daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Zilt Таблеткалары 75 Мг №28 | KRKA d.d., Novo mesto

Алматы қаласындағы Zilt Таблеткалары 75 Мг №28 | KRKA d.d., Novo mesto

Халықаралық атауы:

Клопидогрел

Өндіруші:

KRKA d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза, микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, макрогол 6000, гидрогенделген майсана майы Үлбірлі қабық: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), тальк, темірдің қызыл тотығы (Е172), пропиленгликоль

Белсенді заттың дозасы:

75 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Атеротромбоздық асқынулардың салдарлы профилактикасы

- миокард инфарктісін (бірнеше күннен 35 күннен аз уақытқа дейін), ишемиялық инсультті (7 күннен 6 айдан аз уақытқа дейін) өткерген ересек пациенттер немесе шеткері артериялардың диагностикаланған ауруы бар пациенттерде

- жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы бар ересек пациенттерге:

- ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі) бар пациенттер, соның ішінде коронарлық тамырларға тері арқылы араласу барысында коронарлық стент орнатылған пациенттер, ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктірілімде

- тромболиздік ем жүргізуге жарамды дәрі-дәрмектік ем жүргізілген пациенттерде ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісінде АСҚ-мен біріктірілімде

Жыпылықтағыш аритмия кезіндегі атеротромбоздық және тромбоэмболиялық асқынулар профилактикасы

- тамыр ауруларының ең болмаса бір қауіп факторы бар жыпылықтағыш аритмияға шалдыққан ересек пациенттер, К дәрумені антагонистерінің (KДA) жақпаушылығы бар және қан кету қаупі төмен пациенттерде, ми инсультін қоса, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін АСҚ-мен біріктірілімде

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

бауыр функциясының ауыр бұзылуы

пептидті ойық жарадан қан кету немесе бассүйекішілік қан құйылу сияқты жедел қан кету

18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер және егде жастағы пациенттер

Клопидогрелді тәулігіне бір рет 75 мг-ден қабылдау керек.

Жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы бар пациенттер

- ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі): клопидогрелмен емдеу бір реттік 300 мг жүктеме дозадан басталып, ал артынан тәулігіне бір рет 75 мг дозамен (тәулігіне 75-325 мг дозадағы ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ)) жалғастырылуы тиіс. Себебі АСҚ едәуір жоғары дозалары жоғары қан кету қаупімен бірлесе жүретіндіктен, АСҚ дозасын 100 мг-ден асырмау ұсынылады. Оңтайлы емдеу ұзақтығы ресми анықталмаған. Қолда бар зерттеу деректері препаратты 12 айға дейін қолдануға негіз бола алады, ең жоғары оң әсері 3 ай емдеуден соң байқалады.

ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісі: клопидогрел АСҚ және басқа тромболиздік дәрілермен біріктіріліп немесе оларсыз 300 мг жүктеме дозасынан бастап, бір реттік 75 мг тең бір реттік тәуліктік дозада қабылдану керек. 75 жастан асқан пациенттерде клопидогрелмен емдеуді жүктеме дозасыз бастау керек. Біріктірілген емді симптомдар білінген соң мүмкіндігінше ертерек бастап, кем дегенде, 4 апта бойы жалғастырған жөн. Осы ауруда 4 аптадан кейінгі клопидогрелді АСҚ-мен біріктіріп емдеудің оң әсері зерттелмеген.

Жыпылықтағыш аритмиясы бар пациенттер: клопидогрелді 75 мг-ге тең бір реттік тәуліктік дозада қолдану керек. АСҚ қабылдауды (тәулігіне 75-325 мг) бастап, оны қолдануды клопидогрелмен біріктірілімде жалғастырған жөн.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Геморрагиялық диатез болуы мүмкін ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр ауруына шалдыққан пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдау үшін.

Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі

Таблетка тамақтану барысында, тамақтануға дейін және кейін күнделікті бір уақытта қабылдануы мүмкін.

Емдеу ұзақтығы

Сіз Зилт® дәрігеріңіз тағайындап келген уақытқа дейін қабылдауыңыз керек. Дәрігер сізге бұл туралы хабарлағанша емді тоқтатпаңыз. Емдеуді тоқтатар алдында дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар

Егер сіз мөлшерден тыс таблетка қабылдасаңыз, жоғары қан кету қаупіне байланысты дәрігерге немесе жақын жердегі жедел жәрдем бөлімшесіне хабарласыңыз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Егер сіз Зилт дозасын қабылдауды ұмытып қалсаңыз, бірақ әдеттегі қабылдау уақытынан 12 сағат ішінде бұл туралы еске түсірсеңіз, бірден таблеткаңызды қабылдаңыз, содан кейін әдеттегі уақытта келесісін қабылдаңыз.

Егер сіз 12 сағаттан артық уақытқа ұмытып кетсеңіз, келесі бір реттік дозаны әдеттегі уақытта қабылдаңыз. Ұмытылған таблетканың орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.

Егер сізде дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар болса, дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарласыңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар пайда болған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.

Шығарылу түрі

Ламинацияланған полиамид/алюминий/поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынады.

Пішінді ұяшықты 2 немесе 4 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыZilt таблеткалары 75 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube