Қолдану көрсеткіштері
Азитромицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық ауруларды емдеу:
созылмалы бронхиттің асқынуында
ауруханадан тыс пневмонияда (жеңілден орташа ауыр түрге дейін), атап айтқанда Mycoplasma pneumoniae, Chlamydophila psittaci (оринтоз) немесе Chlamydophila pneumoniae (TWAR) туындаған пневмония
жедел бактериялық синуситте
фарингитте, тонзиллитте және бактериялық жедел ортаңғы отитте бета-лактамды антибиотиктерге сезімталдығы жоғары пациенттерде немесе басқа себептер бойынша мұндай емдеу қолайлы болмағанда
бета-лактамды антибиотиктерге сезімталдығы жоғары пациенттерде фурункулез, пиодермия, импетиго және тілмелі қабынуы сияқты тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары немесе мұндай емдеу басқа себептермен келмейтін кезде
Chlamydia trachomatis немесе Neisseria gonorrhoeae туындаған асқынбаған генитальді инфекциялары (көп дәріге төзімді емес штаммдар).
Бактерияларға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше пайдалануға қатысты берілген емдік ұсыныстар бұлжытпай қадағалануы тиіс.