Құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат - 30,0 мг кеторолак трометамолы
(кеторолак трометамині)
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат - 30,0 мг кеторолак трометамолы
(кеторолак трометамині)
қарқыны орташа және күшті ауыру синдромында, негізінен, операциядан кейінгі ауыруда.
Емдеу тек стационар жағдайларында ғана басталуы тиіс. Ең ұзақ емдеу уақыты екі күннен аспайды.
кеторолакқа немесе аспирин немесе простагландиндер синтезінің басқа тежегіштері аллергиялық реакцияларды (демікпе, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем сияқты ауыр анафилаксиялық реакциялар) туғызатын басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
анамнездегі бронх демікпесі
мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну немесе бронх түйілуі
өршу фазасындағы пептидтік ойық жара, анамнездегі асқазан-ішектен қан кетулер, ойық жара ауруы немесе тесілу
ауыр жүректің жеткіліксіздігі
бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі (сарысу креатинині > 160 мкмоль/л) немесе жүдеудің немесе сусызданудың салдарынан бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі
ауыр бауырдың жеткіліксіздігі
қан кету қаупінің жоғарылығына байланысты, хирургиялық операцияларға дейін және операциялар кезінде ауыруды басу
күмәнді немесе расталған цереброваскулярлық қан кету, қан ұюының бұзылуы мен қан кету қаупінің жоғарылығын қоса, геморрагиялық диатез
қан ұюының бұзылулары, соның ішінде геморрагиялық диатез, өйткені кеторолак тромбоциттер агрегациясын тежейді және қан кету уақытын ұзартады
антикоагулянттармен (соның ішінде варфаринмен және гепариннің төмен дозасымен (әр 12 сағат сайын 2500 – 5000 ӘБ)), окспентифилинмен, пробенецидпен немесе литий тұздарымен бір мезгілде емдеу
аспиринмен және басқа ҚҚСП (соның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен) алдын-ала емдеу
құрамында спирт болуына байланысты, нейроаксиальді (эпидуральді немесе интратекальді) енгізулер
алкоголизммен, эпилепсиямен зардап шегетін кісілерге және бауыр аурулары бар пациенттерге
балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер
жүктілік, босану және лактация кезеңі
Жүктілік
Шарананың жүрек-қантамыр жүйесіне ҚҚСП белгілі әсерлерін (артериялық түтіктің жабылу қаупі) ескерсек, кеторолакты жүктілік, босану кезінде қолдануға болмайды.
Кеторосанның адамда жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі анықталған жоқ. Кеторолактың аналық үшін уытты дозаларын қолдану кезінде егеу-құйрықтарда немесе үй қояндарында тератогендіктің дәлелдері табылған жоқ. Егеуқұйрықтарда буаздық кезеңінің ұзаруы және/немесе туудың кідіруі байқалды. Адамдарда ҚҚСП енгізумен байланысты туа біткен аномалиялар тіркелді, алайда олардың жиілігі аса көп емес. Шарананың жүрек-қантамыр жүйесіне ҚҚСП белгілі әсерлерін (артериялық түтіктің жабылу қаупі) ескерсек, Кеторосанды жүктілік, босану немесе босандыру кезінде қолдануға болмайды.
Простагландиндер синтезінің тежелуі жүктілікке және/немесе эмбрионның / шарананың дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Простагландиндер синтезі
Дозалау режимі
Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін анальгетиктік әсері басталғанға дейінгі уақыт бірдей және шамамен 30 минутты құрайды, бұл ретте ең жоғарғы анальгезиясы бір-екі сағат ішінде басталады. Ауыруды басудың орташа ұзақтығы, әдетте, төрт сағаттан алты сағатқа дейін құрайды.
Дозасын ауырудың қарқындылығы мен пациенттің емге жауабына байланысты жекелей таңдайды.
Симптомдары: абдоминальді ауыру, жүрек айнуы, құсу, метеоризм, пептидтік ойық жара және/немесе эрозиялы гастрит, бүйрек функциясының бұзылулары, бұлар препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін басылады.
Асқазан-ішектен қан кету, артериялық гипертензия, бүйректің жедел жеткіліксіздігі, тыныстың тарылуы мен кома аса сирек жағдайларда дамиды.
Бас ауыруы, эпигастрийдің ауыруы, бағдарсыздық, қозу, ұйқышылдық, бас айналуы, құлақтағы шуыл және естен тану да байқалуы мүмкін.
Диарея және құрысулар жағдайлары тіркелді. Анафилактоидты реакциялар дамуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық (организмнің өмірлік маңызы бар функцияларын демеп отыру). Антидоттары жоқ. Диализ - тиімділігі аз.
Артық дозалануынан кейін бір сағат ішінде белсендірілген көмірді пайдалануға және асқазанды шаюға болады.
Бауыр және бүйрек функциясын қадағалау қажет (жақсы диурез қамтамасыз етілуі тиіс). Пациенттер кемінде төрт сағат бойы қадағалауда болуы тиіс. Құрысулар жиі немесе ұзақ болған жағдайда диазепамды вена ішіне енгізеді.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар
Өткізіп алғанының орнын толтыру үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Егер препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса, дәрілік препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
Келесі постмаркетингтіқ жағымсыз әсерлер кеторолакты қабылдап жүрген пациенттерде туындауы мүмкін.
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде баға беру мүмкін емес)
асептикалық менингит (әсіресе бұрыннан жүйелі қызыл жегі , дәнекер тіннің аралас ауруы сияқты аутоиммундық бұзылыстары бар
пациенттерде) желке бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қызба немесе бағдарсыздық сияқты симптомдармен
пурпура, тромбоцитопения, нейтропения, агранулоцитоз
апластикалық және гемолиздік анемия
анафилаксия, анафилактоидты реакциялар, өліммен аяқталуы мүмкін анафилаксия сияқты анафилактоидты реакциялар
аса жоғары сезімталдық реакциялары (бөртпе, бронх түйілуі, гиперемия, гипотониялар, көмейдің ісінуі). Олар анамнезінде
ангионевроздық ісіну, бронх түйілу реактивтілігі (демікпемен немесе мұрын полиптерімен) бар адамдарда да туындауы мүмкін.
анорексия,
гиперкалиемия, гипонатриемия
ойлаудың бұзылулары, депрессия, ұйқысыздық
мазасыздық, күйгелектік, психоздық реакциялар, әдеттен тыс түстер көру
елестеулер, эйфория, зейін қоюға қабілетсіздік
ұйқышылдық, сананың шатасуы, қозу
бас ауыруы, бас айналуы, құрысулар
парестезиялар, гиперкинездер, дәм сезудің бұзылулары
көру бұзылулары, аномальді көру, көру жүйкесінің невриті
құлақтағы шуыл, естімей қалу, вертиго
жүрек қағуы, брадикардия, жүрек жеткіліксіздігі
гипертония, гипотония, гематома, гиперемия, бозару,
операциядан кейін жарадан қан кету
демікпе, ентігу, өкпе ісінуі, мұрыннан қан кету
пептидтік ойық жара, кейде өліммен аяқталатын тесілу немесе асқазан-ішектен қан кету, әсіресе егде жастағы адамдарда
жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қату
диспепсия, іштің ауыруы мен жайсыздығы
мелена, қан аралас құсу, стоматит, ойық жаралы стоматит, кекіру
гастрит, метеоризм, эзофагит
асқазан-ішектің ойық жаралары, ректальді қан кету
панкреатит, ауыздың құрғауы, асқазанның толып кету сезімі
колит пен Крон ауруының өршуі
гепатит, холестаздық сарғаю, бауыр жеткіліксіздігі
эксфолиативті дерматит, дақты-папулезді бөртпе, қышыну, есекжем, пурпура, ангионевроздық ісіну, тершеңдік, буллездік реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса (өте сирек)
Жарықтан қорғайтын шыныдан жасалған, сындыру нүктесі немесе сақинасы бар, шприцпен толтырылатын ампулаларға препарат 1.0 мл-ден құйылады.
Әр ампулаға заттаңба жабыстырылады. Препараты бар 5 ампуладан поливинилхлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтағы ақпаратты қорапшаға жазуға рұқсат етіледі.
Дәрілік препараты бар қорапшалар картон қораптарға салынады.
Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны қаптамалардың санына қарай қоса салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.