Қолдану көрсеткіштері
Цефуроксим ересектерде және балаларда, соның ішінде жаңа туған нәрестелерде төменде берілген инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
ауруханадан тыс пневмония
созылмалы бронхиттің жедел өршуі
несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары, пиелонефритті қоса
жұмсақ тіндердің инфекциялары: теріасты шелмайының қабынуы (целлюлит), тілме қабыну және жара инфекциялары
құрсақішілік инфекциялар
асқазан-ішек жолына (өңешті қоса) операцияларда, ортопедиялық операцияларда, жүрекке, қантамырларға операцияларда және гинекологиялық операцияларда (кесар тілігін қоса) инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін.
Анаэробты организмдер болуы мүмкін жердегі инфекцияларды емдегенде және профилактика жүргізгенде бактерияларға қарсы тиісті қосымша дәрілермен бірге Цефуроксим енгізу керек.
Бактерияларға қарсы дәрілерді ұтымды пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру қажет.