daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Флапрокс Таблеткалары 500 Мг №10 | «Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Таразе қаласындағы Флапрокс Таблеткалары 500 Мг №10 | «Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір бетінде сызығы бар таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Ципрофлоксацин

Өндіруші:

«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Өндіруші ел:

Турецкая Республика

Белсенді ингредиент:

ципрофлоксацин және тизанидинді бір мезгілде қабылдау. жүктілік және лактация кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (муковисцидоз аясындағы бронх-өкпе ауруларын қоспағанда, сондай-ақ сібір ойық жарасының өкпедегі түрінің профилактикасы және емі, несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында 6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге). Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары Аса жоғары сезімталдық Препараттың бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін өмір үшін қауіпті болуы мүмкін анафилаксиялық және анафилактоидтық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары туындауы мүмкін. Аталған реакциялар туындаған жағдайда препарат қабылдауды тоқтату және тиісті ем тағайындалуы қажет. Фторхинолон антибиотиктерін қолдануға болмайды: - ауыр емес және антибактериалды терапиясыз емделетін инфекциялар кезінде (мысалы, ауыз-жұтқыншақ инфекциясы); - бактериялық емес инфекцияларды емдеу кезінде, мысалы, бактериялық емес (созылмалы) простатит; - саяхатшылардың диареясының немесе төменгі зәр шығару жолдарының қайталанатын инфекцияларының алдын алу (қуық сыртына таралмайтын инфекциялар); - жеңіл бактериялық инфекцияларды емдеу үшін, егер басқа антибактериалды препараттарды қолдану мүмкін болмаса. Фторхинолон антибиотиктерін, әсіресе егде жастағы адамдарға, бүйрек ауруы бар науқастарға өте сақтықпен қолдану керек; жүйелік кортикостероидтармен емделетін науқастарға; ағза трансплантациясынан кейінгі науқастарға. Мұндай пациенттерде фторхинолон және хинолон антибиотиктерімен емдеу нәтижесінде сіңірдің зақымдану қаупі жоғарылайды.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Препарат ципрофлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған бірқатар инфекцияларды емдеуге арналған. Емдеуді бастар алдында микроорганизмдердің ципрофлоксацинге төзімділігі жөніндегі қолда бар ақпаратқа аса назар аударған жөн. Антибиотиктерді тиісінше қолдану бойынша ресми нұсқауларды ескеру керек.

Ересектер:

- грамтеріс бактериялардан туындаған тыныс алу жолдарының төменгі бөліктерінің инфекциялары: өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының өршуі; муковисцидоздағы бронхөкпе аурулары немесе бронхоэктаздық аурулар; пневмония;

- созылмалы іріңді ортаңғы құлақ отиті;

- созылмалы синусит өршуі, әсіресе грамтеріс бактериялардан туындаған;

несеп шығару жолдарының инфекциялары;

жыныс мүшелерінің инфекциялары: сезімтал микроорганизмдерден Neisseria gonorrhoeae туындаған гонококкты уретрит және цервицит; эпидидимоорхит, сезімтал микроорганизмдерден Neisseria gonorrhoeae туындаған жағдайларды қоса; кіші жамбас мүшелерінің қабыну аурулары, сезімтал микроорганизмдерден Neisseria gonorrhoeae туындаған жағдайларды қоса;

- асқазан-ішек жолдарының инфекциялары (мысалы, саяхатшылар диареясы);

- интраабдоминальді инфекциялар;

- грамтеріс бактерияларынан туындаған тері және жұмсақ тіндер инфекциялары;

- қатерлі сыртқы отит;

- сүйектер мен буындардың инфекциялары;

- Neisseria meningitidis микроорганизмдерден туындаған инвазивті инфекциялардың профилактикасы;

- сібір ойық жарасының ингаляциялық түрі (аурумен жанасудан кейінгі емі және профилактикасы).

Ципрофлоксацин бактериялық инфекциядан туындауы мүмкін нейтропениясы және қызбасы бар пациенттерде емдеуде қолданылуы мүмкін.

6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер:

- Pseudomonas aeruginosa микроорганизмдерден туындаған муковисцидозы бар балалардағы бронх-өкпе ауруларында;

- несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында және пиелонефритте;

- сібір ойық жарасының ингаляциялық түрінде (жанасудан кейінгі аурудың профилактикасы және емінде).

Қажет болған жағдайда ципрофлоксацин сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердегі ауыр инфекцияларды емдеу үшін қолданылуы мүмкін.

Емді тек балалар мен жасөспірімдердегі кистозды фиброзды және/немесе ауыр инфекцияларды емдеуде тәжірибесі бар маман тағайындауы мүмкін.

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді затқа, басқа хинолондарға немесе препараттың қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;

ципрофлоксацин және тизанидинді бір мезгілде қабылдау.

жүктілік және лактация кезеңі

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (муковисцидоз аясындағы бронх-өкпе ауруларын қоспағанда, сондай-ақ сібір ойық жарасының өкпедегі түрінің профилактикасы және емі, несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында 6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге).

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Аса жоғары сезімталдық

Препараттың бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін өмір үшін қауіпті болуы мүмкін анафилаксиялық және анафилактоидтық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары туындауы мүмкін. Аталған реакциялар туындаған жағдайда препарат қабылдауды тоқтату және тиісті ем тағайындалуы қажет.

Фторхинолон антибиотиктерін қолдануға болмайды:

- ауыр емес және антибактериалды терапиясыз емделетін инфекциялар кезінде (мысалы, ауыз-жұтқыншақ инфекциясы);

- бактериялық емес инфекцияларды емдеу кезінде, мысалы, бактериялық емес (созылмалы) простатит;

- саяхатшылардың диареясының немесе төменгі зәр шығару жолдарының қайталанатын инфекцияларының алдын алу (қуық сыртына таралмайтын инфекциялар);

- жеңіл бактериялық инфекцияларды емдеу үшін, егер басқа антибактериалды препараттарды қолдану мүмкін болмаса.

Фторхинолон антибиотиктерін, әсіресе егде жастағы адамдарға, бүйрек ауруы бар науқастарға өте сақтықпен қолдану керек; жүйелік кортикостероидтармен емделетін науқастарға; ағза трансплантациясынан кейінгі науқастарға. Мұндай пациенттерде фторхинолон және хинолон антибиотиктерімен емдеу нәтижесінде сіңірдің зақымдану қаупі жоғарылайды.

Өзара әрекеттесуі

Препараттардың ципрофлоксацинге әсері

QT аралығын ұзартатын дәрілік заттар

Ципрофлоксацин, басқа фторхинолондар сияқты, QT аралығын ұзартатын препараттарды (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класс препараттары, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, психозға қарсы дәрілер) қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Хелатты кешендердің түзілуі

Ципрофлоксацинді (ішке) және құрамында мультивалентті катиондар және минералды қоспалары (мысалы, кальций, магний, алюминий, темір) бар препараттарды, фосфаттарды байланыстыратын (мысалы, севеламер карбонаты немесе лантан карбонаты) полимерлі препараттарды, сукральфатты немесе антацидтерді, сондай-ақ құрамында магний, алюминий немесе кальций бар буферлік сыйымдылығы үлкен препараттарды (мысалы, диданозин таблеткалары) бір мезгілде қабылдау ципрофлоксациннің сіңуін төмендетуі мүмкін. Сондықтан ципрофлоксацинді осы препараттарды қабылдаудан 1-2 сағат бұрын уақытқа, немесе осы препараттарды қабылдағаннан кейін ең кемі 4 сағаттан соң қабылдауға тағайындау керек.

Бұл шектеу Н2-рецепторлар блокаторларының класына жататын антацидтерге қатысты емес.

Тамақ және сүт өнімдерін қабылдау

Тамақ өнімдері құрамындағы кальций препараттың сіңуіне елеулі әсер етпейді. Дегенмен, сүт өнімдерін немесе минералдармен байытылған сусындарды (мысалы, сүт, йогурт, кальциймен байытылған апельсин шырыны) және ципрофлоксацинді бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн, өйткені мұндайда соңғысының сіңуі азаюы мүмкін.

Пробенецид

Пробенецид ципрофлоксациннің бүйректік секрециясына ықпал етеді. Бір мезгілде пробенецид пен ципрофлоксацин қолдану сарысуда ципрофлоксацин концентрациясының жоғарылауына алып келеді.

Метоклопрамид

Метоклопрамид ципрофлоксациннің (пероральді қолданылатын) сіңуін тездетеді, нәтижесінде плазмадағы ең жоғары концентрацияға ең аз уақыт ішінде жетеді. Ципрофлоксацин биожетімділігі өзгермейді.

Омепразол

Ципрофлоксацин мен омепразолды бір мезгілде қолдану ципрофлоксациннің

Cmax және AUC елеусіз азайтады.

Ципрофлоксациннің басқа дәрілік заттарға әсері

Тизанидин

Тизанидинді ципрофлоксацинмен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Метотрексат

Ципрофлоксацин бір мезгілде қолданылғанда метотрексаттың бүйректік тубулярлы тасымалдануы баяулауы мүмкін, бұл қан плазмасында метотрексат деңгейінің жоғарылауына және метотрексатпен байланысты уыттану реакцияларының даму қаупінің артуына алып келуі мүмкін. Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Теофиллин

Ципрофлоксацин мен теофиллинді бірге қолдану қан сарысуында теофиллин концентрациясының қолайсыз жоғарылауына әкелуі мүмкін, осыған орай, сирек жағдайларда өмірге қатер төндіруі немесе өліммен аяқталуы мүмкін жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін. Атап көрсетілген біріктірілімді қолдану кезінде теофиллиннің қан сарысуындағы концентрациясын бақылап және қажет болса, оның дозасын азайту қажет.

Басқа ксантин туындылары

Ципрофлоксацин мен кофеин немесе пентоксифиллинді (окспентифиллин) бір мезгілде қолданғанда көрсетілген ксантин туындыларының сарысулық концентрацияларының жоғарылауы туралы хабарланған.

Фенитоин

Бір мезгілде ципрофлоксацин мен фенитоин қолдану фенитоиннің сарысулық деңгейінің жоғарылауына немесе төмендеуіне әкелуі мүмкін, сондықтан препарат деңгейіне бақылау жүргізу талап етіледі.

Циклоспорин

Ципрофлоксацин мен құрамында циклоспорин бар дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданғанда қан сарысуында креатинин концентрациясының өтпелі жоғарылауы байқалды. Сондықтан осы пациенттерде қан сарысуында креатинин концентрациясын жиі (аптасына екі рет) бақылау қажет.

К дәрумені антагонистері

Ципрофлоксацинді К дәрумені антагонистерімен бір мезгілде қолданғанда антикоагулянтты әсерінің күшеюі бақылануы мүмкін. Бұл қауіп негізгі ауру түріне, пациенттің жасына және жалпы жай-күйіне қарай өзгеруі мүмкін, сондықтан ципрофлоксациннің ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) мәнінің артуына әсерінің үлесін бағалау қиын. Ципрофлоксацин мен К дәрумені антагонистерін (мысалы, варфарин, аценокумарол, фенпрокумон немесе флуиндион) бір мезгілде қолдану кезінде және одан кейін бірден жиі ХҚҚ бақылауы керек.

Дулоксетин

Дулоксетинді флувоксамин сияқты CYP450 1А2 изоферменттерінің күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану дулоксетин AUC және Сmах артуына алып келуі мүмкіндігін көрсетті. Ципрофлоксацинмен болуы мүмкін өзара әрекеттесуі туралы клиникалық деректер болмаса да, бірге қолдануда осыған ұқсас әсерлерін күтуге болады.

Ропинирол

Ропинирол мен ципрофлоксацинді (CYP450 1А2 изоферментінің орташа тежегішін) бір мезгілде қолдану ропинирол Сmах және AUC, тиісінше, 60% және 84% артуына алып келеді. Ципрофлоксацин емі кезінде және одан кейін ропинирол дозасын түзету және бақылау ұсынылады.

Лидокаин

Құрамында лидокаин бар дәрілік препараттар мен ципрофлоксацинді (CYP450 1А2 изоферменттерінің орташа тежегішін) бір мезгілде қолдану вена ішіне енгізілген лидокаин клиренсін 22% азайтатынын көрсетті. Лидокаинмен емдеу жағымдылығының қалыпты екеніне қарамастан, бір мезгілде қолданғанда жағымсыз әсерлері туындауы мүмкін.

Клозапин

250 мг ципрофлоксацин мен клозапинді 7 күн бойы бірге қолданудан кейін клозапин мен N-дезметилклозапин концентрациясының, тиісінше, 29% және 31% жоғарылауы бақыланды. Ципрофлоксацинмен ем кезінде және емнен кейін дереу пациенттің жай-күйін қадағалап және қажет болған жағдайда клозапин дозасын түзету керек.

Силденафил

Ципрофлоксацин мен силденафилді бір мезгілде тағайындағанда қаупі мен күтілетін пайдасын ескеріп, сақ болу керек.

Агомелатин

Флувоксамин, (CYP450 1А2 изоферментінің қуатты тежегіші) агомелатин метаболизмін елеулі тежейді, бұл агомелатин әсерінің 60 есе артуына алып келеді. Ципрофлоксацинмен (CYP450 1А2 орташа тежегіші) болуы мүмкін өзара әрекеттесуінің клиникалық деректері болмауына қарамастан, бір мезгілде қолданғанда осыған ұқсас әсерлер дамуын күтуге болады.

Золпидем

Ципрофлоксацин мен золпидемді бірге қолдану ұсынылмайды. Өйткені бірге қолданғанда қанда золпидем деңгейі артқаны бақылануы мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ципрофлоксацин дозасы инфекцияның түріне, орналасқан жеріне және аурудың ауырлығының дәрежесіне, қоздырғыштардың ципрофлоксацинге сезімталдығына, пациенттің бүйрек функциясына, ал сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерде дене салмағына сәйкес белгіленеді.

Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлық дәрежесіне, клиникалық және бактериологиялық зерттеулердің нәтижелеріне байланысты.

Белгілі бір (мысалы, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter  немесе  Staphylococci) микроорганизмдер туғызған инфекцияларды емдеу үшін ципрофлоксациннің жоғарырақ дозаларын қолдану, сондай-ақ бактерияға қарсы басқа қажетті дәрілерді бір мезгілде тағайындауды талап етуі мүмкін. Кейбір инфекцияларды (мысалы, кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларын, интраабдоминальді инфекцияларды, нейтропениясы бар пациенттердегі инфекцияларды және сүйек пен буын инфекцияларын) емдеуде қоздырғышқа байланысты тиісінше ем басқа бактерияларға қарсы дәрілермен тағайындалуы мүмкін.

Ересектер

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25ᴼС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыФлапрокс таблеткалары 500 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube