Қолдану көрсеткіштері
Атеротромбоздық оқиғалардың екіншілік профилактикасы
миокард инфарктісінен (бірнеше күннен 35 күннен азға дейін), ишемиялық инсульттен (7 күннен 6 айдан азға дейін) зардап шегетін ересек пациенттер, немесе шеткері артериялардың ауруы диагнозы қойылған пациенттерде
жедел коронарлық синдромынан зардап шегетін ересек пациенттер:
ST сегментінің жоғарылауынсыз жедел коронарлық синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесіз миокард инфарктісі), оның ішінде ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктірілімде тері арқылы коронарлық араласым барысында стент қойылатын пациенттерге;
тромболизистік ем жүргізу үшін жарамды дәрі-дәрмекпен емдеудегі пациенттерде АСҚ-мен біріктірілімде ST сегментінің жоғарылауы болатын жедел миокард инфарктісі;
Жыпылықтайтын аритмия кезінде атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалар профилактикасы