Қолдану көрсеткіштері
- карнитиннің бастапқы және салдарлы тапшылығы.

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Қолдану кезіндегі қажетті сақтау шаралары
Инсулин немесе пероральді гипогликемиялық препараттарды қабылдайтын қант диабетімен ауыратын пациенттерде левокарнитинді қолдану глюкозаны утилизациялаудың жақсаруына байланысты гипогликемияға әкелуі мүмкін. Сондықтан мұндай пациенттерде гипогликемиялық емді уақытылы түзете алу үшін қандағы глюкоза деңгейін жиі өлшеп отыру қажет.
Метакартин вена ішіне баяу (2-3 минут) инъекция арқылы енгізіледі. Су-электролиттік теңгерімді бақылау қажет.
Анамнезінде құрысу белсенділігі бар пациенттерде левокарнитин құрысу ұстамаларының жиілігін және/немесе ауырлығын арттыруы мүмкін. Левокарнитинмен емдеу кезінде бейімділік факторлары бар пациенттерде құрысулар туындауы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде левокарнитиннің пероральді дәрілік түрінің қауіпсіздігі мен тиімділігі көрсетілмеген. Диализдегі бүйрек функциясының ауыр бұзылулары немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысымен (БЖТС) пациенттерде левокарнитиннің жоғары дозаларын ұзақ мерзімді пероральді қолдану қандағы триметиламиннің (ТМА) және триметиламин-N-оксидінің (ТМАО) ықтимал уытты метаболиттерінің жиналуына әкелуі мүмкін, өйткені бұл метаболиттер әдетте несеппен шығарылады.
Бұл құбылыс вена ішіне енгізгенде пайда болмайды. Левокарнитин физиологиялық зат болғандықтан, ол дағдылану немесе тәуелділік туындатпайды.
Кумарин туындыларымен қатар ем қабылдаған пациенттерде ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) жоғарылауының өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. Метакартин препаратымен бір мезгілде антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерде мәндер тұрақтанғанға дейін апта сайын, содан кейін – ай сайын ХҚҚ немесе басқа тиісті коагуляция көрсеткіштерін бақылау керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Левокарнитин мен кумарин туындылары арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Кумарин туындыларымен қатар ем қабылдаған пациенттерде ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) жоғарылауының өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. Метакартин препаратымен бір мезгілде антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерде мәндер тұрақтанғанға дейін апта сайын, содан кейін – ай сайын ХҚҚ немесе басқа тиісті коагуляция көрсеткіштерін бақылау керек.
Метакартинді бүйрек арқылы карнитин шығарылуының жоғарылауына байланысты гипокарнитинемияны тудыратын дәрілермен бір мезгілде қолдану (вальпрой қышқылы, құрамында пиваль қышқылы, цефалоспориндер, цисплатин, карбоплатин және ифосфамид бар препараттар) левокарнитин биожетімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жүктілік және лактация кезінде
Репродуктивті функция зерттеулері егеуқұйрықтар мен үй қояндарында жүргізілді. Тератогендік әсердің дәлелі түрлердің ешқайсысынан алынған жоқ. Зерттелген ең жоғары дозаны (тәулігіне 600 мг/кг) енгізу кезінде үй қояндарында бақылау тобымен салыстырғанда имплантациядан кейінгі шығындардың статистикалық шамалы өсуі байқалды, бірақ егеуқұйрықтарда мұндай ештеңе байқалмады. Бұл нәтижелердің адам үшін маңызы белгісіз.
Жүкті әйелдер қатысқан тиісті клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Метакартинді жүктілік кезінде емнің ана үшін пайдасы шаранаға төнетін қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдануға болады.
Левокарнитин - емшек сүтінің табиғи компоненті. Левокарнитинді емізетін аналарда қолдану зерттелмеген.
Метакартин бала емізетін аналарда емнің пайдасы карнитиннің жоғарылауымен байланысты бала үшін кез келген ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Метакартин көлік құралдарын басқару және жабдықпен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе аз ғана әсер етеді.

5 мл препараттан сыйымдылығы 5 мл күңгірт шыны (I класс) ампулаға құйылады.
5 ампуладан поливинилхлоридті (ПВХ) үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! Мұздатып қатыруға болмайды!
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! Мұздатып қатыруға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.