімталдық реакциясы
дәрі-дәрмектік қызба
панколит
шеткері невропатия
миалгия, артралгия
бауыр трансаминазасы деңгейінің жоғарылауы, холестаз белгілері, гипербилирубинемия, гепатоуыттылық белгілері (гепатитті, холестаздық гепатитті, циррозды, бауыр жеткіліксіздігін қоса)
аллергиялық альвеолиттер, өкпе фиброзы (ентігуді, жөтелді, бронх түйілуді, өкпе эозинофилиясын, өкпенің интерстициялық ауруын, өкпенің инфильтрациясын, пневмониттерді қоса)
жедел және созылмалы интерстициялық нефрит, нефроздық синдром, бүйрек жеткіліксіздігі, несеп түсінің өзгеруі, протеинурия, гематурия, олигурия, анурия, кристаллурия
- әлсіздік, қызыл жегіге ұқсас синдром
- алопеция
- көз жасы сұйықтығы өндірілуінің төмендеуі, паротит
- олигоспермия
- стоматит
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
Стивенс — Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермалық некролиз (УЭН)
Босап шығуы ұзаққа созылатын түйіршіктер пакеттерге салынады. 50, 100, 150 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе самовывоза, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay, • На кассе в аптеке с помощью Kaspi QR, карты или наличными — при оплате рецептурных товаров. При выборе доставки, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астана, Актау, Актобе, Атырау, Караганда, Кокшетау, Костанай, Кызылорда, Павлодар, Петропавловск, Рудный, Семей, Талдыкорган, Тараз, Туркестан, Уральск, Усть-Каменогорск, Шымкент, Экибастуз по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Условия доставки Choco уточняйте у поддержки.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.