daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Поллезин Таблеткалары 5 Мг №10 | ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"

Уральске қаласындағы Поллезин Таблеткалары 5 Мг №10 | ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Сипаттама:

Ақ немесе ақ түсті дерлік, бір жақ бетінде ойып жазылған – айшықталған «Е» әрпі және басқа жақ бетінде «281» нөмірі бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, дөңгелек, екі жағы дөңес таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Левоцетиризин

Өндіруші:

ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар - ядросы: кремнийлі микрокристалды целлюлоза (микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы), лактоза моногидраты, орын басу дәрежесі төмендетілген гидроксипропилцеллюлоза (L-HPC-11), магний стеараты, қабығы: ақ Opadry II 33G28523 (гипромеллоза 2910, титанның қостотығы Е 171, лактоза моногидраты, макрогол 3350, триацетилглицерин). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе ақ түсті дерлік, бір жақ бетінде ойып жазылған – айшықталған «Е» әрпі және басқа жақ бетінде «281» нөмірі бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, дөңгелек, екі жағы дөңес таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

5 мг

Дәрілік түрі:

Қабықпен қапталған 5 мг таблеткалар

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 5 мг левоцетиризин дигидрохлориді (4,21 мг левоцетиризинге баламалы),

қосымша заттар -

ядросы: кремнийлі микрокристалды целлюлоза (микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы), лактоза моногидраты, орын басу дәрежесі төмендетілген гидроксипропилцеллюлоза (L-HPC-11), магний стеараты,

қабығы: ақ Opadry II 33G28523 (гипромеллоза 2910, титанның қостотығы Е 171, лактоза моногидраты, макрогол 3350, триацетилглицерин).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ немесе ақ түсті дерлік, бір жақ бетінде ойып жазылған – айшықталған «Е» әрпі және басқа жақ бетінде «281» нөмірі бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, дөңгелек, екі жағы дөңес таблеткалар.

Қолдану көрсеткіштері

- аллергиялық ринитті (оның ішінде персистирленген аллергиялық ринитті) симптоматикалық емдеуге

- ересектердегі және 6 жастан бастап балалардағы созылмалы идиопатиялық есекжемде.

Қарсы көрсеткіштер

- левоцетиризин гидрохлоридіне, цетиризинге, гидроксизинге және пиперазиннің басқа туындыларына немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден төмен)

- сирек тұқым қуалайтын аурулар, соның ішінде, галактозаны көтере алмаушылықпен, толық тұқым қуалайтын лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозаның мальабсорбция синдромы

- 6 жасқа дейінгі балалар

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Левоцетиризиннің басқа препараттармен (оның ішінде CYP3A4 индукторларымен) өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Антипиринмен, азитромицинмен, циметидинмен, диазепаммен, эритромицинмен, глипизидпен, кетоконазолмен және псевдоэфедринмен клиникалық тұрғыдан жағымсыз өзара әрекеттесу болған жоқ.

Цетиризин клиренсінің елеусіз (16%) азаюы теофиллинді (тәулігіне бір рет 400 мг) бірнеше рет енгізген кезде байқалды; мұндайда цетиризинді бір мезгілде енгізген кезде теофиллиннің фармакокинетикасы өзгерген жоқ.

Ритонавирдің (600 мг тәулігіне екі рет) және цетиризиннің (тәулігіне 10 мг) қайталанған дозаларын қабылдаған кезде плазмада цетиризин концентрациясы шамамен 40% жоғарылаған, ал ритонавирдің диспозициясы (цетиризинмен бір мезгілде қолданғанда) біршама өзгерген (-11%).

Левоцетиризиннің сіңірілу дәрежесі ас ішкенде төмендемейді, бірақ сіңірілу жылдамдығы азаяды.

Сезімтал пациенттерде цетиризинді немесе левоцетиризинді және алкогольді немесе ОЖЖ қызметін төмендететін басқа дәрілерді бір мезгілде қолдану орталық жүйке жүйесіне ықпалын тигізіп, психикалық сергектікті және жұмыс қабілетін төмендетуі мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Несеп іркілісі факторына бейім пациенттерге (мысалы, жұлынның зақымдануы, қуықасты безі гиперплазиясы) сақтықпен қолдану керек, себебі левоцетиризин несеп іркілісінің даму қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Поллезин препаратын, қабықпен қапталған таблеткаларды 6 жасқа дейінгі балаларға тағайындау ұсынылмайды, өйткені таблеткалар дозаны тиісті түрде нақтылауға мүмкіндік бермейді. Пациенттердің бұл тобына левоцетиризиннің педиатриялық түрін (тамшы дәрі) тағайындау керек.

Левоцетиризинді 2 жасқа дейінгі балаларға тағайындау ұсынылмайды.

Бір мезгілде алкоголь қабылдау сақтықты қажет етеді.

Эпилепсиясы бар науқастарға және құрысулардың даму қаупі бар адамдарға сақтықпен қолдану керек, өйткені левоцетиризин құрысуға дайындықты арттыруы мүмкін.

Басқа да антигистаминдік препараттарды қолдану жағдайындағы сияқты, жалған теріс нәтижелерді болдырмау мақсатында препаратты қабылдауды аллергологиялық тері прик-тестін жүргізерден кем дегенде 3 күн бұрын тоқтату керек.

Левоцетиризинді тоқтатқаннан кейін, препаратты қабылдауды бастағанға дейін мұндай симптомдар болмағаннның өзінде, қышыну пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда симптомдар біршама ауыр, емдеуді жаңғыртуды қажет ететіндей болуы мүмкін. Емдеуді қайта жаңғыртқан кезде бұл симптомдар әдетте басылады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Левоцетиризинді жүктілік кезінде зерттеу жөнінде деректер жоқ. Қажет болса бұл препаратты жүкті әйелдерге тағайындауға болады.

Бұл препаратты емшек емізу кезеңінде тағайындаған кезде сақ болу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Левоцетиризин ұсынылған дозаларын қабылдағаннан кейін сергектік деңгейін, реакция уақытын немесе көлік құралдарын басқару қабілетін бұзбайды. Алайда кейбір пациенттерде препаратты қабылдау кезінде ұйқышылдық, қажығыштық немесе астения болуы мүмкін. Автокөлікті басқаратын және психомоторлы және қимылдау реакцияларының шапшаңдығын қажет ететін адамдарға тағайындағанда сақ болған жөн.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

6 жастан асқан балалар және ересектер: ұсынылатын доза тәулігіне 1 таблеткадан.

2-ден 6 жасқа дейінгі балалар

2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға Поллезин таблеткаларының көмегімен қауіпсіз сәйкес дозаны таңдауға болмайды. Пациенттердің бұл тобына левоцетиризиннің педиатриялық түрін (тамшы дәрі) тағайындау керек.

2 жасқа дейінгі балалар

Бұл популяцияда деректер болмағандықтан, левоцетиризинді 2 жасқа толмаған пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы орташа немесе айқын болған егде жастағы пациенттерге дозаны нақтылау ұсынылады.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге енгізу мерзімділігін бүйрек қызметіне сәйкес жекелей белгілеген жөн. Төменде келтірілген кестеде дозаның қажетті өзгертулері көрсетілген. Осы кестені қолдану үшін пациенттің (мл/мин) креатинин клиренсіне (КК) баға берген жөн. Қан сарысуының креатинин деңгейін (мг/дл) анықтағаннан кейін КК (мл/мин) мәнін келесі формула бойынша бағалауға болады:

Артық дозалану

Симптомдары: ересектерде ұйқышылдық, балаларда алдымен қозу және мазасыздық болуы мүмкін, ол ұйқышылдықпен ауысады.

Емі: Левоцетиризиннің спецификалық антидоты жоқ.

Симптоматикалық және демеуші ем ұсынылады. Препаратты ішке қабылдағаннан кейін аз уақыт өткенде асқазанды шайып тазалауға болады. Левоцетиризин гемодиализбен тиімді түрде шығарылмайды.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігі былайша жіктеледі: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1000, <1/100); сирек (≥1/10000, <1/1000); өте сирек (<1/10000).

Ересек пациенттерде мынадай жағымсыз әсерлер байқалды

Жиі: бас ауыру, ұйқышылдық, ауыздың құрғауы, шаршау.

Жиі емес: астения және іштің ауыруы.

Балаларда

Жиі: диарея, құсу, іш қату, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, бас ауыру.

Тіркеуден кейінгі кезеңдегі хабарламалар.

Төменде келтірілген жағымсыз реакциялардың жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:

аса жоғары сезімталдық, оның ішінде анафилаксия

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар:

тәбеттің жоғарылауы

Психиканың бұзылулары:

озбырлық, ажитация, елестеулер, депрессия, ұйқысыздық, суицидтік ойлар, қорқынышты түстер көру

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:

конвульсиялар, парестезия, бас айналуы, естен тану, тремор, дисгевзия

Көру ағзасы тарапынан бұзылулар:

көрудің бұзылуы, көзге бұлдырап көріну, окулогирия

Есту ағзасы және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар:

вертиго

Жүрек тарапынан бұзылулар:

жүректің қатты соғуы, тахикардия

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар:

диспноэ

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар:

жүрек айнуы, құсу, диарея

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар:

гепатит

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар:

ангионевроздық ісіну, белгілі дәріге бөртпе, қышыну, тері бөртпесі, есекжем

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар:

миалгия, артралгия

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар:

дизурия, несеп іркілісі

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар:

ісінулер

Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелеріне ықпалы:

дене салмағының артуы, бауырдың функционалдық сынамаларының өзгеруі

Таңдаулы жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Левоцетиризинді тоқтатқаннан кейін қарқынды тері қышынуының пайда болғаны хабарланды.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

Шығарылу түрі

Біріктірілген «соld» (полиамид/алюминий фольга / ПВХ) үлбірден / алюминий фольгадан тұратын пішінді ұяшықты қаптамада қабықпен қапталған 7 немесе 10 таблеткадан. 1, 2 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптама 10 таблеткадан, немесе 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама 7 таблеткадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 oС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыполлезин таблеткалары 5 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube