Қолдану көрсеткіштері
Клопидогрель-Тева ересек пациенттерде қолдануға арналған
Атеротромбоздық асқынулардың екіншілік профилактикасы
- миокард инфарктісі бар (бірнеше күннен кем дегенде 35 күнге дейін), ишемиялық инсульт алған (7 күннен кем дегенде 6 айға дейін) пациенттерде немесе шеткері артериялар ауруы диагнозы қойылған пациенттерде
- жедел коронарлық синдромы бар пациенттер
- ST сегменті көтерілуінсіз жедел коронарлық синдромда (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), оның ішінде тері арқылы коронарлық араласу барысында стенттеу жүргізілген пациенттерге ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктіріп;
- ST сегменті көтерілуімен жедел миокард инфарктісінде тромболитикалық терапия жүргізу көрсетілген дәрі-дәрмектік емдеудегі пациенттерге АСҚ-мен біріктіріп;
Жүрекшелер фибрилляциясы (жыпылықтағыш аритмия) кезінде атеротромбоздық және тромбоэмболиялық асқынулар профилактикасы
- жүрекшелер фибрилляциясы (жыпылықтағыш артимия) бар, К дәрумені антагонистерімен (КДА) емдеуге келмейтін және қан кету қаупі төмен қантамырлық асқынулар қаупінің кемінде бір факторы бар пациенттерге, инсультты қоса, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін клопидогрел АСҚ-мен біріктірілімде көрсетілген.
Орташадан жоғары қауіпке дейінгі транзиторлы ишемиялық шабуыл (ТИШ) немесе кіші ишемиялық инсультпен (ИИ) пациенттерге клопидогрел ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде көрсетілген
ТИШ немесе ИИ 24 сағат ішіндегі орташадан жоғары (ABCD2≥4 шкаласы) қауіпке дейін ТИШ немесе кіші ИИ (NIHSS≤3) бар пациенттерге