daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Наком Таблеткалары 250 Мг/25 Мг №100 | Лек Фармасьютикалс д.д.

Уральске қаласындағы Наком Таблеткалары 250 Мг/25 Мг №100 | Лек Фармасьютикалс д.д.

Өндіруші:

Лек Фармасьютикалс д.д.

Өндіруші ел:

Словения

Белсенді ингредиент:

- моноаминооксидазаның (МАО) селективті емес тежегіштерін бір мезгілде қабылдау, МАО тежегіштерін Накоммен® емдеуді бастағанға дейін кемінде екі апта бұрын тоқтату керек - жабықбұрышты глаукома - меланома немесе анамнезінде меланоманың болуы - терінің этиологиясы белгісіз аурулары - бүйректің және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - ауыр психозы бар пациенттер - есірткіге байланысты экстрапирамидалық бұзылыстарды емдеу үшін ұсынылмайды - жүктілік және лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Белсенді заттың дозасы:

250 мг/25 мг

Қаптамадағы саны:

100 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- Паркинсон ауруында

- паркинсонизм синдромында

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- моноаминооксидазаның (МАО) селективті емес тежегіштерін бір мезгілде қабылдау, МАО тежегіштерін Накоммен® емдеуді бастағанға дейін кемінде екі апта бұрын тоқтату керек

- жабықбұрышты глаукома

- меланома немесе анамнезінде меланоманың болуы

- терінің этиологиясы белгісіз аурулары

- бүйректің және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- ауыр психозы бар пациенттер

- есірткіге байланысты экстрапирамидалық бұзылыстарды емдеу үшін ұсынылмайды

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Наком® препаратының оңтайлы тәуліктік дозасы әрбір пациент үшін мұқият таңдау жолымен анықталуы тиіс. Таблеткалардың құрамында 1:10 арақатынасында карбидопа мен леводопа бар.

Жалпы жағдай

Емдеу үдерісінде дербес таңдап алынған доза мен препаратты қабылдау жиілігі талап етілуі мүмкін. Тәулігіне шамамен 70-100 мг соңғы дозада қабылдағанда шеткері дофа-декарбоксилазаның карбидопамен қанығатыны байқалды. Карбидопаның аз мөлшерін қабылдайтын пациенттер жүрек айнуы мен құсуды бастан өткеруі мүмкін.

Наком® препаратын тағайындаған жағдайда құрамында бір ғана леводопа бар дәріні қоспағанда, паркинсонизмді емдеуге арналған стандартты дәрілерді қабылдау жалғастырылуы мүмкін, бұл арада олардың дозасы қайтадан таңдалуы тиіс.

Леводопаны қабылдамаған пациенттер

Дозаны дәрігер пациенттің емге реакциясына сәйкес жекелей таңдап алады. Препаратты қабылдауды бастаған пациенттер үшін бастапқы доза тәулігіне 1 немесе 2 рет ½ таблетканы құрайды. Дегенмен мұндай дозалау карбидопаның пациентке қажет ұтымды мөлшерін қамтамасыз етпейді. Сондықтан, қажет болған жағдайда ұтымды тиімділігіне қол жеткенге дейін күн сайын немесе күн ара ½ таблетка қосып отырады. Тиімділігі бірінші күні, кейде - бірінші дозаны қабылдағаннан кейін-ақ байқалады. Препараттың толық тиімділігіне леводопа қолданған монотерапия жағдайындағы апта және айлармен салыстырғанда 7 күнге дейінгі мерзімде қол жетеді.

Леводопамен емделген пациенттерді ауыстыру

Леводопаға қарағанда біріктірілген Наком® препаратын қолдану кезінде емдік әсері де және жағымсыз әсерлері де жылдам туындайтындықтан дозаны таңдау кезеңінде пациенттерді мұқият қадағалау керек. Көбіне, леводопамен салыстырғанда Наком® препараты еріктен тыс қозғалыстар туындатады. Олардың пайда болуы Наком® препаратының дозасын азайтуды қажет етуі мүмкін. Кейбір пациенттерде блефароспазм дозаны арттырудың ерте белгісі болуы мүмкін.

Наком® препаратымен ем бастағанға дейін ең кемі 12 сағат бұрын (ұзақ әсер ететін леводопа препараттарын қолданғанда 24 сағат бұрын) леводопа қабылдауды тоқтату керек. Наком® препаратының тәуліктік дозасы леводопаның алдыңғы тәуліктік дозасының шамамен 20% қамтамасыз етуі тиіс.

1500 мг-ден астам леводопа қабылдаған пациенттердің көпшілігінде бастапқы ұсынылатын доза Наком® препаратының тәулігіне 3 немесе 4 рет қабылданатын бір таблеткасын құрайды.

Демеуші ем

Емдеу жеке болуы тиіс және жүргізілген емнен көзделген нәтиже алатындай іріктеп алынуы тиіс. Леводопаның мидан тыс декарбоксилденуін ұтымды тежеу мақсатында күніне 70-100 мг кем емес карбидопа қабылдануы тиіс.

Қажет болғанда Наком® препаратының дозасын ең жоғары доза – тәулігіне 8 таблеткаға дейін жеткізгенге дейін күн сайын немесе күнара ½ немесе 1 таблеткаға дейін арттыру керек. Карбидопаның 200 мг-ден асатын тәуліктік дозасын қолдану тәжірибесі шектеулі.

Ұсынылатын ең жоғары дозасы

Ұсынылатын ең жоғары дозасы тәулігіне Наком® препаратының 8 таблеткасын (200 мг карбидопа мен леводопа) құрайды. Бұл пациенттің дене салмағы кезіндегі 3 мг/кг карбидопа мен 30 мг/кг леводопаны құрайды.

Балаларда қолданылуы

Наком® препаратының кіші және орташа жастағы балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, және оны 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттерде қолдану

Егде жастағы пациенттерде леводопа препаратының сіңуі жас пациенттерге қарағанда жоғары. Бұл деректер жасына қарай, сондай-ақ леводопаны ұзақ тағайындағанда тіндерде дофадекарбоксилаза белсенділігінің төмендеуі туралы мәліметтерді растайды. Егде жастағы пациенттерде леводопа мен карбидопаны қолданудың үлкен тәжірибесі бар; дозаны түзету қажет емес.

Енгізу әдісі мен жолы

Пероральді (ішке)

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.

Емі - симптоматикалық (леводопаның артық дозалануы сияқты), алайда пиридоксин препараттың әсерін бейтараптандыруда тиімсіз. Асқазанды дереу шаюмен бірге жалпы қолдау шараларын қолдану керек. Көктамырішілік сұйықтықтарды абайлап енгізу және жеткілікті тыныс алу жолын сақтау керек. ЭКГ мониторингі және пациентті аритмияның дамуы үшін мұқият бақылау қажет, ал қажет болған жағдайда антиаритмиялық терапия қажет.

Пациенттің басқа препараттарды да қолдану мүмкіндігін ескеру қажет. Диализді қолдануға қатысты деректер жоқ, сондықтан оның артық дозалануды емдеудегі маңызы белгісіз.

Леводопаның соңғы жартылай шығарылу кезеңі карбидопаның қатысуымен шамамен екі сағатты құрайды.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар

Наком® препараты дозаларын күрт азайту кезеңінде пациенттерді мұқият бақылау қажет.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету

Паркинсонизмге қарсы препараттарды кенеттен тоқтату кезінде бұлшықеттің ширығуын, дене температурасының жоғарылауын, психикалық бұзылуларды және сарысулық креатинфосфокиназа концентрациясының артуын қамтитын қатерлі нейролептикалық синдромға ұқсайтын симптомдар кешені сипатталған. Сондықтан пациенттерді, әсіресе, егер пациент нейролептиктер қабылдаса, оны тоқтату кезеңінде мұқият бақылау қажет.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыНаком таблеткалары 250 мг/25 мг №100 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube