Қолдану көрсеткіштері
Ципрофлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған асқынбаған және асқынған инфекциялар.
Ересектер
- тыныс жолдарының инфекцияларында. Ципрофлоксацинді Klebsiella spp., Enterobacter spp., Proteus spp., Esherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Haemophilus spp., Moraxella catarrhalis, Legionella spp. және стафилококктерден туындаған пневмонияларда тағайындау ұсынылады.
- ортаңғы құлақ инфекцияларында (ортаңғы отит), қосалқы қуыстар инфекцияларында (синусит), әсіресе егер осы инфекциялар, Pseudomonas aeruginosa немесе стафилококктерді қоса, грамтеріс микроорганизмдерден туындаса
- бүйрек және/немесе несеп шығару жолдарының инфекцияларында
- аднекситті, созды, простатитті қоса, жыныс мүшелерінің инфекцияларында
- құрсақ қуысының инфекцияларында (асқазан-ішек жолының, өт шығару жолдарының бактериялық инфекциялары, перитонит)
- тері мен жұмсақ тін инфекцияларында
- сепсисте
- иммунитеті төмендеген пациенттердегі инфекцияларда немесе инфекцияларға профилактика жасағанда (иммунодепрессанттарды қабылдап жүрген пациенттер немесе нейтропениясы бар пациенттер)
- иммунитеті төмендеген пациенттерде ішектің селективті деконтаминациясында
- сібір ойық жарасының өкпедегі түрінің (Bacillus anthracis жұқпа жұқтырған) профилактикасында және емінде
- Neisseria meningitidis әсерінен туындаған инвазивтік инфекциялардың профилактикасында.
Бактерияларға қарсы дәрілерді қолдану ережелері жөніндегі ағымдағы ресми нұсқауларға назар аудару қажет.