Қолдану көрсеткіштері
артериялық гипертензия
тұрақты стенокардияда және вазоспазмдық стенокардияда (Принцметал стенокардиясы)
артериялық гипертензия
тұрақты стенокардияда және вазоспазмдық стенокардияда (Принцметал стенокардиясы)
- дигидропиридин туындыларына, амлодипинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- ауыр артериялық гипотензия (САД 90 мм с.б. аз)
- жүректің сол жақ қарыншасының шығару жолының обструкциясы (мысалы, ауырлығы жоғары дәрежедегі қолқа стенозы)
- шок (кардиогендік шокты қоса)
- миокард инфарктісінен кейінгі жүрек функциясының гемодинамикалық тұрақсыз жеткіліксіздігі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)
Басқа дәрілік препараттардың амлодипинге әсері
CYP3A4 тежегіштері
Амлодипинді күшті немесе орташа CYP3A4 тежегіштерімен (протеаза тежегіштері, азольді зеңге қарсы препараттар, эритромицин немесе кларитромицин сияқты макролидтер, сондай-ақ верапамил немесе дилтиазем) бір мезгілде қолдану амлодипиннің әсер ету деңгейінің айтарлықтай жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл артериялық гипотензия қаупінің жоғарылауына әкеледі. Егде жастағы пациенттерде фармакокинетикадағы бұл өзгерістер айқын клиникалық маңызға ие. Осыған байланысты клиникалық жағдайдың мониторингі және дозаны түзету қажет болуы мүмкін.
CYP3A4 индукторлары
Амлодипинді белгілі CYP3A4 индукторларымен бір мезгілде қолданғанда амлодипиннің плазмалық концентрациясы өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты біріктірілген терапия кезінде де, әсіресе күшті CYP3A4 индукторларымен (мысалы, рифапмицин, шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) препараттарымен) және одан кейін де артериялық қысымды және препараттың дозалануын бақылау керек.
Грейпфрут немесе грейпфрут шырыны
Амлодипинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен қолдану ұсынылмайды, өйткені амлодипиннің биожетімділігінің жоғарылауы мүмкін, бұл кейбір пациенттерде оның гипотензивті әсерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Дантролен (инфузия)
Жануарларда верапамилді және дантроленді вена ішіне енгізгеннен кейін гиперкалиемиямен бірге өлімге әкелетін қарыншалық фибрилляция және жүрек-қан тамырлары коллапсы байқалады. Гиперкалиемия қаупіне байланысты қатерлі гипертермияға бейім және қатерлі гипертермиямен емделетін пациенттерде амлодипин сияқты кальций өзекшелерінің блокаторларын бір мезгілде қолданудан аулақ болу ұсынылады.
Амлодипиннің басқа дәрілік препараттарға әсері
Амлодипиннің гипотензивті әсерлері гипертензияға қарсы қасиеттері бар басқа препараттардың гипотензивті әсерлерімен күшейеді.
Такролимус
Амлодипинмен бір мезгілде қолданғанда қандағы такролимус концентрациясының жоғарылау қаупі бар, дегенмен бұл өзара әсердің фармакокинетикалық механизмдері жеткілікті зерттелмеген. Такролимустың уытты әсерін болдырмау үшін такролимус қабылдайтын пациенттерге амлодипинді тағайындау қандағы такролимус деңгейін бақылауды және қажет болған жағдайда такролимус дозасын түзетуді талап етеді.
Рапамициннің механистік нысанасының тежегіштері (mTOR)
Сиролимус, темсиролимус және эверолимус сияқты mTOR тежегіштері CYP3A субстраттары болып табылады. Амлодипин CYP3A әлсіз тежегіші болып табылады. mTOR тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда амлодипин mTOR тежегіштерінің әсерін күшейтуі мүмкін.
Циклоспорин
Циклоспорин мен амлодипиннің дені сау адамдарда немесе басқа популяцияларда өзара әрекеттесуі туралы зерттеулер циклоспориннің ең аз концентрациясының өзгермелі жоғарылауы байқалған бүйрек трансплантациясынан өткен пациенттерді қоспағанда жүргізілмеген (орта есеппен 0-ден 40% - ға дейін). Бүйрек трансплантациясынан өткен және амлодипин қабылдаған пациенттерде циклоспорин концентрациясының мониторингін жасау және қажет болған жағдайда циклоспорин дозасын төмендету ұсынылады.
Симвастатин
Амлодипинді 10 мг дозада және симвастатинді 80 мг дозада бір мезгілде бірнеше рет қабылдау симвастатин монотерапиясымен салыстырғанда симвастатиннің әсер ету деңгейінің 77%-ға өсуіне әкелді. Сондықтан амлодипин қабылдаған пациенттерде симвастатин дозасы тәулігіне 20 мг-ға дейін шектелуі керек.
Аторвастатин, дигоксин немесе варфарин
Амлодипин аторвастатин, дигоксин немесе варфариннің фармакокинетикасына әсер еткен жоқ.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі пациенттерге қолдануға болмайды, өйткені пациенттердің осы санаты үшін тиімділік пен қауіпсіздік белгіленбеген.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдерде амлодипинді қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Егер сіз жүкті болуыңыз мүмкін деп ойласаңыз немесе жүкті болуды жоспарласаңыз, Амлодипин препаратын бастамас бұрын дәрігерге айту керек.
Амлодипиннің емшек сүтіне аз мөлшерде енетіні анықталды. Егер сіз бала емізетін болсаңыз немесе емізуді бастағыңыз келсе, Амлодипин препаратын бастамас бұрын дәрігерге хабарлауыңыз керек.
Кез-келген дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз.
Фертильділік
Кальций өзекшелерінің блокаторларымен емделген кейбір пациенттерде сперматозоидтардың бастарында қайтымды биохимиялық өзгерістер болды. Амлодипиннің репродуктивті функцияға ықтимал әсері туралы клиникалық дәлелдер жеткіліксіз. Егеуқұйрықтарға бір зерттеуде аталықтардың репродуктивті функциясына қатысты жағымсыз әсерлер анықталды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Амлодипин көлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін. Егер сізде таблеткадан жүрек айну, бас айналу немесе шаршау сезінсеңіз немесе бас ауыруы пайда болса, көлік жүргізбеңіз немесе механизмдермен жұмыс жасамаңыз және дереу дәрігерге қаралыңыз.
Дозалау режимі
Артериялық гипертензия мен стенокардия кезінде ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Клиникалық жауапқа байланысты дозаны тәулігіне 10 мг дейін арттыруға болады.
Емдеу курсын емдеуші дәрігер белгілейді.
Тиазидті диуретиктерді, β-блокаторларды және ангиотензин өзгертетін фермент тежегіштерін (АӨФ) бір мезгілде қолданғанда дозаны түзету талап етілмейді.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы адамдарға, дене салмағы аз адамдарға және бауыр функциясы бұзылған пациенттерге 2,5 мг дозаны тағайындауға болады. Дәл осындай дозаны амлодипиннің басқа гипертензияға қарсы дәрілермен біріктірілімі кезінде тағайындауға болады.
Препараттың дозасын пациенттің жеке қажеттіліктерін ескере отырып таңдау керек.
Әдетте дозаны таңдау (титрлеу) 7-ден 14 күнге дейін жүргізіледі, бұл дәрігерге пациенттің әрбір дозаға жауабын бағалауға мүмкіндік береді. Клиникалық қажеттілік туындаған кезде, егер пациенттің жағдайын жиі бағалау мүмкін болса, титрлеуді тездетуге болады.
Тұрақты және вазоспазмдық стенокардияда ұсынылатын доза 5-10 мг құрайды, төмен доза егде жастағы және бауыр функциясы бұзылған пациенттерге ұсынылады. Талапқа сай әсер алу үшін пациенттердің көпшілігіне 10 мг доза қажет.
Коронарлық артерия аурулары бар пациенттер үшін ұсынылатын дозалық аралық күніне 5-10 мг құрайды. Клиникалық зерттеулерде пациенттердің көпшілігіне күніне 10 мг доза қажет болды.
Балаларда қолдану. Амлодипиннің балаларда қолдану кезіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Енгізу әдісі мен жолы
Амлодипин тәулігіне бір рет ішке қабылданады. Препаратты тәуліктің бір уақытында, оны сумен ішіп қабылдау керек. Амлодипинді грейпфрут шырынымен қабылдауға болмайды.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: рефлекторлық тахикардияның және шамадан тыс шеткері вазодилатацияның ықтимал дамуымен артериялық қысымның айқын төмендеуі (айқын және тұрақты артериялық гипотензияның пайда болу ықтималдығы бар, оның ішінде осындай жағдайлар туралы хабарламалардың болмауына қарамастан шок пен өлімнің дамуы бар). Кешіктірілген басталуымен (қабылдағаннан кейін 24-48 сағаттан кейін) көрінуі мүмкін және өкпенің жасанды желдетуін мұқтаж ететін амлодипиннің артық дозалану салдарынан өкпенің кардиогенді емес ісінудің дамуы туралы сирек хабарланды. Өкпенің кардиогенді емес ісінуінің дамуына ықпал ететін факторлар перфузия мен жүрек шығарылымын қолдау үшін ерте реанимациялық шаралар (сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуін қоса) болуы мүмкін.
Емі: амлодипиннің артық дозалануы салдарынан клиникалық маңызды артериялық гипотензия жүрек-қантамыр функциясын белсенді қолдауды қажет етеді, оның ішінде жүрек және тыныс алу функцияларын тұрақты мониторингтеу, аяқ-қолдардың көтерілуі, айналымдағы сұйықтық пен шығарылатын несептің көлемін мониторингтеу. Егер қолданылуына қарсы көрсетілімдер болмаса, тамыр тонусы мен артериялық қысымның қалпына келуіне вазоконстриктор ықпал етуі мүмкін. Кальций глюконатын вена ішіне енгізу кальций өзекшелерінің блокадасының әсерін азайтуға ықпал етуі мүмкін.
Кейбір жағдайларда асқазанды зонд арқылы шаю орынды болуы мүмкін. Дені сау адамдарда амлодипинді 10 мг дозада қабылдағаннан кейін 2 сағатқа дейін белсендірілген көмірді қолдану амлодипиннің сіңу жылдамдығын төмендететіні көрсетілген.
Амлодипиннің қан ақуыздарымен байланысуының жоғары деңгейіне байланысты диализдің тиімділігі екіталай.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден немесе дәрілік заттарды қаптауға арналған пластификацияланбаған ПВХ үлбірден және алюминий фольга негізіндегі икемді қаптамадан немесе лакталған баспаланған алюминий фольгадан, немесе біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
3 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.