daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Карум-Сановель Таблеткалары 75 Мг №28 | Сановель Фармако-Индустриальная торговая компания

Алматы қаласындағы Карум-Сановель Таблеткалары 75 Мг №28 | Сановель Фармако-Индустриальная торговая компания

Халықаралық атауы:

Клопидогрел

Өндіруші:

Сановель Фармако-Индустриальная торговая компания

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

(75 мг клопидогрелге баламалы) This document was truncated here because it was created in the Evaluation Mode.

Белсенді заттың дозасы:

75 мг

Дәрілік түрі:

Қабықпен қапталған таблеткалар, 75мг

Қаптамадағы саны:

28 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Атеротромбоздық бұзылулардың профилактикасы үшін:

- миокард инфарктісін (бірнеше күннен 35 күнге дейін), ишемиялық инсультті (7-ші күннен бастап 6 ай бойы) бастан өткерген, немесе шеткері артериялардың аурулары бар ересек науқастарда

- жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромынан зардап шегіп жүрген ересек науқастарда:

ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромында (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), соның ішінде коронарлық тамырларға тері арқылы араласым барысында стент орнатылатын науқастарда ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктіріп;

ST сегменті көтерілген жедел миокард инфарктісінде тромболитикалық ем жүргізуге болатын дәрі-дәрмекпен емделіп жүрген науқастарға АСҚ-мен біріктіріп.

Жыпылықтағыш аритмия кезіндегі атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың профилактикасы үшін

- жыпылықтағыш аритмиясы бар, қантамыр оқиғаларының кемінде бір қауіп факторы бар ересек науқастарда, К дәрумені антагонистерінің (КДА) көтерімсіздігі бар және қан кету қаупі төмен науқастарда, атеротромбоздық және ми инсультін қоса, тромбоэмболиялық оқиғаларды болдырмау үшін, АСҚ-мен біріктіріп

Қарсы көрсеткіштер

- әсер ететін затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауырдың жедел жеткіліксіздігі, бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- жедел қан кету (пептидтік ойық жарадан қан кету, бассүйекішілік қан құйылу)

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Өзара әрекеттесуі

Қан кетулер қаупін арттыратын дәрілік заттар

Ықтимал аддитивтік әсеріне байланысты, қан кетудің туындау қаупі жоғарылайды. Қан кету қаупін арттыратын дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдау сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс.

Пероральді антикоагулянттар

Клопидогрелді пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені, мұндай біріктірілім қан кетуді күшейтуі мүмкін.

75 мг клопидогрелді қабылдау, варфаринмен ұзақ уақыт бойы ем қабылдап жүрген науқастарда S-варфариннің фармакокинетикасы мен халықаралық қалыптастырылған қатынасты (ХҚҚ) өзгертпегендігіне қарамастан екі препараттың гемостазға өз алдына бөлек ететіндігіне байланысты, клопидогрелді варфаринмен бір мезгілде қабылдау қан кету қаупін арттырады.

Гликопротеин IIb/III тежегіштері

Клопидогрел мен гликопротеин IIb/IIIa тежегіштерін бірге қолдану сақтықты қажет етеді.

Ацетилсалицил қышқылы

Ацетилсалицил қышқылы клопидогрелдің АДФ-индукциялаған тромбоциттер агрегациясын тежеу қабілетін өзгертпейді. Осыған қарамастан, клопидогрел ацетилсалицил қышқылының коллаген-индукциялаған тромбоциттер агрегациясына әсерін күшейтеді. Сонымен қатар, Карум-сановельді 500 мг дозадағы ацетилсалицил қышқылымен бірге тәулігіне екі рет қабылдау, клопидогрелді қабылдау түрткі болған қан кету ұзақтығына елеулі ықпалын тигізбейді. Бірге қабылданғанда клопидогрел мен ацетилсалицил қышқылы арасындағы фармакодинамикалық өзара әрекеттесу ықтималдығы жоққа шығарылмайды, бұл қан кетулердің туындауы қаупін елеулі дәрежеде жоғарылатады. Осыған байланысты, бірге қабылдағанда айрықша сақтық таныту керек. Дегенмен, клопидогрел мен АСҚ бір жылға дейін бірге тағайындалып келген.

Гепарин

Клопидогрелді бір мезгілде қабылдағанда гепариннің жалпы қажеттілігі де, гепариннің қан ұюына әсері де өзгермейді. Гепаринді бір мезгілде қолдану клопидогрелдің тромбоциттер агрегациясына тежегіштік әсерін өзгертпейді. Бірге қабылданғанда клопидогрел мен гепарин арасындағы фармакодинамикалық өзара әрекеттесу ықтималдығы жоққа шығарылмайды, бұл қан кетулердің туындау қаупін елеулі дәрежеде арттырады. Осыған байланысты, бірге қабылдағанда айрықша сақтық таныту керек.

Тромболитиктік дәрілер

Тіндік плазминогеннің рекомбинантты белсендіргіші (rt-PA) клопидогрел мен гепаринді бірге қолданудың қауіпсіздігі жуырда миокард инфарктісін бастан өткерген науқастарда зерттелді. Клиникалық тұрғыдан маңызды қан кетудің жиілігі rt-PA, гепаринді ацетилсалицил қышқылымен бірге қолданған жағдайда байқалғанмен ұқсас болды. Осыған байланысты, аталған препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықты талап етеді.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД)

Клопидогрел мен напроксенді бір мезгілде қабылдау асқазан-ішек жолындағы жасырын қан жоғалтуды арттырады. Басқа ҚҚСД қатысты осы салада қандай-да бір зерттеулер жүргізілмегендіктен, барлық ҚҚСД үшін бір мезгілде қабылданғандағы асқазан-ішектен қан кетулердің туындау қаупі түбегейлі анықталған жоқ. Сол себепті, клопидогрел мен басқа ҚҚСД (соның ішінде, ЦОГ-2 тежегіштерін) бір мезгілде қабылдауды айрықша сақтықпен жүргізу керек.

СКҚСТ (серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері): СКҚСТ тромбоциттердің белсенуіне ықпал ететіндіктен және қан кетулер қаупін арттыратындықтан, оларды клопидогрелмен бірге тағайындау сақтықты қажет етеді.

Бір мезгілде жүргізілетін басқа ем

Клопидогрел өзінің белсенді метаболитіне дейін ішінара CYP2С19 көмегімен метаболизденетіндіктен, осы энзимнің белсенділігін бәсеңдететін дәрілік заттарды қолдану клопидогрелдің белсенді метаболитінің дәрілік концентрацияларының төмендеуіне алып келеді деп күтіледі. Бұл өзара әрекеттесуінің клиникалық мәні айқын емес. Сақтық шарасы ретінде, CYP2С19 бәсеңдететін дәрілік заттарды бір мезгілде қолданудан бас тарту керек.

CYP2С19 бәсеңдететін дәрілік препараттарға омепразол мен эзомепразол, флувоксамин, флуоксетин, моклобемид, вориконазол, флуконазол, тиклопидин, эфавиренз, карбамазепин жатады.

Протондық помпа тежегіштері (ППТ):

Клопидогрелмен бір мезгілде, не болмаса екі дәрілік препаратты қабылдаулар арасындағы 12 сағаттық аралықты сақтай отырып, тәулігіне бір рет 80 мг дозада қабылданған омепразол, белсенді метаболитінің экспозициясын 45%-ға (жүктемелік дозасы) және 40% (демеуші дозасы) төмендетті. Төмендеуі тромбоциттер агрегациясы бәсеңдеуінің 39% (жүктемелік дозасы) және 21% (демеуші дозасы) төмендеуімен байланысты болды. Клопидогрелмен бір мезгілде қабылданған эзомепразол да белсенді метаболиті экспозициясыныңи төмендеуіне алып келеді деп күтіледі.

Маңызды кардиоваскулярлық оқиғалар кезінде айқындалған бұл фармакокинетикалық (ФК)/фармакодинамикалық (ФД) өзара әрекеттесулердің клиникалық маңызы туралы қарама-қайшы мәліметтер, бақыланатын және клиникалық зерттеулерде ұсынылды. Сақтық шарасы ретінде, омепразолды немесе эзомепразолды клопидогрелмен бір мезгілде қолданбау керек.

Метаболиті экспозициясының айқындығы аз төмендеулері пантопразол мен лансопразол жағдайында байқалған.

Пантопразолмен күніне бір рет 80 мг дозада емдеген кезде белсенді метаболитінің плазмадағы концентрациялары 20%-ға (жүктемелік дозасы) және 14%-ға (демеуші дозасы) төмендеген. Бұл тромбоциттер агрегациясының сәйкесінше 15% және 11%-ға орташа тежелуінің төмендеуімен қатар жүрген. Бұл нәтижелер, клопидогрелді пантопразолмен бірге қолдануға болатындығын білдіреді.

Н2-рецепторлардың блокаторлары (CYP2С19 тежегіші болып табылатын циметидиннен басқа) және антацидтер сияқты, асқазандағы қышқылдылықты төмендететін басқа дәрілік заттар клопидогрелдің тромбоцитке қарсы белсенділігіне ықпал ететіндігіне дәлелдер жоқ.

Клопидогрелді атенололмен және нифедипинмен бір мезгілде қолданғанда, клиникалық тұрғыдан елеулі фармакодинамикалық өзара әрекеттесу байқалған жоқ.

Бұдан өзге, фенобарбиталмен немесе эстрогендермен бір мезгілде қолданылғанда, клопидогрелдің фармакодинамикалық белсенділігі іс жүзінде өзгеріссіз қалған.

Клопидогрелмен бір мезгілде қолданғанда, дигоксиннің немесе теофиллиннің фармакокинетикалық қасиеттері өзгермейді.

Антацидтік дәрілер клопидогрелдің сіңірілу көрсеткіштерін өзгерткен жоқ.

CAPRIE зерттеуінің мәліметтеріне сәйкес, CYP2C9 көмегімен метаболизденетін фенитоин мен толбутамидті, клопидогрелмен бір мезгілде қауіпсіз қолдануға болады.

Дәрілік заттардың CYP2C8 субстраты: Плазмадағы концентрациясының жоғарылайтындығына байланысты, клопидогрел мен алдын-ала CYP2C8 метаболизмімен тазартылған дәрілік заттарды (репаглинид, паклитаксел) бір мезгілде қабылдау сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс.

Жоғарыда аталған препараттардан өзге, клопидогрелдің әдетте, атеротромбозы бар пациенттерге тағайындалатын басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулерін зерттеулер жүргізілген жоқ.

Клопидогрелдің диуретиктермен, бета-блокаторлармен, АКФ тежегіштерімен, кальций антагонистермен, холестерин деңгейін төмендететін препараттармен, коронарлық қантамырлардың дилататорларымен, диабетке қарсы препараттармен (инсулинд қоса), эпилепсияға қарсы препараттармен, GP IIb/IIIa антагонистерімен бірге қолданылғаны жөнінде да бір мәліметтер жоқ.

Ритонавирмен немесе кобицистатпен күшейтілген антиретровирустық ем (АРЕ) қабылдап жүрген АИТВ-инфекциясын жұқтырған науқастарда, клопидогрелдің белсенді метаболитінің плазмалық концентрациясының анық төмендеуі және тромбоциттер агрегациясының төмендеуі көрсетілді.

Клиникалық нәтижелердің мәні толығымен расталмағанымен, өздігінен алынған хабарларда күшейтілген АРЕ қабылдап жүрген АИТВ-инфекциясын жұқтырған науқастарда, эндоваскулярлы реканализациядан кейін окклюзияның қайталану жағдайлары немесе клопидогрелдің жүктеу дозасын қабылдағаннан кейін тромбоздық оқиғалар болғаны байқалған. Клопидогрелдің әсері және тромбоциттер тежелуінің орташа деңгейдегі көрсеткіштері ритонавирмен бір уақытта қолданғанда төмендеуі мүмкін. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, клопидогрелді күшейтілген АРЕ-мен бір мезгілде тағайындауды болдырмау қажет.

Басқа да пероральді P2Y12 тежегіштері жағдайындағы сияқты, апиындық агонистерді бір мезгілде енгізу, сірә, асқазанның баяу босауына байланысты, клопидогрелдің абсорбциясын кідіртуі және азайтуы мүмкін. Клиникалық маңыздылығы белгісіз. Жедел коронарлық синдромы бар, морфинді немесе басқа да апиын агонистерін бір мезгілде енгізуді қажет ететін пациенттерде парентеральді антиагрегантты қолдану мүмкіндігін қарастырыңыздар.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКарум-Сановель таблеткалары 75 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube