Қолдану көрсеткіштері
Азитромицинге сезімтал патогенді микроорганизмдер туындатқан инфекцияларды емдеу үшін:
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында, оның ішінде фарингит, тонзиллит, синусит, гайморит
- төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында, оның ішінде бронхитте және ауруханадан тыс пневмонияда
- ортаңғы отитте
- тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында
- Chlamydia trachomatis немесе Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныстық жолмен берілетін асқынбаған инфекциялар