Қолдану көрсеткіштері
Препарат 6 жастан 14 жасқа дейінгі ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі персистерлейтін БД шалдыққан, ингаляциялық ГКС қабылдаумен жеткіліксіз бақыланатын, сондай-ақ «қажет болған жағдайда» қысқа әсер ететін β-агонистерді қолдану БД жеткілікті клиникалық бақылауды қамтамасыз етпейтін пациенттерде БД емдеу үшін (қосымша ем ретінде) көрсетілген.
Препарат жеңіл дәрежедегі персистирлейтін БД шалдыққан, соңғы уақытта пероральді ГКС қолдануды талап ететін БД ауыр ұстамалары болмаған пациенттерде, сондай-ақ ингаляциялық ГКС пайдалана алмайтын пациенттерде ингаляциялық ГКС төмен дозаларының орнына таңдау емі болуы мүмкін.
Препарат сонымен қатар басым компоненті физикалық белсенділіктен туындаған бронх түйілуі бар пациенттерде БД профилактикасы үшін көрсетілген.