daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Синегра Таблеткалары 100 Мг №1 | Нобел АФФ АО

Сипаттама:

Төртбұрышты пішінді, бір жағында «бағыттағыш» таңбасы бар, көк түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Силденафил

Өндіруші:

Нобел АФФ АО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза РН 102, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты, Opadry II Blue 85F20578 қабығының құрамы: полиэтиленгликоль 3350 (Макрогол 4000), титанның қостотығы (Е171), тальк, FD & C Blue #2/индигокармин алюминий (Е132), темірдің сары тотығы (Е172), поливинил спирті.

Белсенді заттың дозасы:

100 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг, 50 мг, 100 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- жыныс мүшесінің қанағаттанарлық жыныстық қатынас үшін жеткілікті эрекцияға жетуге немесе оны сақтап тұруға қабілетсіздігімен сипатталатын эректильді дисфункцияда.

Синегра® препараты сексуалдық стимуляция болғанда ғана тиімді.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- азот тотығының донаторлары болып табылатын препараттарды бір мезгілде қабылдау, олар циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ) деңгейлерінің жоғарылауына әкеледі, силденафил нитраттардың гипотензивтік әсерін көтермелейтіні көрсетілген және оны азот тотығының донаторларымен (амилнитрит сияқтылар) немесе кез келген түрдегі нитраттармен бірге енгізуге болмайды

- силденафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерімен, риоцигуат секілді гуанилатциклаза стимуляторларымен бір мезгілде қабылдау, өйткені әлеуетті түрде симптоматикалық артериялық гипотензияға әкелуі мүмкін

- силденафилді қоса, эректильді дисфункцияны емдеуге арналған препараттарды сексуалдық белсенділік қолайсыз болып табылатын ер адамдарда (мысалы, тұрақсыз стенокардия немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі сияқты жүрек-қантамырлық ауыр бұзылулары бар пациенттер) пайдаланбау керек

- бұл көріністің ФДЭ-5 тежегішін алдыңғы қолданумен байланысты немесе байланысты еместігіне қарамастан, көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясының (КЖААЕИН) салдарынан бір көздің көрмей қалуы

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Силденафиллің қауіпсіздігі пациенттердің келесі қосалқы топтарында зерттелмеген, сондықтан оны қолдануға болмайды:

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі,

- артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм сын. бағ.)

- таяудағы инсульт немесе миокард инфарктісі

- торлы қабықтың белгілі тұқым қуалайтын дегенерациялық аурулары, пигменттік ретинит сияқты бұзылулар (бұл пациенттердің аз бөлігінде торлы қабық фосфодиэстеразаларының генетикалық бұзылулары бар).

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Эректильді дисфункцияның диагностикасы және оның болуы мүмкін алғашқы себептерін анықтау үшін аурудың тарихын зерттеу және фармакологиялық емдеу мүмкіндіктері қарастырылғанға дейін медициналық тексеру жүргізу керек.

Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары

Эректильді дисфункцияны емдеуді бастар алдында емдеуші дәрігер өзінің пациенттерінің жүрек-қантамырлық статусына баға беруі керек, өйткені сексуалдық белсенділікпен байланысты жүрек асқынулары қаупінің белгілі бір дәрежесі болады.

Силденафилдің тамырды кеңейтетін қасиеттері бар, бұл артериялық қысымның жеңіл және қысқа мерзімдік төмендеуіне әкеледі. Силденафилді тағайындар алдында дәрігерлер бұл препараттың белгілі бір негізгі жай-күйлері бар пациенттердің жағдайына, әсіресе олардың сексуалдық белсенділікпен үйлесіміне жағымсыз салдарының ықтималдылығын мұқият ойластыруы керек. Тамырды кеңейтетін дәрілерге сезімталдығы жоғары топқа сол жақ қарыншаның шығар бөлігінің тарылуы (мысалы, аорта клапанының стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатиясы) бар пациенттер, сондай-ақ артериялық қысымның автономдық бақылануы бұзылуының ауыр дәрежесі түрінде білінетін сирек көптүрлі жүйелі атрофия синдромы бар пациенттер жатады.

Силденафил нитраттардың гипотензивті әсерін күшейтеді.

Тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде қауіпті жүрек-қан тамырлары асқынуларының жағдайлары тіркелді (оның ішінде миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, кенеттен коронарлық өлім, қарыншалық аритмия, геморрагиялық инсульт, транзиторлық ишемиялық шабуыл, артериялық гипертензия және гипотензия), олардың силденафилді қолданумен уақытша байланысы болды. Бұл пациенттердің көпшілігінде, бірақ олардың барлығында емес, жүрек-қан тамырлары асқынуларының қауіп факторлары болды. Осы аталған жағымсыз құбылыстардың көбісі сексуалды белсенділіктен кейін көп ұзамай байқалды және олардың кейбіреулері силденафилді кейінгі сексуалды белсенділіксіз қабылдағаннан кейін байқалды. Осы құбылыстар мен көрсетілген немесе өзге факторлардың арасында тікелей байланыстың болуын анықтау мүмкін емес.

Приапизм

Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған дәрілік препараттарды, соның ішінде силденафилді, жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы бар (ангуляция, каверноздық фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты) пациенттерде, сондай-ақ приапизм дамуына бейімдейтін аурулары (орақтәрізді-жасушалы анемия, көптүрлі миелома немесе лейкемия сияқты) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Силденафилді тіркеуден кейін қолдану кезеңінде ұзаққа созылған эрекция мен приапизм жағдайлары хабарланды. 4 сағаттан артыққа созылған эрекция жағдайында, пациент жедел медициналық жәрдемге хабарласуы керек. Дереу ем жүргізілмеген жағдайда приапизм жыныс мүшесі тіндерінің зақымдануына және потенцияның қайтымсыз жоғалуына алып келуі мүмкін.

Басқа PDE5 тежегіштерімен бірге пайдалану немесе эректильді дисфункцияны емдеудің басқа әдістері

Силденафилдің басқа ФДЭ5 тежегіштерімен немесе өкпенің артериялық гипертониясын емдеуге арналған құрамында силденафил бар басқа препараттармен біріктірілімінің қауіпсіздігі мен тиімділігі зертелмеген. Сондықтан мұндай біріктірілімдерді пайдалану ұсынылмайды.

Көруге әсері

Силденафил мен ФДЭ-5 басқа тежегіштерін қабылдаумен байланысты бұзылулардың, атап айтқанда сирек ауру – көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясы жағдайлары болды. Көру жітілігінде кез келген ақаулар туындаған жағдайда, Синегра® препаратын қабылдауды тоқтатып, дәрігерге көріну қажет.

Ритонавирмен бір мезгілде қабылдау

Силденафилді ритонавирмен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды.

Альфа-адреноблокаторлармен бірге қолдану

Альфа-адреноблокаторларды қабылдайтын пациенттерге силденафилді тағайындағанда сақтық танытқан жөн, өйткені олардың кейбіреулерінде бұл симптоматикалық гипотензияға әкелуі мүмкін. Бұл жағдайдың дамуы препараттың дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде байқалуы мүмкін. Постуральды гипотензияның даму ықтималдығын азайту үшін пациенттерде силденафилді бастағанға дейін альфа-блокаторлармен емделу кезінде гемодинамикалық тұрақты болуы керек. Силденафилді қолдануды төменірек дозалардан (25 мг) бастау ұсынылады. Сонымен қатар, дәрігерлер пациенттерге постуральды гипотензия белгілері пайда болған жағдайда не істеу керектігін нұсқауы керек.

Қанның ұюына әсері

Адамның тромбоциттерін пайдаланатын in vitro зерттеулер силденафилдің натрий нитропруссидінің тромбоциттерге қарсы әсерін күшейтетінін көрсетті. Қан кету бұзылыстары немесе белсенді асқазан жарасы бар пациенттерде силденафилдің қауіпсіздігі туралы деректер жоқ, сондықтан силденафилді пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін қолдану керек.

Натрий

Синегра® құрамында бір таблеткада 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни «натрий іс жүзінде жоқ».

Әйелдер

Синегра® препаратын әйелдердің қабылдауы көрсетілмеген.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа түрлері

Басқа дәрілік заттардың силденафилге әсері

In vitro зерттеулер

Силденафилдің метаболизміне негізінен P450 цитохромының (CYP) 3A4 (негізгі жолы) және 2C9 (қосалқы жолы) изоформалары түрткі болады. Осы себепті, аталған изоферменттердің тежегіштері силденафил клиренсін төмендетуі, ал аталған изоферменттердің индукторлары – арттыруы мүмкін.

In vivo зерттеулер

Силденафилді CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, эритромицин және циметидин сияқты) бір мезгілде қабылдағанда силденафилдің клиренсінің төмендегені байқалады.

Пациенттердің аталған тобында жағымсыз әсерлері жиілігінің жоғарылағаны байқалмағанмен, силденафилді CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қабылдағанда, 25 мг бастапқы дозаны қолдануды қарастырған жөн.

P450 цитохромының күшті тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасы тежегіші ритонавирді тепе теңдік жағдайында (тәулігіне екі рет 500 мг) силденафилмен (100 мг бір реттік дозасымен) бір мезгілде қабылдау силденафилдің ең жоғарғы концентрациясының (Cmax) 300 %-ға артуына (4 есе), сондай-ақ қан плазмасындағы силденафил AUC 1000 %-ға (11 есе) артуына алып келеді. 24 сағаттан соң силденафилдің қан плазмасындағы деңгейлері тек силденафилді қабылдағаннан кейінгі 5 нг/мл-ге жуықпен салыстырғанда, шамамен 200 нг/мл құрайды. Бұл деректер P450 цитохромы субстраттарының кең ауқымына ритонавирдің айқын әсерлерімен сәйкес келеді. Жоғарыда көрсетілген деректерді негізге ала отырып, силденафилді ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Силденафил ритонавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Силденафилдің ең жоғарғы дозасы ешбір жағдайда 48 сағат ішінде 25 мг аспауы тиіс.

CYP3A4 тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасының тежегіші саквинавирді тепе-теңдік жағдайында (тәулігіне үш рет 1200 мг) силденафилмен (100 мг бір реттік дозасымен) бір мезгілде қабылдау силденафилдің Cmax 140 %-ға артуына, сондай-ақ силденафил AUC 210%-ға артуына алып келеді. Силденафил саквинавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді. Кетоконазол және итраконазол сияқты CYP3A4 күштірек тежегіштерінің әсері айқынырақ болады.

Силденафилді 100 мг дозада CYP3A4 орташа тежегіші эритромицинмен бірге тепе-теңдік жағдайында бір рет қабылдағанда (5 күн бойы тәулігіне екі рет 500 мг), силденафилдің жүйелі әсерінің 182 %-ға ұлғаюы байқалады (AUC бойынша анықталады).

Азитромицин (3 күн бойы тәулігіне 500 мг дозада) AUC, Cmax, Tmax көрсеткіштеріне, элиминациясы жылдамдығының константасына, силденафилдің немесе оның айналымдағы негізгі метаболитінің жартылай шығарылуының келесі кезеңіне әсер етпейді.

P450 цитохромының тежегіші және CYP3A4 спецификалық емес тежегіші болып табылатын циметидинді (800 мг) силденафилмен (50 мг дозада) бір мезгілде қолдану, қан плазмасындағы силденафил концентрациясының 56 %-ға артуын туғызады.

Грейпфрут шырыны ішек қабырғасындағы CYP3A4 түрткі болған метаболизмнің әлсіз тежегіші болып табылады және қан плазмасындағы силденафил деңгейінің орташа жоғарылауын туғызуы мүмкін.

Антацидтік дәріні (магний гидроксидін/алюминий гидроксидін) бір рет қабылдау силденафилдің биожетімділігіне әсер етпейді.

CYP2C9 тежегіштері (толбутамид, варфарин және фенитоин), CYP2D6 тежегіштері (серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштері, трициклдық антидепрессанттар), тиазидтік және тиазид тәрізді диуретиктер, ілмектік және калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) тежегіштері, кальций өзекшелерінің блокаторлары, бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары және CYP450 метаболизмдік белсенділігінің индукторлары (рифампицин, барбитураттар) силденафилдің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Тепе-теңдік жағдайындағы эндотелин бозентан антагонисі (CYP3A4, CYP2C9 орташа индукторы және, CYP2C19 болуы да ықтимал) (тәулігіне екі рет 125 мг) мен тепе-теңдік жағдайындағы силденафилді (тәулігіне үш рет 80 мг) бір мезгілде қолдану силденафил үшін AUC және Cmax мәндерінің сәйкесінше 62,6 % және 55,4 %-ға төмендеуіне алып келеді. Осылайша, рифампицин сияқты CYP3A4 күшті индукторларымен бір мезгілде қолдану силденафилдің қан плазмасындағы концентрацияларының айқынырақ төмендеуіне түрткі болады деп жорамалданады.

Никорандил калий өзекшелері мен нитрат активаторының гибриді болып табылады. Нитратты компонентінің есебінен оның силденафилмен елеулі өзара әрекеттестікке түсуге қабілеттілігі зор.

Силденафилдің басқа дәрілік заттарға әсері

Іn vitro зерттеулер

Силденафил Р450 цитохромы 1А2, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1 және 3А4 изоформаларының әлсіз тежегіші (ІС50>150мкМ) болып табылады. Силденафилдің қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациялары препараттың ұсынылған дозаларын қабылдағаннан кейін шамамен 1 мкМ құраған жағдайда, силденафилдің аталған изоферменттер субстаттарының клиренсін өзгерту ықтималдығы аз. Силденафилдің теофиллин немесе дипиридамол сияқты фосфодиэстеразалардың спецификалық емес тежегіштерімен өзара әрекеттесетіндігі туралы мәліметтер жоқ.

In vivo зерттеулер

Силденафилдің NO/цГМФ дабыл жолына белгілі әсеріне сәйкес, силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтуге, атап айтқанда артериялық қысымды елеулі төмендетуге қабілетті. Сондықтан оны азот тотығының донаторларымен (амилнитрит) немесе кез келген формадағы нитраттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Риоцигуат

Клиникаға дейінгі зерттеулерде риоцигуатпен бірге ФДЭ-5 тежегіштерін қолданғанда жүйелік қан қысымының қосымша төмендеуі анықталды. Клиникалық зерттеулерде риоцигуат ФДЭ-5 тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейтті. Мұндай біріктірілімді зерттеліп отырған популяцияда қолданған кезде жағымды клиникалық әсері туралы деректер болмаған. Риоцигуатты ФДЭ-5 тежегіштерімен, соның ішінде силденафилмен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Альфа-адреноблокаторлармен бір мезгілде қабылдау

α-адреноблокаторын қабылдайтын пациенттердің силденафилді бір мезгілде қолдануы жекелеген бейімділігі бар пациенттерде симптоматикалық гипотензияға алып келуі мүмкін. Силденафил дозасын қабылдағаннан кейінгі 4 сағат ішінде бұл жағдайдың дамуы ықтимал. Доксазозинмен емдеу кезінде тұрақты жағдайымен қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ВРН, benign prostatic hyperplasia) бар пациенттерге дәрілердің өзара әрекеттесуінің үш арнайы зерттеулерінде бір мезгілде доксазозин (4 мг және 8 мг) альфа-адреноблокаторы және силденафил (25 мг, 50 мг және 100 мг) тағайындалды. Осы зерттеудің популяциясында қан қысымының көлденең қалыпта орташа есеппен 7/7 мм сын.бағ., 9/5 мм сын.бағ. және 8/4 мм сын.бағ., және тік қалыпта — сәйкесінше 6/6 мм сын.бағ., 11/4 мм сын.бағ. және 4/5 мм сын.бағ.қосымша төмендегені байқалды. Силденафил мен доксазозин доксазозинмен емдеу кезінде жағдайы тұрақты пациенттерге бір мезгілде тағайындалғанда симптоматикалық постуральді гипотензияның сирек жағдайлары байқалды. Мұндай жағдайларда пациенттердің симптомдарында бас айналу және естен тану алдындағы жағдай байқалды, бірақ есінен тану байқалған жоқ.

Силденафилді (50 мг дозада) екеуі де CYP2C9 арқылы метаболизденетін толбутамидпен (250 мг дозада) немесе варфаринмен (40 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда, елеулі өзара әрекеттесулер анықталған жоқ.

Силденафил (50 мг дозада) ацетилсалицил қышқылын қабылдаудан (150 мг дозада) туындаған қан кету уақытының ұзаруына ықпал етеді.

Силденафил (50 мг дозада) қандағы алкоголдің 80 мг/дл орташа ең жоғарғы деңгейлері кезінде алкогольдің гипотензиялық әсерінің күшеюіне ықпал етпейді.

Гипертензияға қарсы дәрілік препараттардың төмендегі кластарын: диуретиктерді, бета-блокаторларды, АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II антагонистерін, гипертензияға қарсы дәрілік заттарды (тамырды кеңітетін және орталықтық әсері бар), адренергиялық нейроблокаторларды, кальций өзекшелерінің блокаторлары мен альфа-адренорецепторлардың блокаторларын біріктіру - плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, силденафилді қабылдаған пациенттерде жағымсыз әсерлері бейінінің айырмашылықтарын анықтап берген жоқ. Силденафил (100 мг дозада) амлодипинмен бір мезгілде қолданылған дәрілік заттардың өзара әрекеттесулерін арнайы зерттеулерде артериялық гипертензиясы бар пациенттерде систолалық артериялық қысымның шалқадан жатқан қалыпта қосымша төмендеуі 8 мм. сын. бағ. құрады. Диастолалық артериялық қысымның шалқадан жатқан қалыпта сәйкесінше қосымша төмендеуі 7 мм. сын. бағ. құрады. Артериялық қысымның бұл қосымша төмендеулері шамасы жағынан силденафилді монотерапия ретінде пайдаланған кезде байқалғандармен ұқсас болды.

Силденафил (100 мг дозада) тепе теңдік жағдайында АИТВ протеазасы тежегіштерінің, екеуі де CYP3A4 субстраттары болып табылатын саквинавир мен ритонавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Бозентанмен бір мезгілде қолданғанда тепе теңдік жағдайындағы силденафил (тәулігіне үш рет 80 мг) еркек жынысты пациенттерде бозентанның AUC мен Cmax (тәулігіне екі рет 125 мг) сәйкесінше 49,8 % және 42 % артуын туғызады.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Синегра® әйелдердің қолдануына арналмаған.

Силденафилдің жүкті және бала емізетін әйелдерде қолданылуына тиісінше және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік құралдарын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне болар-болмас әсер етеді.

Автокөлік құралдарын басқарудың немесе механизмдермен жұмыс істеудің алдында препараттың бас айналуы және көру арқылы қабылдаудың бұзылуы сияқты жағымсыз әсерлеріне байланысты, пациенттер өздерінің организмі Синегра® препаратын қабылдауға қандай реакция беретіндігін анықтап алуы керек.

Сақтық шаралары

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерде қолданылуы

Ұсынылатын дозасы жыныстық қатынасқа дейін шамамен 1 сағат бұрын ішке қабылданатын 50 мг құрайды. Тиімділігі мен көтерімділігін ескере отырып, дозасын 100 мг дейін арттыруға немесе 25 мг дейін азайтуға болады. Ұсынылатын ең жоғарғы дозасы 100 мг құрайды.

Ұсынылатын ең жоғарғы қабылдау жиілігі – тәулігіне 1 рет.

Синегра® препаратын тамақпен бірге немесе бөлек қабылдауға болады. Дегенмен, Синегра® препаратының әсері басталуы үшін тамақпен бірге қабылданған жағдайда көп уақыт қажет болуы мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде (≥ 65 жас) дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылуының жеңіл және орташа дәрежесі кезінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттердегі силденафил клиренсінің төмендеуіне байланысты, Синегра® препаратын 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігі мен көтерімділігіне байланысты, қажет болса оның дозасын сатылап, 50 мг дейін және 100 мг дейін арттыруға болады.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылуы бар (мысалы, бауыр циррозы бар) пациенттерде силденафил клиренсінің төмендігіне байланысты, препаратты 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігі мен көтерімділігіне қарай, қажет болса, оның дозасын сатылап, 50 мг дейін және 100 мг дейін арттыруға болады.

Балалар мен жасөспірімдік кезеңдегі пациенттер

Силденафил 18 жасқа толмаған балаларда қолдануға арналмаған.

Басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерде қолданылуы

Силденафилмен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайтын ритонавирден басқа, препаратты CYP3A4 тежегіштерімен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттерде бастапқы 25 мг дозасында қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Альфа-адреноблокаторлармен емделіп жүрген пациенттерде постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету мақсатында, силденафилмен емдеуді бастамас бұрын, альфа-адреноблокаторларды қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын тұрақтандыру керек. Бұдан өзге, силденафилді 25 мг дозасынан бастап қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Енгізу әдісі мен жолы

Пероральді қабылдау үшін.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Препарат 800 мг дейінгі дозада бір рет қабылданған зерттеулерде тіркелген жағымсыз реакциялар, препараттың төменірек дозаларын пайдаланған кездегімен салыстырмалы болды, бірақ олардың туындау жиілігі мен көріністерінің ауырлығы жоғарырақ болды. Силденафилдің жоғары дозаларын (200 мг) қабылдау препараттың тиімділігінің артуына емес, тек жағымсыз реакциялардың (бас ауыруы, гиперемия, бас айналуы, диспепсия, мұрынның бітелуі және көру арқылы қабылдаудың бұзылуы) жиілігінің артуына алып келеді.

Артық дозаланған жағдайда стандартты симптоматикалық шараларды қолдану керек. Гемодиализ силденафилдің клиренсін жеделдетпейді, өйткені силденафил қан плазмасы ақуыздарымен белсенді байланысады және несеппен шығарылмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Синегра® препаратын қабылдағанға дейін міндетті түрде емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыСинегра таблеткалары 100 мг №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
1.00/5
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
empty star
1 бағалау
1
star
1
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
0
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
empty star
27 Июня 2023

Комментарий: Минусы: Начала сильно болеть голова.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube