daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Лемоксол Құты 1 Г №1 | Демо SA

Таразе қаласындағы Лемоксол Құты 1 Г №1 | Демо SA

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ немесе ақ дерлік кристалды ұнтақ.

Халықаралық атауы:

Цефтазидим

Өндіруші:

Демо SA

Өндіруші ел:

Греческая Республика

Белсенді ингредиент:

(1000 мг және 2000 мг цефтазидимге баламалы), қосымша зат-натрий карбонаты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік кристалды ұнтақ.

Белсенді заттың дозасы:

1 г

Дәрілік түрі:

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1 г және 2 г

Қаптамадағы саны:

1 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Лемоксол ересектер мен балаларда, соның ішінде жаңа туған нәрестелерде келесі инфекцияларды емдеу үшін тағайындалады:

- ауыр инфекциялар (септицемия, бактериемия, перитонит, менингит, иммунитеті төмен пациенттердегі инфекциялар, инфекция жұққан күйіктер)

- муковисцидозы бар пациенттердегі инфекцияларды қоса, тыныс алу жолдарының инфекциялары

- ЛОР-ағзалар инфекциялары

- несеп шығару жолдарының инфекциялары

- тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары

- асқазан-ішек жолдарының, өт шығару жолдарының инфекциялары және абдоминальді (құрсақ) инфекциялары

- сүйектер мен буындардың инфекциялары

- диализ жүргізумен байланысты инфекциялар

- гинекологиялық инфекциялар (эндометрит және әйел жыныс мүшелерінің басқа инфекциялары)

- клиникалық сынақтар кезінде штаммдардың бірінші және екінші буын цефалоспориндеріне төзімділігі расталған жағдайда операция алдындағы профилактика.

Жоғарыда аталған инфекциялардың кез-келгені нәтижесінде пациенттерде пайда болатын бактериемияны емдеу.

Лемоксолды бактериялық инфекция нәтижесінде пайда болатын нейтропения мен қызбасы бар пациенттерді емдеу үшін қолдануға болады.

Лемоксолды қуықасты безіне жасалған операциялар (трансуретральді резекция) кезіндегі инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін қолдануға болады.

Цефтазидимді тағайындау кезінде негізінен грамтеріс аэробтарға қарсы бағытталған оның бактерияға қарсы ауқымын ескеру керек.

Лемоксолды басқа бактерияға қарсы дәрілермен біріктіру керек, егер болжамды бактериялар оның әсер ету ауқымына енбесе.

Препаратты тағайындар алдында инфекцияны туындататын патогенді микроорганизмдерді анықтау бойынша бірқатар емшараларды және кейіннен цефтазидимге сезімталдықты бақылауды жүргізу қажет. Кейбір жағдайларда Лемоксолмен инфекцияларды емдеу сезімталдыққа бақылау жүргізер алдында басталуы мүмкін, мұндай жағдайда емдеу нәтижелері стандарт бойынша бағаланады. Лемоксол диагноз қойылған септицемия жағдайында монотерапия түрінде тағайындалуы мүмкін. Иммунтапшылық жай-күйі бар пациенттерде инфекциялар сияқты ауыр инфекцияларды емдеу кезінде цефтазидим аминогликозидтер, ванкомицин, клиндамицин сияқты басқа антибиотиктермен біріктіріп тағайындалуы мүмкін. Мұндай біріктірілген емді тағайындау қажет болған жағдайда басқа антибиотиктерді қолдану жөніндегі нұсқауларды қатаң сақтау қажет.

Бактерияға қарсы дәрілерді ұтымды пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды назарға алған жөн.

Қарсы көрсеткіштер

- цефтазидимге, кез келген басқа цефалоспориндерге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

- анамнезде басқа бета-лактамды антибиотиктерге (пенициллиндер, монобактамалар және карбапенемдер) ауыр аса жоғары сезімталдықтың болуы (мысалы: анафилаксиялық реакция).

Бүйрек жеткіліксіздігінде, асқазан-ішек жолдарының ауруларында (оның ішінде анамнезінде колит кезінде), жүктілікте, лактация кезеңінде және жаңа туған нәрестелерде, ілмекті диуретиктермен және аминогликозидтермен біріктірген кезде сақтықпен қолдану керек.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Препаратты тағайындар алдында пациентте анамнезінде цефтазидимге, цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе басқа препараттарға аса жоғары сезімталдық реакцияларының бар-жоғын анықтау керек.

Препаратты пенициллиндерге және бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдығы белгілі пациенттерде қолданғанда ерекше сақ болу керек.

Лемоксолға аллергиялық реакция дамыған кезде препаратты дереу тоқтату керек, ауыр жағдайларда адреналин, гидрокортизон, антигистаминді препараттарды қолдану және басқа да шұғыл шараларды жүргізу қажет болуы мүмкін.

Бактерияға қарсы белсенділік ауқымы

Цефтазидим бактерияға қарсы белсенділіктің ауқымы шектеулі және монотерапия түрінде инфекциялардың кейбір түрлерін емдеуге жарамайды, егер қоздырғыш құжатталған, сезімтал болса, осы қоздырғышпен цефтазидим жақсы таңдау болады. Бұл әсіресе бактериемия, бактериялық менингит, тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары, сүйектер мен буындардың инфекциялары пациенттерді емдеу кезінде өте маңызды. Сонымен қатар, цефтазидим ауқымы кең кейбір бета-лактамазалардың гидролизіне сезімтал, бұл ақпаратты цефтазидимді таңдау кезінде ескеру керек.

Жалғанжарғақшалы колит

Әсер ету ауқымы кең антибиотиктерді пайдалану кезінде жалғанжарғақшалы колиттің дамуы жиі байқалады (іштің ауырсыну ұстамаларымен сипатталатын ішектің шаншуы және нәжіспен шырыштың үлкен мөлшерінің бөлінуі). Мұны, әсіресе, осы препаратпен емдеу кезінде диареяға шалдыққан пациенттер үшін ескеру қажет.

Бүйрек бұзылуы

Лемоксолды аминогликозидтер және диуретиктер (фуросемид) сияқты нефроуытты препараттармен жоғары дозада бір мезгілде қабылдағанда бүйрек функциясын бақылау қажет. Алайда емдік дозалардағы Лемоксолдың бүйрек функциясын бұзатыны туралы деректер жоқ.

Лемоксол бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде оның дозасын бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне сәйкес төмендету керек.

Көбінесе, әсіресе тиісті дозалау режимі сақталмаған жағдайларда, конвульсия, тремор, миоклония, энцефалопатия және кома сияқты неврологиялық реакциялар (препарат дозасын талапқа сай төмендету болмаған кезде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде) пайда болуы мүмкін.

Цефалоспориндердің әсері протромбиннің тежелуімен байланысты болуы мүмкін. Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер, жеткіліксіз тамақтанатын пациенттер немесе антибиотиктердің жоғары дозаларын алатын пациенттер осындай қауіпке аса бейім болып табылады. Мұндай пациенттерге К дәруменін қатар тағайындау және протромбиндік деңгейді мезгіл-мезгіл бақылау қажет.

Сезімтал емес микроорганизмдердің өсуін арттыру

Әсер ету ауқымы кең антибиотиктерді, оның ішінде Лемоксолды ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің (мысалы, Candida, Enterococci) өсуіне әкелуі мүмкін, бұл ретте емдеуді тоқтату немесе тиісті ем жүргізу қажет болуы мүмкін. Емдеу кезінде пациенттің жағдайын үнемі бағалау қажет.

Кейбір бастапқы сезімтал Enterobacter және Serratia штаммдарының Лемаксолмен емдегенде резистенттілік дамуы мүмкін, сондықтан осы микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдегенде антибиотиктерге сезімталдыққа мезгіл-мезгіл зерттеу жүргізу керек.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері

Цефтазидим энзим тестілерінің көмегімен несептегі глюкозаны анықтау бойынша тест нәтижелеріне әсер етпейді, бірақ мысты қалпына келтіру әдістеріне (Бенедикт, Фехлинг, Клинитест әдістері) болмашы әсер етуі мүмкін.

Цефтазидим креатининді сілтілі-пикратты әдісімен сандық анықтауға әсер етпейді.

Пациенттердің шамамен 5% - ында цефтазидим қолданумен байланысты Кумбс жалған оң реакциясының дамуы қанның үйлесімділік сынамасына әсер етуі мүмкін.

Натрий

Натрий мөлшері шектеулі диетаны ұстанатын пациенттер Лемоксол препаратының құрамында натрийдің болуын ескеруі керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Лемоксол вена ішіне енгізуге арналған көптеген ерітінділермен үйлесімді. Алайда, натрий бикарбонаты ерітіндісінде аз тұрақты, сондықтан оны еріткіш ретінде пайдалану ұсынылмайды.

Лемоксол аминогликозидтермен, гепаринмен, ванкомицинмен, хлорамфениколмен үйлесімді емес. Хлорамфеникол цефтазидим мен басқа цефалоспориндердің антагонисі ретінде әсер етеді. Бұл фактінің клиникалық маңызы белгісіз, бірақ бәсекеге қабілетті мақсат қажет болған жағдайда антагонизм мүмкіндігін ескеру қажет.

Лемоксол ерітіндісіне ванкомицин қосылған кезде тұнба байқалады, сондықтан осы екі препаратты енгізу арасындағы инфузиялық жүйені шаю ұсынылады.

Цефтазидимнің және нефроуытты препараттардың жоғары дозаларын бір мезгілде енгізу бүйрек функциясына жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Ілмектік диуретиктер, аминогликозидтер, ванкомицин, клиндамицин клиренсті төмендетеді, соның нәтижесінде нефроуытты әсер ету қаупі артады. Бактериостатикалық антибиотиктер (соның ішінде хлорамфеникол) бета-лактамды антибиотиктердің әсерін төмендетеді.

Лемоксол ішек флорасына әсер етуі мүмкін, бұл эстрогендердің реабсорбциясының төмендеуіне әкеледі, осылайша біріктірілген оральді контрацептивтердің тиімділігін төмендетеді.

Цефтазидим энзим тестілерінің көмегімен несептегі глюкозаны анықтау бойынша тест нәтижелеріне әсер етпейді, бірақ мысты қалпына келтіру әдістеріне (Бенедикт, Фехлинг, Клинитест әдістері) болмашы әсер етуі мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік

Эмбриоуытты немесе тератогенді әсерін растайтын деректер жоқ. Жүктілік кезінде Лемоксолмен емдеу, егер жүкті әйелдің пайдасы шарана қаупінен асып кетсе және жүктіліктің алғашқы айларында әйелдерге өте сақтықпен тағайындау керек болса ғана көрсетіледі.

Бала емізу

Лемоксол аз мөлшерде емшек сүтіне енеді, сондықтан препаратты тағайындаған кезде емізетін аналарға бала емізуді тоқтату керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Лемоксол бас айналуды туындатуы мүмкін болғандықтан, пациенттерге көлік құралын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары туралы ескерту қажет.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Шығарылу түрі

1 г немесе 2 г препараттан резеңке тығындармен тығыздап тығындалған, алюминий қалпақшалармен және «flip-off» пластик қақпақтармен қаусырылған (III класс) шыны құтыларға салынады. Әрбір құтыға өзі желімделетін заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дайындалған ерітіндіні тоңазытқышта 7 күннен (2 - 8 °С) немесе бөлме температурасында 24 сағаттан (25 °С-ден аспайтын) асырмай сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладылемоксол құты 1 г №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.14/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
7 бағалау
1
star
0
2
star
1
3
star
1
4
star
1
5
star
4
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
2 Мая 2024
Комментарий: Спасибо продавцу и сотрудникам, осуществившим доставку. Получила лекарство за 30 минут после оплаты. Я звонила фармацевту, очень вежливая девушка, и доставщик тоже вежливый—приятно! Благодарю.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
27 Ноября 2023
Комментарий: Помог, не болючий как многие антибиотики и побочек тоже не было.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Сентября 2023
Комментарий: Реально помогает.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
10 Августа 2023
Комментарий: Очень хороший препарат, у нас был диагноз двусторонняя пневмония, и нам всего 5 месяцев.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
empty star
13 Февраля 2023
Недостатки: Идёт без лидокаина, что весьма неудобно.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
30 Декабря 2022
Достоинства: Цена просто отличная.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
5 Ноября 2022
Комментарий: За оперативность большое спасибо.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube