Қолдану көрсеткіштері
Лемоксол ересектер мен балаларда, соның ішінде жаңа туған нәрестелерде келесі инфекцияларды емдеу үшін тағайындалады:
- ауыр инфекциялар (септицемия, бактериемия, перитонит, менингит, иммунитеті төмен пациенттердегі инфекциялар, инфекция жұққан күйіктер)
- муковисцидозы бар пациенттердегі инфекцияларды қоса, тыныс алу жолдарының инфекциялары
- ЛОР-ағзалар инфекциялары
- несеп шығару жолдарының инфекциялары
- тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары
- асқазан-ішек жолдарының, өт шығару жолдарының инфекциялары және абдоминальді (құрсақ) инфекциялары
- сүйектер мен буындардың инфекциялары
- диализ жүргізумен байланысты инфекциялар
- гинекологиялық инфекциялар (эндометрит және әйел жыныс мүшелерінің басқа инфекциялары)
- клиникалық сынақтар кезінде штаммдардың бірінші және екінші буын цефалоспориндеріне төзімділігі расталған жағдайда операция алдындағы профилактика.
Жоғарыда аталған инфекциялардың кез-келгені нәтижесінде пациенттерде пайда болатын бактериемияны емдеу.
Лемоксолды бактериялық инфекция нәтижесінде пайда болатын нейтропения мен қызбасы бар пациенттерді емдеу үшін қолдануға болады.
Лемоксолды қуықасты безіне жасалған операциялар (трансуретральді резекция) кезіндегі инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін қолдануға болады.
Цефтазидимді тағайындау кезінде негізінен грамтеріс аэробтарға қарсы бағытталған оның бактерияға қарсы ауқымын ескеру керек.
Лемоксолды басқа бактерияға қарсы дәрілермен біріктіру керек, егер болжамды бактериялар оның әсер ету ауқымына енбесе.
Препаратты тағайындар алдында инфекцияны туындататын патогенді микроорганизмдерді анықтау бойынша бірқатар емшараларды және кейіннен цефтазидимге сезімталдықты бақылауды жүргізу қажет. Кейбір жағдайларда Лемоксолмен инфекцияларды емдеу сезімталдыққа бақылау жүргізер алдында басталуы мүмкін, мұндай жағдайда емдеу нәтижелері стандарт бойынша бағаланады. Лемоксол диагноз қойылған септицемия жағдайында монотерапия түрінде тағайындалуы мүмкін. Иммунтапшылық жай-күйі бар пациенттерде инфекциялар сияқты ауыр инфекцияларды емдеу кезінде цефтазидим аминогликозидтер, ванкомицин, клиндамицин сияқты басқа антибиотиктермен біріктіріп тағайындалуы мүмкін. Мұндай біріктірілген емді тағайындау қажет болған жағдайда басқа антибиотиктерді қолдану жөніндегі нұсқауларды қатаң сақтау қажет.
Бактерияға қарсы дәрілерді ұтымды пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды назарға алған жөн.