daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Анаприлин Таблеткалары 40 Мг №50 | ПАО Биосинтез

Уральске қаласындағы Анаприлин Таблеткалары 40 Мг №50 | ПАО Биосинтез
Сипаттама:

Домалақ жалпақ цилиндрлі ойығы бар ақ түсті таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Пропранолол

Өндіруші:

ПАО Биосинтез

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сахароза (ақ қант), кальций стеараты моногидраты, картоп крахмалы, желатин, лактоза моногидраты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Домалақ жалпақ цилиндрлі ойығы бар ақ түсті таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

40 мг

Қаптамадағы саны:

50 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Препарат ересектерде қолдануға арналған.

артериялық гипертензияда

кернеулі стенокардия, тұрақсыз стенокардияда

синустық тахикардияда (соның ішінде гипертиреозда), қарыншаүстілік тахикардияда, жыпылықтағыш тахиаритмияда, қарыншаүстілік және қарыншалық экстрасистолияда

миокард инфарктісінде (систолалық артериялық қысым - 100 мм сын.бағ. артық)

феохромоцитомада (кешенді ем құрамында)

эссенциальді треморда

бас сақинасы (ұстамалардың профилактикасы)

тиреотоксикоз және тиреоуытты криз (тиреостатикалық дәрілік заттарды көтере алмаушылықта), диэнцефальді синдром аясындағы симпатоадреналдық криздерді емдеуде қосымша зат ретінде

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

II-III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, синоаурикулярлық блокада

синустық брадикардия (минутына 50 соғудан аз)

артериялық гипотензия

жүректің II-III дәрежедегі бақыланбайтын созылмалы жеткіліксіздігі, жүректің жедел жеткіліксіздігі, жедел миокард инфарктісі (систолалық артериялық қысым - 100 мм сын.бағ.аз), кардиогендік шок

өкпенің ісінуі

синустық түйін әлсіздігінің синдромы

Принцметал стенокардиясы, кардиомегалия (жүрек жеткіліксіздігі белгілері жоқ)

вазомоторлық ринит

шеткері қантамырлардың окклюзиялық аурулары

қант диабеті, сахараза/изомальтаза тапшылығы, фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, метаболизмдік ацидоз (соның ішінде диабеттік кетоацидоз)

бронх демікпесі, бронх түйілу реакцияларына бейімділік, өкпенің созылмалы обструкциялы аурулары (соның ішінде анамнездегі)

феохромоцитома (альфа-адреноблокаторларды бір мезгілде пайдаланбай)

спазмдық колит

психозға қарсы дәрілермен және анксиолитиктермен (хлорпромазин, триоксазин және басқа), моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау

жүктілік және лактация кезеңі

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Сақтықпен

бауырдың және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі

гипертиреоз

миастения

I-II ФК жүректің созылмалы жеткіліксіздігі

феохромоцитома

псориаз

анамнездегі аллергиялық реакциялар

Рейно синдромы

егде жастағылар

Өзара әрекеттесуі

Диуретиктермен, резерпинмен, гидралазинмен және басқа гипотензиялық дәрілермен, сондай-ақ этанолмен біріктіргенде пропранололдың гипертензияға қарсы әсері күшейеді.

Гипертензияға қарсы әсерін қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (натрийдің іркілуі және бүйрекпен простагландин синтезінің бөгелуі), эстрогендер (натрийдің іркілуі) және моноаминоксидаза тежегіштері әлсіретеді.

Циметидин биожетімділігін арттырады.

Лидокаиннің қан плазмасындағы концентрациясын арттырады, теофиллиннің клиренсін төмендетеді.

Фенотиазин туындыларымен бір мезгілде тағайындау екі препараттың да қан плазмасында концентрацияларын арттырады.

Тиреостатикалық және жатыр тонусын көтеретін препараттардың әсерін күшейтеді; антигистаминдік дәрілердің әсерін төмендетеді.

Иммунотерапия және тері сынамалары үшін пайдаланылатын аллергендерді енгізу аясында күрделі жүйелі реакциялардың (анафилаксияның) даму қаупін арттырады.

Амиодарон, верапамил және дилтиазем - пропранололдың теріс хроно-, ино- және дромотропты әсерлерінің айқындығын күшейтеді.

Вена ішіне енгізуге арналған, құрамында йод бар рентгенконтрастылы дәрілік заттар анафилаксиялық реакциялардың даму қаупін арттырады.

Вена ішіне енгізгенде фенитоин, ингаляциялық жалпы анестезияға арналған дәрілік заттар (көмірсутектердің туындылары) кардиодепрессивті әсерін және артериялық қысымның төмендеу ықтималдығын арттырады.

Инсулиннің және ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілік заттардың тиімділігін өзгертеді, дамып келе жатқан гипогликемия (тахикардияны, артериялық қысымның жоғарылауы) симптомдарын бүркемелейді.

Ксантиндердің (дифиллиннен басқа) клиренсін төмендетеді.

Гипотензиялық әсерін глюкокортикостероидтар төмендетеді.

Жүрек гликозидтері, метилдопа, резерпин және гуанфацин, аритмияға қарсы дәрілік заттар брадикардияның, атриовентрикулярлық блокаданың, жүректің тоқтап қалуы мен жүрек жеткіліксіздігінің даму немесе ушығу қаупін арттырады.

Пропранолол мен нифедипинді бір мезгілде қолдану артериялық қысымның едәуір төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Деполяризацияланбайтын миорелаксанттардың және варфариннің антикоагулянттық әсерін ұзартады.

Три- және тетрациклды антидепрессанттар, психозға қарсы дәрілік заттар (нейролептиктер), этанол, тыныштандыратын және ұйықтататын дәрілік заттар орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуін күшейтеді.

Гипертензияға қарсы әсерінің едәуір күшейетініне байланысты, моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, моноаминоксидаза тежегіштері мен пропранололды қабылдау арасындағы үзіліс 14 күннен аз болмауы тиіс.

Сутектенбеген қастауыш алкалоидтары шеткері қанайналым бұзылуларының даму қаупін арттырады.

Сульфасалазин пропранололдың қан плазмасындағы концентрациясын арттырады (метаболизмін тежейді), рифампицин жартылай шығарылу кезеңін қысқартады.

Арнайы ескертулер

Анаприлинді қабылдап жүрген науқастарды бақылауға жүректің жиырылу жиілігін және артериялық қысымды қадағалау (емдеудің басында – күн сайын, одан кейін 3-4 айда 1 рет), электрокардиограмма кірістірілуі тиіс.

Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясын қадағалап отыру ұсынылады (4-5 айда 1 рет).

Егде жастағы науқастарда үдемелі брадикардия (минутына 50 соғудан аз), гипотензия (систолалық артериялық қысым 100 мм сын. бағ. аз), атривентрикулярлық блокада, бронх түйілуі, қарыншалық аритмиялар, бауыр және/немесе бүйрек функцияларының күрделі бұзылулары туындаған жағдайда, препараттың дозасын азайту немесе емдеуді тоқтату қажет болуы мүмкін.

Науқасқа жүректің жиырылу жиілігін есептеу әдістемесін үйрету және жүректің жиырылу жиілігі минутына 50-ден аз соқса, дәрігермен кеңесу қажеті туралы нұсқау беру керек.

Бета-адреноблокаторларды қабылдаудан туындаған депрессия дамығанда емдеуді тоқтату ұсынылады.

Жанаспалы линзаларды пайдаланатын науқастар емдеу аясында көз жасы сұйықтығы өндірілуінің азаюы мүмкін екендігін ескеру керек.

Анаприлинді жүрек жеткіліксіздігі бар (бастапқы сатылары) пациенттерге тағайындар алдында жүрек гликозидтерін және/немесе несеп айдайтын дәрілерді қолдану керек.

Жүректің ишемиялық ауруын және тұрақты артериялық гипертензияны емдеу ұзақ жүргізілуі тиіс - Анаприлинді бірнеше жыл бойы қабылдауға болады.

Қант диабетімен науқастарда препаратты қолдануды қандағы глюкоза мөлшерін бақылай отырып жүргізеді (4-5 айда 1 рет).

Галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға препаратты қолдануға болмайды.

Тиреотоксикозда Анаприлин гипертиреоздың белгілі бір клиникалық белгілерін (мысалы, тахикардияны) бүркемелеуі мүмкін. Бета-адреноблокаторларды гипогликемиялық препараттарды қабылдап жүрген науқастарға тағайындағанда сақ болу керек, өйткені ас ішудегі ұзақ үзілістер кезінде гипогликемия дамуы мүмкін. Сонымен қатар оның тахикардия немесе тремор сияқты симптомдары препараттың әсері есебінен бүркемеленуі мүмкін. Науқастарға бета-адреноблокаторлармен емдеу кезіндегі гипогликемияның негізгі симптомы қатты тершеңдік болып табылатындығына қатысты нұсқау беру керек.

Клонидинді бір мезгілде қабылдағанда оны қабылдауды Анаприлинді тоқтатқаннан кейін бірнеше күннен кейін ғана тоқтатуға болады.

Феохромоцитома кезінде тек альфа-адреноблокаторлармен үйлестіріп тағайындайды.

Психозға қарсы препараттармен (нейролептиктермен) және транквилизаторлармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Катехоламиндер қорын төмендететін препараттар (мысалы, резерпин) бета-адреноблокаторлардың әсерін күшейтуі мүмкін, сондықтан препараттарды біріктіріп қабылдайтын науқастар гипотензия мен брадикардияны анықтау үшін дәрігердің тұрақты бақылауында болуы тиіс.

Анаприлинмен емдеу аясында верапамилді, дилтиаземді вена ішіне енгізуден аулақ болу керек.

Психотроптық дәрілермен бірге, мысалы, моноаминоксидаза тежегіштерімен, оларды 2 аптадан аса курстық қолдану кезінде сақтықпен пайдалану керек. Хлороформмен немесе эфирмен жалпы анестезия жүргізерден бірнеше күн бұрын препаратты қабылдауды тоқтату қажет (миокард функциясының бәсеңдеуінің және гипотензияның даму қаупінің жоғарылауы).

«Шылымқорларда» бета-адреноблокаторлардың тиімділігі төмен.

Емдеу кезінде этанолды қолдану ұсынылмайды (артериялық қысым күрт төмендеуі мүмкін).

Қан мен несептегі катехоламиндер, норметанефрин және ванилинминдаль қышқылының мөлшерлерін; антинуклеарлық антиденелердің титрлерін зерттеу алдында препаратты тоқтату керек.

Емдеу кезінде табиғи қызыл мияны пайдаланудан аулақ болу керек; ақуыздарға бай тамақ биожетімділігін арттыруға қабілетті болып табылады.

Педиатрияда қолдану

Препаратты қолдану 18 жасқа дейінгі балаларда қарсы емес (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған).

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.

Анаприлин емшек сүтімен секрецияланады, сондықтан препаратты емшек емізу кезінде қолдану қажет болса, бала емізуді тоқтату қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде көлік жүргізу және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілеті жоғары зейінділікті және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен шұғылданғанда сақ болу қажет.

Шығарылу түрі

100 таблеткадан БП типті полимер банкілерге салынады.

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

Әр банкі немесе 5 пішінді ұяшықты қаптаманы медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАнаприлин таблеткалары 40 мг №50 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube