Қолдану көрсеткіштері
Ересектер мен балаларда, соның ішінде нәрестелер мен сәбилерде карнитиннің бастапқы және қайталама жеткіліксіздігі.
Гемодиализдегі пациенттерде карнитиннің қайталама жеткіліксіздігі. Ұзақ уақыт гемодиализдегі пациенттерде карнитиннің қайталама жеткіліксіздігіне күдік келесі жағдайларда туындайды:
- диализді жүргізу кезінде бұлшықеттегі күшті персистирлеуші түйілулер және / немесе гипотензиялық эпизодтар;
- өмір сапасына айтарлықтай теріс әсер ететін энергия тапшылығы;
- бұлшықет әлсіздігі және / немесе миопатия;
- кардиопатия;
- эритропоэтинмен емдеуге жауап бермейтін немесе эритропоэтиннің жоғары дозаларын талап ететін анемия немесе уремия;
- жеткіліксіз тамақтану салдарынан бұлшықет массасының төмендеуі.