Құрамы
- Жер жаңғағы мен сояға жоғары сезімталдық
- ВТЭ болуы немесе туындау қаупі:
- Қазіргі уақытта (антикоагулянттар қабылдау) немесе анамнезде (мысалы, терең веналар тромбозы [ТВТ] немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы [ӨАТЭ] ВТЭ болуы.
- Анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған ВТЭ бейімділігі, мысалы, белсендірілген С протеиніне төзімділік (V Лейден фaкторын қоса), антитромбин III тапшылығы, С протеин тапшылығы, S протеин тапшылығы.
- Иммобилизациясы ұзаққа созылатын ауқымды операциялық араласулар («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).
- Көптеген қауіп факторлары салдарынан болатын жоғары ВТЭ қаупі («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).
- Артериялық тромбоэмболияның (АТЭ) болуы немесе даму қаупі:
- Қазіргі уақытта немесе анамнезде АТЭ (мысалы, миокард инфарктісі) немесе соның алдындағы жай-күйлердің (мысалы, стенокардия) болуы.
- Ми қан айналымының бұзылуы - қазіргі уақытта немесе анамнезде инсульттің немесе соның алдындағы жай-күйлердің (мысалы, транзиторлы ишемиялық шабуыл - [ТИШ]) болуы.
- Анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған АТЭ бейімділігі, мысалы, гипергомоцистеинемия және фосфолипидтерге антиденелер (кардиолипинге антиденелер, жегілік антикоагулянт).
- Анамнезде ошақтық неврологиялық симптоматикасы бар бас сақинасының болуы.
- Көптеген қауіп факторлары салдарынан болатын АТЭ дамуының («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз) немесе төменде тізбеленгендерден бір күрделі қауіп факторы болуының жоғары қаупі:
- тамыр асқынуларымен болатын қант диабеті;
- ауыр артериялық гипертензия;
- ауыр дислипопротеинемия.
- Анамнезде немесе қазіргі уақытта бауыр функциясы көрсеткіштерінің қалыпқа түсуіне дейінгі бауырдың ауыр сипатты ауруының болуы.
- Бүйректің ауыр созылмалы жеткіліксіздігі немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігі.
- Анамнезде немесе қазіргі уақытта бауыр (қатерсіз немесе қатерлі) ісіктерінің болуы.
- Белгілі немесе күмән тудыратын гормонға тәуелді (мысалы, жыныс мүшелерінің немесе сүт безінің) қатерлі ісіктер;
- Этиологиясы түсініксіз қынаптан қан кетулер.
- Бірінші етеккірлік оралымына дейін (менархе).
- Жүктілік немесе оған күмән болуы, емшекпен қоректендіру кезеңі.
- Менопаузадан кейінгі кезең.
- Лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактозалық мальабсорбция.