Қолдану көрсеткіштері
Ересектер мен 6 жастағы және одан асқан балаларда аллергиялық ринитті (персистирлейтін аллергиялық ринитті қоса) және есекжемді симптоматикалық емдеуде.
Ересектер мен 6 жастағы және одан асқан балаларда аллергиялық ринитті (персистирлейтін аллергиялық ринитті қоса) және есекжемді симптоматикалық емдеуде.
белсенді затқа, цетиризинге, гидроксизинге, пиперазин туындысына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
креатинин клиренсі 10 мл/мин-ден аз болған кезде бүйрек функциясының ауыр бұзылулары;
6 жасқа дейінгі балалар (ішуге арналған тамшы түрінде қолдану ұсынылады);
жүктілік және лактация кезеңі;
галактозаны сирек тұқым қуалайтын көтере алмаушылықта, Lapp лактазаның тұқым қуалайтын тапшылығы, және/немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясында.
Левоцетиризинмен өзара әрекеттесуге зерттеулер жүргізілген жоқ (CYP3A4 индукторларымен зерттеулерді қоса алғанда); цетиризиннің рацематпен қосылыстарын зерттеу қандай да бір клиникалық маңызды қолайсыз өзара әрекеттесулерді (антипиринмен, азитромицинмен, циметидинмен, диазепаммен, эритромицинмен, глипизидпен, кетоконазолмен және жалған эфедринмен) көрсеткен жоқ. Цетиризин клиренсінің аздап төмендеуі (16%) теофиллиннің бірнеше дозасымен (тәулігіне бір рет 400 мг) зерттеуде байқалды, ал теофиллиннің шығарылуы цетиризинді бір мезгілде қолданғанда өзгермейді.
Ритонавирдің (тәулігіне екі рет 600 мг) және цетиризиннің (тәулігіне 10 мг) бірнеше дозаларын қолдана отырып зерттеуде цетиризиннің әсер ету дәрежесі шамамен 40% - ға ұлғайтылды, ал ритонавирдің таралуы сәл өзгерді (-11%), бұл одан әрі цетиризиннің сіңуімен қатар жүрді.
Левоцетиризиннің сіңу дәрежесі тамақтану кезінде төмендемейді, дегенмен сіңу жылдамдығы төмендейді.
Арнайы ескертулер
Препаратты алкогольмен бір мезгілде қолданғанда сақ болу ұсынылады.
Несептің іркілуіне бейім факторлары бар пациенттерде (мысалы, жұлынның зақымдануы, қуықасты безінің гиперплазиясы) сақ болу керек, өйткені левоцетиризин несептің іркілу қаупін арттыруы мүмкін.
Эпилепсиясы бар пациенттерде және құрысулардың даму қаупі бар пациенттерде сақ болу керек, өйткені левоцетиризин ұстамалардың өршуін туындатуы мүмкін.
Терінің аллергиялық реакцияларына тест нәтижелері антигистаминдермен тежеледі және оларды қолданар алдында жуу кезеңі қажет (3 күн).
Препарат құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығының, Лапп лактаза тапшылығының немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының кінәраттары бар пациенттер Левосетил препаратын қабылдамауы тиіс.
Левоцетиризинмен емдеуді тоқтатқан жағдайда, емдеу басталғанға дейін осы симптомның пайда болуы байқалмаса да, қышыну пайда болуы мүмкін. Симптомдары кенеттен пайда болып, жоғалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда симптомдар қарқынды болып, емдеуді қалпына келтіруді қажет етуі мүмкін. Емдеуді қайта бастаған кезде симптомдар жойылуы тиіс.
Балалар
Левосетил препараты үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды 6 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды, өйткені осы шығарылу түрі препаратты осы жас тобында дозалауға мүмкіндік бермейді. Левоцетиризиннің педиатриялық түрін қолдану ұсынылады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Жүктілік кезінде левоцетиризинді қолдану жөніндегі деректер жоқ немесе шектеулі (жүктіліктің 300 нәтижесінен кем). Алайда, цетиризинді, левоцетиризин рацематын қолдану бойынша деректердің үлкен көлемі жүктілік кезінде (жүктіліктің 1000-нан астам нәтижесі) мальформативті немесе фетальді/неонатальді уыттылықтың болуын көрсетпейді.
Қажет болса, препарат жүктілік кезінде тағайындалуы мүмкін.
Лактация
Цетиризин, левоцетиризин рацематы емшек сүтімен бөлінеді. Сондықтан левоцетиризиннің емшек сүтімен бөлінуі де мүмкін. Емшек сүтімен қоректенетін балаларда левоцетиризинге жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін. Сондықтан лактация кезінде әйелдерге левоцетиризинді тағайындау кезінде сақ болу керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттеулер левоцетиризиннің ұсынылған дозада ақыл-ой белсенділігін, реактивтілікті немесе көлік жүргізу қабілетін төмендететіні туралы ешқандай дәлел таппады.
Алайда, кейбір пациенттерде левоцетиризинмен емдеу кезінде ұйқышылдық, шаршау және астения болуы мүмкін. Сондықтан көлік жүргізуге, ықтимал қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға немесе механизмдерді басқаруға ниет білдірген пациенттер олардың препаратқа реакциясын ескеруі тиіс.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастағы және одан асқан жасөспірімдер
Ұсынылатын тәуліктік доза 5 мг құрайды (үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка).
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Бүйрек функциясының орташа және ауыр бұзылулары бар егде жастағы пациенттерде дозаны түзету ұсынылады («Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер» қараңыз).
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Дозалау аралықтары бүйрек функциясына байланысты даралануы тиіс. Дозаны төменде көрсетілген кестеге сәйкес түзету қажет. Осы дозалау кестесін пайдалану үшін пациенттің креатинин клиренсін (CL cr) мл/мин-де бағалау қажет. Cl cr (мл/мин) сарысу креатинині (мг/дл) бойынша мынадай формула бойынша бағалануы мүмкін:
10 таблеткадан поливинилхлоридті/поливиниллдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.