Қолдану көрсеткіштері
4 мг доза үшін
-ингаляциялық кортикостероидтар қабылдаумен жеткіліксіз бақыланатын, сондай-ақ «қажет болғанда» қолданылатын қысқа әсер ететін бета-агонистер демікпенің жеткілікті клиникалық бақылануын қамтамасыз етпейтін ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі персистирлейтін демікпесі бар 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларда бронх демікпесінің негізгі емін толықтыруда.
- пероральды кортикостероидтар қолдануды талап ететін күрделі демікпе ұстамалары соңғы уақытта болмаған, ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлейтін демікпесі бар 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларда, сондай-ақ ингаляциялық кортикостероидтар пайдалануға қабілетсіз науқастарда ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына таңдалатын ем ретінде
- басты компоненті дене жүктемесімен көтермеленген бронх түйілуі болатын 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларда демікпе профилактикасында.
5 мг доза үшін
- ингаляциялық кортикостероидтар қабылдаумен жеткіліксіз бақыланатын, сондай-ақ «қажет болғанда» қолданылатын қысқа әсер ететін бета-агонистер демікпенің жеткілікті клиникалық бақылануын қамтамасыз етпейтін ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі персистирлейтін демікпесі бар 6-дан 14 жасқа дейінгі балаларда бронх демікпесінің негізгі емін толықтыруда.
- пероральды кортикостероидтар қолдануды талап ететін күрделі демікпе ұстамалары соңғы уақытта болмаған, ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлейтін демікпесі бар 6-дан 14 жасқа дейінгі балаларда, сондай-ақ ингаляциялық кортикостероидтар пайдалануға қабілетсіз науқастарда ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына таңдалатын ем ретінде
- басты компоненті дене жүктемесімен көтермеленген бронх түйілуі болатын 6-дан 14 жасқа дейінгі балаларда демікпе профилактикасында