Қолдану көрсеткіштері
- аллергиялық ринитті және созылмалы идиопатиялық есекжемді симптоматикалық емдеу
- аллергиялық ринитті және созылмалы идиопатиялық есекжемді симптоматикалық емдеу
препараттың белсенді затына немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге лоратадинді сақтықпен тағайындау керек.
ЛОРАТАДИН-АКОС таблеткаларын қабылдауды тері тесттерін жүргізуге дейін кемінде 48 сағат бұрын тоқтату керек, себебі антигистаминдік препараттар кедергі келтіруі мүмкін немесе әйтпесе, терінің реактивтілік индексіне оң реакциялардың айқындылығын азайтуы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Алкогольмен бір уақытта қолдану кезінде лоратадин таблеткалары психомоторлық белсенділікке ықпал ететін күшейтуші әсер етпейді.
Потенциалды өзара әрекеттесу CYP3A4 немесе CYP2D6 барлық белгілі тежегіштерімен болуы мүмкін, бұл лоратадин деңгейінің жоғарылауына және жағымсыз құбылыстардың пайда болу қаупінің артуына әкеледі.
Кетоконазолмен, эритромицинмен және циметидинмен бір мезгілде қабылдау сондай-ақ қан плазмасындағы лоратадин концентрациясының жоғарылауына әкеледі, алайда клиникалық елеулі өзгерістерсіз (электрокардиограммадағы (ЭКГ) өзгерістерді қоса).
Балалар
Балаларда дәрілік өзара әрекеттесу бойынша деректер жоқ.
Арнайы сақтандырулар
ЛОРАТАДИН-АКОС препаратының құрамында лактоза бар. Сондықтан ол фруктоза жақпаушылығымен, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығымен, глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулардан зардап шегетін пациенттерге қарсы көрсетілген.
Педиатрияда қолдану
Препарат 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Лоратадиннің жүктілік кезіндегі мальформациялық немесе фето/неонатальді уыттылығын көрсететін деректер жоқ. Репродуктивтік уыттылығына қатысты деректер де жоқ. Алайда, сақтық шарасы ретінде, лоратадинді жүктілік кезінде қолданбауға кеңес беріледі.
Лоратадин емшек сүтімен шығарылады, сондықтан препаратты лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұсынылған дозада ЛОРАТАДИН-АКОС көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Дегенмен пациенттер көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін ұйқышылдық дамуына байланысты потенциалды қауіп туралы хабардар болуы тиіс.

Дозалау режимі
Ересектер
Тәулігіне бір рет бір таблеткадан.
Балалар мен жасөспірімдер
6 жастан бастап және одан үлкен балалар, дене салмағы 30 кг асатын болса – тәулігіне бір рет бір таблеткадан.
6 жасқа толмаған немесе дене салмағы 30 кг аз балалар үшін дұрыс дозасын таңдап алу мақсатында, қабылдау үшін басқа қолжетімді, қолайлырақ дәрілік түрлерін пайдалану керек.
2 жасқа толмаған балалар
Лоратадиннің 2 жасқа толмаған балалардағы қауіпсіздігі және тиімділігі дәлелденбеген. Деректер жоқ.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препарат 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Лоратадин клиренсінің ықтимал төмендеуіне байланысты төмен бастапқы дозадан бастаған жөн
- ересектер мен дене салмағы 30 кг-ден жоғары балалар үшін бастапқы доза күн сайын 10 мг құрайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Таблеткаларды ішке қабылдайды. Таблеткаларды тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Препараттың кезекті дозасын жіберіп алған жағдайда, оны барынша тезірек қабылдау керек. Егер кезекті дозасын қабылдауға дейін азғантай уақыт қалса, оны жоспарлы уақытында қабылдаған дұрыс. Жіберіліп алғанның орнын толтыру үшін препараттың екі есе дозасын қабылдамау керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: ұйқышылдық, тахикардия және бас ауыруы.
Емі: қажетті уақыт кезеңі ішінде симптоматикалық және демеуші ем. Асқазанды шаю, ұнтақталған белсендірілген көмірді сумен қабылдау. Лоратадин гемодиализ арқылы шығарылмайды, лоратадиннің перитонеальді диализ жолымен шығарылатын-шығарылмайтындығы - белгісіз. Шұғыл көмек көрсеткеннен кейін пациент дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
1 пішінді ұяшықты қаптаманы медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салады.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.