daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Кефентек Патч 30 Мг №7 | Jeil Health Science Inc,

Уральске қаласындағы Кефентек Патч 30 Мг №7 | Jeil Health Science Inc,
Сипаттама:

Бұласыр – мата негізіндегі жұқа қағаздан жасалған үлбір жабынмен жабылған, түссіз мөлдір таспа.

Халықаралық атауы:

Кетопрофен

Өндіруші:

Jeil Health Science Inc,

Өндіруші ел:

Южная Корея

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар – (сұйық парафин, изопропилмиристат, сокен2, токоферол ацетаты3, концентрацияланған глицерин, дегидратацияланған этанол, тоқыма таспа. 2 – алкилакрилат изополимері және винилацетат ерітіндісі 3- dl-α-токоферол ацетаты). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Бұласыр – мата негізіндегі жұқа қағаздан жасалған үлбір жабынмен жабылған, түссіз мөлдір таспа.

Белсенді заттың дозасы:

30 мг

Қаптамадағы саны:

7 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір бұласырдың құрамында

белсенді зат - (кетопрофен), 30 мг,

қосымша заттар (сұйық парафин, изопропилмиристат,

сокен2, токоферол ацетаты3, концентрацияланған глицерин,

дегидратацияланған этанол, тоқыма таспа.

2 – алкилакрилат изополимері және винилацетат ерітіндісі

3- dl-α-токоферол ацетаты).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Бұласыр – мата негізіндегі жұқа қағаздан жасалған үлбір жабынмен жабылған, түссіз мөлдір таспа.

Қолдану көрсеткіштері

- остеоартриттерді, оның ішінде ревматоидтық түрін емдеуде

- жұмсақ тіндердің зақымдануларында (спортпен айналысу кезінде болатын жарақаттық зақымданулар)

- созылмалы қабыну ауруларымен (буын маңындағы және одан тыс ревматологиялық аурулармен) байланысты жергілікті ауыруларда

- қаңқа-бұлшықеттік немесе миофасциальді ауыру синдромында.

Қарсы көрсеткіштер

- кетопрофенге, қосымша ингредиенттерге жоғары сезімталдық және жағымсыздығы

- фенофибратқа, тиапрофен қышқылына, ацетилсалицил қышқылына, немесе басқа ҚҚСД (безафибрат, ципрофибрат, оксибензон) аса жоғары сезімталдық реакциялары

- ашық жарақат, инфекция жұқтырылған сыдырылулар, жаралар мен күйіктер, суланған дерматоздар, экзема

- ойық жаралы колит, ойық жаралы аурудың өршуі

- айқын бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі

- 15 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

- анамнездегі фотосенсиблизация реакциялары

- кетопрофенге, тиапрофен қышқылына, фенофибратқа, УФ-сәулелері блокаторларына немесе парфюмерияға терінің аллергиялық реакциялары

- емдеу кезеңінде және ем тоқтатқаннан 2 аптадан кейін күн инсоляциясын, тіпті бұлтты-бұлыңғыр күндері, солярий қолдануға болмайды.

Сақтықпен

- бронх демікпесі бар пациенттерде

Сақтық шаралары

Осы препаратты пайдалану уақытында және бұл препаратты пайдаланған соң 2 аптаға дейін ауа райы жағдайына байланыссыз таза ауада болудан тартынған дұрыс. Сонымен қоса, осы препаратты қолданған жерді киіммен, күннен қорғайтын көзілдірікпен, бас киіммен немесе күн сәулесінен қорғауға арналған құралмен жабу ұсынылады. Түрлі түсті киім киген жөн, өйткені ақ немесе жұқа киім ультракүлгінді өткізуі мүмкін (фотосезімталдық туралы хабарламалар болған).

Қабынуға қарсы және ауыруды басатын дәрілік заттың көмегімен емдеу

симптоматикалық ем болып табылдаы.

Бұл препарат инфекциялық тері ауруларының диагностикалық белгілерін азайтуы мүмкін.

Егер осы препарат созылмалы ауруларды (дегенеративті артрит, остеоартрит) емдеуге пайдаланылса, дәрілік емдеумен бірге баламалы емді қарастыру керек. Емдеу барысында жағымсыз реакциялар туындауына қатысты сақтық танытқан және пациенттерге мониторинг жүргізген дұрыс.

Препарат көзге немесе шырышты қабықтарға қолдануға арналмаған.

Осы препаратты зақымданған теріге қолдану жергілікті реакциялармен қатар жүруі мүмкін.

Препаратты атлет табанын немесе табан микозын емдеуге пайдаланбаған жөн.

Окклюзиялық таңғыш әдісін қолдануға болмайды.

Препаратты теріге әрбір жаққаннан кейін қолды мұқият жуу керек. Құрамында октокрилен бар косметикалық заттарды қолданудан кейінгі тері реакцияларын қоса алғандағы кез келген тері реакциялары дамуында ем дереу тоқтатылуы тиіс.

Егер емдеу курсынан кейін пациенттің ахуалы жақсармаса, емдеуді тоқтату керек.

Кефентек құрамында аз мөлшерде этанол бар (бір дозаға 100 мг-нан аз).

Өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесу ықтималдығы аз, өйткені жергілікті қолданғаннан кейін сарысудағы концентрация төмен.

Кефентек бұласырын басқа ҚҚСД таблетка түріндегі басқа түрлерімен бір мезгілде пайдалануға болады.

Ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қабылдау кетопрофеннің плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесін азайтады.

Кетопрофен несеп айдаушы дәрілердің әсерін әлсіретеді.

Кефентек қандағы метотрексат концентрациясын жоғарылатады (оның жағымсыз әсерінің күшеюі).

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препарат жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде қолданылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препарат жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде қолданылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Бұласыр күніне екі рет зақымдалған бөлікке (таңертең және кешке) қолданылады.

Енгізу әдісі және жолы

Сыртқа қолдануға арналған.

Кефентек препаратын зақымданған теріге қолданбаған жөн.

Кефентек бұласырларын қабынуға қарсы басқа стероидтық емес препараттардың таблетка түріндегі басқа дәрілік түрлерімен қосымша ем ретінде бір мезгілде пайдалануға болады.

Препарат көзге немесе шырышты қабыққа қолдануға арналмаған.

Окклюзиялық таңғышқа қолдануға болмайды.

Емдеу ұзақтығы

Ұсынылатын емдеу ұзақтығы 7 күннен аспайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: препараттың артық дозалануымен терінің тітіркенуі, қышыну, эритема сияқты жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін.

Емі: бұласырды қолдануды тоқтатыңыз, теріні сумен мұқият шайыңыз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қатысы жоқ

Тоқтату симптомы қаупінің болуына көрсетілім

Қатысы жоқ

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Артық дозалану

Симптомдары: препараттың артық дозалануымен терінің тітіркенуі, қышыну, эритема сияқты жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін.

Емі: бұласырды қолдануды тоқтатыңыз, теріні сумен мұқият шайыңыз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қатысы жоқ

Тоқтату симптомы қаупінің болуына көрсетілім

Қатысы жоқ

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

Мөлшері 10 х 7 см, жұқа қағаздан жасалған үлбірлі қорғағыш жабынмен қапталған 7 бұласырдан алюминий-қағаз конвертке салады.

20 конверттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Өлшемдері

10 х 7 см

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКефентек патч 30 мг №7 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube