Қолдану көрсеткіштері
Гиперхолестеринемия
Атокор диета және басқа фармакологиялық емес дәрілер жеткіліксіз болған кезде, жалпы холестериннің, төмен тығыздықтағы липопротеин холестеринінің, В аполипопротеиннің және триглицеридтердің ересектердегі, жасөспірімдердегі және бастапқы гиперхолестеринемиядан зардап шегетін 10 жастан асқан балалардағы, отбасылық гиперхолестеринемияны (гетерозиготалы нұсқа) немесе біріктірілген (аралас) гиперлипидемияны (Фредриксонның жіктемесі бойынша IIа және IIb типтеріне сәйкес келетін) қоса, диетаға қосымша ретінде тағайындалады.
Атокор сондай-ақ жалпы холестерин мен тығыздығы төмен липопротеин холестеринін гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар ересектерде липидтер деңгейін төмендететін басқа емге қосымша дәрі ретінде (мысалы, ТТЛП-аферезге) немесе мұндай емдеу мүмкін болмаған жағдайда төмендету үшін көрсетілген.
Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы
Бірінші жүрек-қантамыр құбылысының даму қаупі жоғары ересек пациенттердегі жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасы, басқа қауіп факторларын түзетуге қосымша дәрі ретінде.