Қолдану көрсеткіштері
Препарат ципрофлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған бірқатар инфекцияларды емдеуге арналған. Емдеуді бастар алдында микроорганизмдердің ципрофлоксацинге төзімділігі жөніндегі қолда бар ақпаратқа аса назар аударған жөн. Антибиотиктерді тиісінше қолдану бойынша ресми нұсқауларды ескеру керек.
Ересектер:
- грамтеріс бактериялардан туындаған тыныс алу жолдарының төменгі бөліктерінің инфекциялары: өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының өршуі; муковисцидоздағы бронхөкпе аурулары немесе бронхоэктаздық аурулар; пневмония;
- созылмалы іріңді ортаңғы құлақ отиті;
- созылмалы синусит өршуі, әсіресе грамтеріс бактериялардан туындаған;
несеп шығару жолдарының инфекциялары;
жыныс мүшелерінің инфекциялары: сезімтал микроорганизмдерден Neisseria gonorrhoeae туындаған гонококкты уретрит және цервицит; эпидидимоорхит, сезімтал микроорганизмдерден Neisseria gonorrhoeae туындаған жағдайларды қоса; кіші жамбас мүшелерінің қабыну аурулары, сезімтал микроорганизмдерден Neisseria gonorrhoeae туындаған жағдайларды қоса;
- асқазан-ішек жолдарының инфекциялары (мысалы, саяхатшылар диареясы);
- интраабдоминальді инфекциялар;
- грамтеріс бактерияларынан туындаған тері және жұмсақ тіндер инфекциялары;
- қатерлі сыртқы отит;
- сүйектер мен буындардың инфекциялары;
- Neisseria meningitidis микроорганизмдерден туындаған инвазивті инфекциялардың профилактикасы;
- сібір ойық жарасының ингаляциялық түрі (аурумен жанасудан кейінгі емі және профилактикасы).
Ципрофлоксацин бактериялық инфекциядан туындауы мүмкін нейтропениясы және қызбасы бар пациенттерде емдеуде қолданылуы мүмкін.
6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер:
- Pseudomonas aeruginosa микроорганизмдерден туындаған муковисцидозы бар балалардағы бронх-өкпе ауруларында;
- несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында және пиелонефритте;
- сібір ойық жарасының ингаляциялық түрінде (жанасудан кейінгі аурудың профилактикасы және емінде).
Қажет болған жағдайда ципрофлоксацин сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердегі ауыр инфекцияларды емдеу үшін қолданылуы мүмкін.
Емді тек балалар мен жасөспірімдердегі кистозды фиброзды және/немесе ауыр инфекцияларды емдеуде тәжірибесі бар маман тағайындауы мүмкін.