Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 47,50 мг, 95,00 мг метопролол сукцинаты
50,00 мг, 100,00 мг метапролол тартратына баламалы
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, карбопол 71G, метосел-К 15 М (таза) (гипромеллоза), поливинилпирролидон, магний стеараты
қабық құрамы: тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 6000, гидроксипропилметилцеллюлоза 15 cps
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар ақ немесе ақ дерлік үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.