Қолдану көрсеткіштері
АзитРус® Форте расталған немесе бір немесе бірнеше сезімтал микроорганизмдерден туындағаны болжанған келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы (синусит, фарингит, тонзиллит);
– төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы (бронхит және пневмония);
– жедел ортаңғы отит;
– тері және жұмсақ тіндердің инфекциясы;
– Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae тудырған асқынбаған жыныстық инфекциялар (мультирезистентті емес штаммдар).
Препаратты тағайындау кезінде бактерияға қарсы препараттарды дұрыс қолдану бойынша ресми нұсқауларды ескеру қажет.