Қолдану көрсеткіштері
Азитромицинге сезімтал микроорганизмдер тудыратын келесі инфекциялық ауруларды емдеу үшін:
- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, соның ішінде фарингит / тонзиллит, синусит, ортаңғы отит
- төменгі тыныс жолдарының инфекциялары, соның ішінде созылмалы бронхиттің жедел өршуі, ауруханадан тыс пневмония
- одонтогенді инфекциялар
- тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары
- Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae тудыратын асқынбаған жыныс инфекциялары.
Препаратты тағайындау кезінде бактерияға қарсы препараттарды дұрыс қолданудың ресми ережелерін ескеру қажет