Қолдану көрсеткіштері
Атеротромбоз оқиғаларының екінші профилактикасы
- миокард инфарктісінен (бірнеше күннен бастап 35 күннен аз уақытқа дейін), ишемиялық инсульттен (7 күннен бастап 6 айдан аз уақытқа дейін) зардап шегіп жүрген ересек пациенттерге немесе шеткері артериялар ауруы диагностикаланған пациенттерге
- жедел коронарлық синдромнан зардап шегіп жүрген ересек пациенттерге
- ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), оның ішінде тері арқылы коронарлық араласу барысында стент орнатылатын пациенттерге, ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктірілімде;
- ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісінде тромболитикалық ем көрсетілген дәрі-дәрмекпен емделіп жүрген пациенттерге АСҚ-мен біріктірілімде;
Жүрекшелер фибрилляциясы (жыпылықтағыш аритмия) кезіндегі атеротромбоз және тромбоэмболия оқиғаларының профилактикасы
- тамыр оқиғаларының, ең болмағанда, бір факторы болатын жүрекшелер фибрилляциясы (жыпылықтағыш аритмия) бар және К дәруменінің антагонистерімен (КДА) емдеуге сай келмейтін және қан кету қаупі төмен ересек пациенттерге клопидогрел АСҚ-мен біріктірілімде, инсультті қоса, атеротромбоз және тромбоэмболия оқиғаларын болдырмау үшін қолданылады.
Орташадан жоғары қауіпке дейін транзиторлық ишемиялық шабуылы (ТИШ) немесе кіші ишемиялық инсульті (ИИ) бар пациенттерге ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде
24 сағат ішінде ТИШ немесе ИИ орташадан жоғары қауіпке дейін (ABCD2 ≥4 шкаласы) немесе кіші ИИ (NIHSS ≤3) бар пациенттерге