daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Амвастан Таблеткалары 20 Мг №30 | Биофарма Илач Сан ве Тидж А.Ш.

Алматы қаласындағы Амвастан Таблеткалары 20 Мг №30 | Биофарма Илач Сан ве Тидж А.Ш.
Сипаттама:

Амвастан 10 мг: ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағы дөңес дөңгелек таблеткалар. Амвастан 20 мг: ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағы дөңес дөңгелек таблеткалар, бір жақ бетінде бөлетін сызығы бар.

Халықаралық атауы:

Аторвастатин

Өндіруші:

Биофарма Илач Сан ве Тидж А.Ш.

Өндіруші ел:

Турецкая Республика

Белсенді ингредиент:

- белсенді фазадағы бауыр аурулары немесе қандағы бауыр ферменттері деңгейлерінің этиологиясы анық емес жоғарылауы (көрсеткіштері қалыпты мәндердің жоғарғы шегінен (ҚМЖШ) 3 еседен астам асып кететін жағдайларда); - С гепатитін емдеу үшін элбасвир/гразопревир біріктірілімін бір мезгілде қолдану; - жүктілік және емшек емізу кезеңдері. Контрацепцияның сенімді әдістерін пайдаланбайтын, бала туатын жастағы әйелдерде Амвастанды пайдалануға болмайды. Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары Бауырға әсері Емді бастар алдында және емдеу кезіндегі тұрақты уақыт аралықтарында пациенттерде бауыр функциясының көрсеткіштерін бақылау қажет. Бауырдың зақымдану белгілері мен симптомдары дамыған пациенттерде бауырдың функционалдық көреткіштерін баға беруді жүргізу керек. Қандағы трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы байқалған пациенттер көрсеткіштердің қалыпты мәндеріне жеткен сәтіне дейін бақылауда болуға тиіс. Қандағы трансаминазалардың деңгейлері ҚМЖШ 3 еседен астам жоғарылаған жағдайларда дозаны азайту немесе дәрілік затты қолдануды тоқтату ұсынылады. Амвастанды алкогольді шамадан тыс мөлшерде тұтынатын және/немесе анамнезінде бауыр аурулары болған пациенттерде сақтықпен пайдалану керек. Қандағы холестерин деңгейінің қарқынды төмендеуі аясында инсульттің профилактикасы (SPARCL зерттеуі) Жақында инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуылды бастан өткерген, жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде инсульттің қосалқы түрлерінің апостериорлық талдауында бастапқыда 80 мг дозада аторвастатинмен ем қабылдаған пациенттерде геморрагиялық инсульттің жиілігі плацебо алған пациенттермен салыстырғанда жоғарырақ болды. Зерттеуге енгізілген сәтте геморрагиялық инсультті немесе мидың лакунарлы инфарктісін бастан өткерген пациенттерде қауіп елеулі дәрежеде жоғарылады. Геморрагиялық инсультті немесе мидың лакунарлы инфарктісін бастан өткерген пациенттер үшін 80 мг дозада аторвастатинмен емдеу кезіндегі қауіп/пайда арақатынасы белгісіз, сондықтан дәрілік затпен емді бастар алдында геморрагиялық инсульттің әлеуетті туындау қаупіне мұқият баға беру қажет . Қаңқа-бұлшықет тініне әсері 3-гидрокси-3-метилглютарил-кофермент А редуктазаның (ГМГ-КоА-редуктаза) басқа да тежегіштерін қолданған кездегідей, аторвастатинді пайдаланған кезде сирек жағдайларда миалгияның, миозиттің және миопатияның дамуымен қаңқа бұлшықеттеріне теріс әсері байқалуы мүмкін, бұл рабдомиолизбен (қандағы креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің елеулі жоғарылауымен (ҚМЖШ 10 еседен астам жоғары), бүйрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғуы мүмкін миоглобинемиямен және миоглобинуриямен сипатталатын, пациенттің өміріне қауіп төндіруі ықтимал жай-күй) қатар жүруі мүмкін. Өте сирек жағдайларда, статиндермен ем кезінде де, емді тоқтатқаннан кейін де, пациенттерде иммунға байланысты некрозданушы миопатия (ИБНМ) дамыған. ИБНМ клиникалық тұрғыда аяқ-қолдардың проксимальді бұлшықеттерінің тұрақты әлсіздігімен және қан сарысуында КФК деңгейінің жоғарылауымен білінеді, олар статиндермен, 3-гидрокси-3-метилглутарил-кофермент А редуктазаға оң антиденелермен емді тоқтатуға қарамастан сақталады; иммунодепрессанттарды қабылдау аясында клиникалық жақсару байқалады. Бірнеше жағдайда статиндер бұрыннан бар гравис миастениясын немесе миастенияның көздегі түрін туындатты немесе ушықтырды деп хабарланды («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз). Гравис миастениясының симптомдары өршіген жағдайда Амвастанды тоқтату керек. Сол немесе басқа статинді енгізген/қайта енгізген кезде миастенияның қайталанғаны туралы деректер бар. Емдеуді бастар алдында Аторвастатинді рабдомиолиздің дамуына бейімділігі бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек. Статиндермен емді бастар алдында келесі қауіп факторлары немесе аурулары бар пациенттерде қандағы КФК концентрациясын анықтау керек: - бүйрек функциясының бұзылулары; - гипотиреоз; - анамнездегі, оның ішінде отбасылық анамнездегі тұқым қуалаған бұлшықет аурулары; - анамнезде басқа статиндерді немесе фибраттарды қолданумен байланысты бұлшықет тініне уытты әсері; - анамнездегі бауыр аурулары және/немесе алкогольді шамадан тыс мөлшерлерде тұтыну; - 70 жастан асқандар (рабдомиолиздің дамуына бейімдейтін басқа да факторлар бар болғанда); - дәрілік заттың қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін жағдайлар, мысалы, дәрілік өзара әрекеттесу жағдайларында және спецификалық генотипі бар субпопуляцияларды қоса, пациенттердің жекелеген топтарында қолданғанда . Жоғарыда көрсетілген пациенттерде пайда/қауіп арақатынасына мұқият баға беру керек; сондай-ақ мұндай пациенттерде мұқият клиникалық мониторингті қамтамасыз ету ұсынылады. Қандағы КФК концентрациясы елеулі дәрежеде жоғарылаған жағдайларда (ҚМЖШ 5 еседен астам жоғары), Амвастанмен емді бастамаған жөн. Қандағы КФК концентрациясын өлшеу Қандағы КФК концентрациясын қарқынды дене жүктемесінен кейін немесе қандағы КФК деңгейінің жоғарылауына түрткі болуы мүмкін болжамды балама себептер бар болғанда өлшемеу керек, өйткені бұл зерттеудің нәтижелерін түсіндіруді қиындатуы мүмкін. Емдеуді бастар алдында қандағы КФК концентрациясы елеулі дәрежеде жоғарылаған жағдайларда (ҚМЖШ 5 еседен астам жоғары), 5-7 күннен кейін бақылау зерттеуін қайтадан жүргізу қажет. Емдеу кезінде - Пациенттер бұлшықеттердің ауыруы, бұлшықет түйілуі немесе бұлшықет әлсіздігі туралы, әсіресе егер олар дімкәстанумен немесе дене температурасының жоғарылауымен қатар жүрсе, дереу дәрігерге хабарлау керектігінен хабардар болуға тиіс. - Мұндай пациенттерде қандағы КФК концентрациясын өлшеу керек. Қандағы КФК концентрациясы елеулі дәрежеде жоғарылаған жағдайларда (ҚМЖШ 5 еседен астам жоғары) аторвастатинмен емдеуді тоқтату қажет. - Бұлшықеттік симптомдар ауыр сипатта болса және күн сайын жайсыздық туғызса, оның ішінде қандағы КФК концентрациясы ҚМЖШ 5 есе және одан азырақ жоғарыласа, аторвастатинмен емдеуді тоқтату қажет. - Жоғарыда аталған симптомдар жойылғаннан кейін және қандағы КФК деңгейі қалыпты мәндерге дейін төмендегеннен кейін, аторвастатинмен немесе баламалы статинмен ең төмен дозаларда емді жалғастырумәселесін қарастыру керек, бұл ретте пациенттің мұқият бақылануын қамтамасыз ету қажет. - Егер қандағы КФК деңгейінің клиникалық маңызды жоғарылауы (ҚМЖШ 10 еседен астам жоғары) байқалса немесе рабдомиолиз диагнозы қойылса немесе оның дамуына күдік бар болса, аторвастатинді пайдалануды тоқтату қажет. Басқа дәрілік заттармен біріктірілген ем CYP3A4 күшті тежегіштері немесе тасымалдаушы-ақуыздар (мысалы, циклоспорин, телитромицин, кларитромицин, делавирдин, стирипентол, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, позаконазол, летермовир және ритонавирді, лопинавирді, атазанавирді, индинавирді, дарунавирді, типранавир/ритонавирді және т.б. қоса, адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) протеаза тежегіштері) сияқты аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясын арттыруы мүмкін кейбір дәрілік заттармен аторвастатинді бір мезгілде қолданған кезде рабдомиолиздің даму қаупі жоғарылайды. Аторвастатинді гемфиброзилмен және басқа фиброй қышқылы туындыларымен, С гепатитін емдеуге пайдаланылатын вирусқа қарсы препараттармен, (мысалы, боцепревир, телапревир, элбасвир/гразопревир, ледипасвир/софосбувир), эритромицинмен, ниацинмен, эзетимибпен бір мезгілде қолданған кезде де миопатияның даму қаупі жоғарылауы мүмкін. Ондай мүмкіндік бар болған жағдайда, аторвастатинмен өзара әрекеттесуге түспейтін баламалы дәрілік заттарды пайдаланған жөн. Аторвастатинді жоғарыда көрсетілген дәрілік заттармен бірге пайдалану қажеттілігі туындаған жағдайларда пайда/қауіп арақатынасына мұқият баға беру керек. Пациенттер аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясын арттыратын дәрілік заттармен бір мезгілде ем қабылдаған жағдайларда аторвастатинді төменірек тәуліктік дозада пайдалану ұсынылады. CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану жағдайларында аторвастатинді төменірек бастапқы дозада пайдалану мәселесін қарастыру, сондай-ақ пациенттерге клиникалық мониторинг жүргізу керек. Амвастанды құрамында фузидий қышқылы бар жүйелі препараттармен бір мезгілде, немесе оларды қолдану тоқтатылғаннан кейін 7 күннің ішінде пайдаланбау керек. Құрамында фузидий қышқылы бар жүйелі препараттарды қолдану қажеттілігі туындаған жағдайларда, оларды пайдаланудың бүкіл кезеңінде статиндермен емдеу тоқтатылуы керек. Фузидий қышқылымен біріктіріп статиндермен ем қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз (оның ішінде өліммен аяқталған) жағдайлары тіркелген . Пациенттер бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттердің ауыруы немесе олардың жоғары сезімталдығы сияқты симптомдар туралы дереу дәрігерге хабарлау қажеттілігінен хабардар болуға тиіс. Статиндермен емді құрамында фузидий қышқылы бар препаратты соңғы рет қабылдаған соң 7 күннен кейін қайта жаңғыртуға болады. Құрамында фузидий қышқылы бар жүйелі препараттармен ұзақ ем жүргізу қажеттілігі туындайтын айрықша жағдайларда, мысалы ауыр инфекцияларда, Амвастанды бірге пайдалану туралы мәселені әркімге жеке түрде қарастыру керек; мұндай біріктірілімдерді қолдану кезінде пациенттер мұқият медициналық бақылауда болуға тиіс. Интерстициальді өкпе ауруы Кейбір статиндерді, әсіресе ұзақ уақыт кезеңі бойы қолданған кезде интерстициальді өкпе ауруы пайда болған бірлі-жарым жағдайлар туралы хабарланды , оның белгілері ентігуді, өнімсіз жөтелді және жалпы жай-күйдің нашарлауын (шаршағыштық, салмақтың азаюы және дене температурасының жоғарылауы) қамтуы мүмкін. Пациентте интерстициальді өкпе ауруы дамығанына күдік туындаған жағдайларда статиндермен емді тоқтату керек. Қант диабеті Қазіргі уақытта статиндерді қолданған кезде қандағы глюкоза деңгейі жоғарылайтынын (класс-әсер) айғақтайтын деректер бар. Қант диабетінің даму қаупі жоғары кейбір пациенттерде қандағы глюкоза концентрациясы қант диабетінің стандартты емін жүргізу қажеттілігі туындайтындай деңгейге жетуі мүмкін. Әйтсе де, гипергликемияның пайда болу қаупі жүрек-қантамырлық асқынулар қаупін азайтуға қатысты статиндерді пайдаланудың артықшылығынан басым түспейді және статиндермен емді тоқтатуға себеп болып табылмайды. Қауіп тобындағы пациенттерге (қандағы глюкоза деңгейі ашқарында 5,6-6,9 ммоль/л құрайды, дене салмағының индексі (ДСИ) 30 кг/м2 астамды құрайды, қандағы ТГ деңгейлері жоғары, артериялық гипертензия) бекітілген нұсқауларға сәйкес клиникалық және зертханалық мониторинг жүргізу қажет. Қосымша заттар Амвастан препаратының құрамында лактоза бар, сондықтан галактоза жақпаушылығымен, лактаза тапшылығымен немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен сипатталатын сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер бұл препаратты қабылдауына болмайды. Амвастан препаратының құрамында сахароза бар, сондықтан фруктоза жақпаушылығымен, глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігімен сипатталатын сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер бұл препаратты қабылдауына болмайды. Амвастан препаратының құрамында бір таблеткада 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни, «құрамында натрий жоқ» дерліктей. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Дәрілік заттардың аторвастатинге әсері Аторвастатиннің метаболизміне Р450 3А4 (CYP3A4) цитохром жүйесінің изоферменті қатысады; аторвастатин 1B1 және 1B3 типтегі органикалық аниондардың тасымалдаушы ақуыздарының (сәйкесінше, OATP1B1 және OATP1B3) субстраты болып табылады. Аторвастатиннің метаболиттері OATP1B1 субстраттары болып табылады. Аторвастатин Р-гликопротеиннің эффлюкстік тасымалдаушыларының және сүт безі обырының резистенттілік ақуызының (BCRP) да субстраты болып табылатыны анықталған, олар дәрілік заттың ішекте сіңуін және өтпен шығарылуын шектеуі мүмкін (5.2 бөлімін қараңыз). CYP3A4 немесе тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштері болып табылатын препараттармен бірге қолданған кезде аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін, мұндайда миопатияның даму қаупі артады. Миопатияның даму қаупі аторвастатинді миопатияның дамуына түрткі болуы мүмкін фибраттар және эзетимиб сияқты басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда да артуы мүмкін. CYP3A4 тежегіштері CYP3A4 күшті тежегіштерімен біріктіріп қолданған кезде аторвастатиннің қандағы концентрациясының елеулі жоғарылауы байқалады (төмендегі 1-кестені қараңыз). Ондай мүмкіндік бар болған жағдайда, аторвастатинді CYP3A4 күшті тежегіштерімен (мысалы, циклоспорин, телитромицин, кларитромицин, делавиридин, стирипентол, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, позаконазол, С гепатитін емдеуге арналған кейбір вирусқа қарсы препараттармен (мысалы, элбасвир/гразопревир) және ритонавир, лопинавир, атазанавир, индинавир, дарунавирді және басқаларын қоса, кейбір АИТВ протеаза тежегіштерімен) бірге қолданудан аулақ болу керек. Жоғарыда көрсетілген дәрілік заттармен біріктіріп емдеу қажеттілігі туындаған жағдайларда, аторвастатинді төменірек бастапқы және ең жоғарғы дозаларда пайдалану туралы мәселені қарастыру керек, бұл ретте пациенттерге мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады (1-кестені қараңыз). CYP3A4 орташа тежегіштерімен (мысалы, эритромицин, дилтиазем, верапамил және флуконазол) бір мезгілде пайдаланған кезде аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін (1-кестені қараңыз). Эритромицинді статиндермен бірге қолданған кезде миопатияның даму қаупі жоғарылады. Амиодаронның немесе верапамилдің аторвастатинмен өзара әрекеттесуін зерттеулер жүргізілген жоқ. Амиодарон және верапамил CYP3A4 тежегіштеріне жатады, сондықтан оларды аторвастатинмен бір мезгілде қолданған кезде соңғысының жүйелі әсері жоғарылауы мүмкін. Сондықтан CYP3A4 орташа тежегіштерімен біріктірілген ем кезінде аторвастатинді төменірек ең жоғарғы дозада пайдалану мәселесін қарастыру керек, бұл ретте пациенттерге тиісті клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Пациенттерге тиісті клиникалық мониторинг жүргізу CYP3A4 тежегіштерімен емдеуді бастағаннан кейін немесе олардың дозаларын түзеткеннен кейін ұсынылады. CYP3A4 индукторлары P450 3A4 цитохром жүйесі изоферментінің индукторларымен (мысалы, эфавиренз, рифампин, құрамында шайқурай бар препараттар) бірге қолданған кезде аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясы әртүрлі дәрежеде төмендеуі мүмкін. Өзара әрекеттесудің қосарлы механизміне орай, аторвастатин мен рифампинді бір мезгілде қабылдау ұсынылады (рифампин P450 3A4 цитохром жүйесі изоферментінің индукторы және бауырда шоғырланатын OATP1B1 тасымалдаушы ақуызының тежегіші болып табылады), өйткені рифампин қабылдаудан кейін аторвастатинді кешеуілдетіп қолданған кезде аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясының елеулі төмендегені байқалды. Алайда, рифампин аторвастатиннің гепатоциттердегі концентрациясына қандай әсерін тигізетіні белгісіз. Біріктіріп пайдалану қажеттілігі туындаған жағдайларда емнің тиімділігін мұқият бақылау керек. Тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштері Тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштерімен бір мезгілде қолданған кезде аторвастатиннің жүйелі әсері ұлғаюы мүмкін. Циклоспорин сияқты, летермовир де аторвастатинді тасымалдау үдерістеріне қатысатын, мысалы OATP1B1/1B3, P-гликопротеин және BCRP тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштеріне жатады, сондықтан жоғарыда көрсетілген дәрілік заттармен бірге пайдалану кезінде аторвастатиннің жүйелі әсері жоғарылайды (1-кестені қараңыз). Тасымалдаушы ақуыздардың тежелуі аторвастатиннің гепатоциттердегі концентрациясына қандай әсерін тигізетіні белгісіз. Біріктіріп пайдалану қажеттілігі туындаған жағдайларда аторвастатиннің дозасын азайту және пациенттерге емнің тиімділігіне қатысты мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады (1-кестені қараңыз). Летермовирмен және циклоспоринмен біріктірілген ем қабылдап жүрген пациенттерде аторвастатинді пайдалану ұсынылмайды. Гемфиброзил/ фиброй қышқылының туындылары Рабдомиолизді қоса, бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулар кейде фибраттарды пайдалану кезінде байқалады. Фибраттар мен аторвастатинді бірге қолдану кезінде мұндай бұзылыстардың туындау қаупі жоғарылауы мүмкін. Фибраттармен біріктіріп пайдалану қажеттілігі туындаған жағдайларда, аторвастатинді емдік мақсатқа жету үшін қажетті ең төмен тиімді дозада пайдалану керек, бұл ретте пациенттерге тиісті мониторинг жүргізген жөн. Эзетимиб Эзетимибпен монотерапия рабдомиолизді қоса, бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулардың туындауымен байланысты, сондықтан эзетимиб пен аторвастатинді бір мезгілде қолданған кезде мұндай бұзылыстардың туындау қаупі жоғарылауы мүмкін. Дәрілік заттарды біріктіріп пайдаланған кезде пациенттерге тиісті клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Колестипол Колестиполмен бірге қолданған кезде аторвастатиннің және оның белсенді метаболиттерінің қан плазмасындағы концентрациясы азайды (аторвастатин концентрациясының арақатынасы 0,74 құрады). Алайда біріктіріп пайдаланған кездегі гиполипидемиялық әсері дәрілік заттарды бөлек-бөлек қолданған кездегі осындайдан басым түсті. Фузидий қышқылы Құрамында фузидий қышқылы бар жүйелі препараттарды статиндермен бір мезгілде қолданғанда рабдомиолизді қоса, миопатияның қаупі жоғарылауы мүмкін. Дәрілік заттардың өзара әрекеттесу механизмі (фармакодинамикалық, фармакокинетикалық немесе біріккен) белгісіз. Осындай біріктірілімдерді қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз (оның ішінде өліммен аяқталған) жағдайлары байқалды. Құрамында фузидий қышқылы бар жүйелі препараттарды қолдану қажеттілігі туындаған жағдайларда олардың пайдаланудың бүкіл кезеңінде Амвастанмен емдеуді тоқтату керек . Колхицин Аторвастатин мен колхициннің өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген, әйтсе де дәрілік заттарды біріктіріп қолданған кезде миопатияның дамыған жағдайлары туралы хабарланды. Аторвастатинді колхицинмен бірге ерекше сақтықпен пайдалану керек. Аторвастатиннің дәрілік заттарға әсер Дигоксин Аторвастатинмен (10 мг) бір мезгілде қолданған кезде дигоксиннің қан плазмасындағы тепе-тең концентрациясы аздап жоғарылады, сондықтан біріктірілген ем алатын пациенттер тиісті бақылауға алынуға тиіс. Пероральді контрацептивтер Аторвастатинді пероральді контрацептивтермен бірге пайдаланған кезде норэтистеронның және этинилэстрадиолдың қан плазмасындағы концентрациялары жоғарылады. Варфарин Клиникалық зерттеуде варфаринмен ұзақ ем қабылдаған пациенттерде 80 мг дозадағы аторвастатинді күн сайын бір мезгілде қолданғанда емнің алғашқы 4 күні ішінде протромбин уақытының аздап азаюы (шамамен 1,7 секунд) байқалды, протромбин уақытының көрсеткіші 15 күннен кейін қалыпты мәндерінің шегіне оралды. Кумарин туындылары тобындағы антикоагулянттарды қабылдаған пациенттерде клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер туралы сирек жағдайларда хабарланғанына қарамастан, протромбин уақыты көрсеткішінің елеулі өзгерістері болып жатқанын растау үшін, протромбин уақытының көрсеткішін аторвастатинді қолдану басталғанға дейін және біріктірілген емнің бастапқы сатысында барынша жиі анықтау қажет. Протромбин уақытының көрсеткіші тұрақты мәндерге жеткен жағдайларда, келесі бақылауды кумарин туындылары тобындағы антикоагулянттармен ем қабылдаған пациенттер үшін стандартты аралықтар бойынша жүргізуге болады. Аторвастатиннің дозасын өзгерткенде немесе оны қолдануды тоқтатқанда жоғарыда сипатталған емшараны қайталау керек. Антикоагулянттармен ем қабылдамаған пациенттерде, аторвастатинді қолдану аясында қан кету оқиғалары немесе протромбин уақытының өзгеруі байқалған жоқ. Балалар мен жасөспірімдер Дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеулер ересектерде ғана жүргізілді, балаларда Амвастанның дәрілік заттармен өзара әрекеттесу дәрежесі белгісіз. Жоғарыда көрсетілген ересектердегі өзара әрекеттесулер және 4.4 бөліміндегі ескертулер де препаратты балаларға қолдану кезінде ескерілуі тиіс. Дәрілермен өзара әрекеттесуі 1-кесте. Бірге пайдаланылатын дәрілік заттардың аторвастатинның фармакокинетикасына әсері («концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC) мәндерін бағалау) * Деректер аторвастатинді дәрілік заттармен бірге пайдаланған кездегі AUC мәндері мен монотерапияның арақатынасы түрінде келтірілген. & Грейпфрут шырынының құрамында CYP3A4 тежейтін және қан плазмасында метаболизміне CYP3A4 қатысатын дәрілік заттардың концентрациясын ұлғайтуы мүмкін бір немесе бірнеше компонент бар. Бір стақан грейпфрут шырынын (240 мл) пайдаланған кезде аторвастатиннің белсенді орто-гидроксиметаболиті үшін AUC мәні 20,4%-ға төмендеді. Грейпфрут шырынын елеулі мөлшерде (5 күн бойы тәулігіне 1,2 л астам) пайдаланған кезде аторвастатин үшін AUC мәні 2,5 есе жоғарылады, ал ГМГ-КоА-редуктазаның белсенді тежегіштері (аторвастатин және оның метаболиттері) үшін AUC мәні 1,3 есе жоғарылады. ^ Көрсеткіш дәрілік затты қабылдаудан кейін 8-16 сағат өткенде бір рет өлшеу кезінде алынған деректердің негізінде есептелген.

Белсенді заттың дозасы:

20 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары, 10 мг, 20 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: аторвастатин (кальций аторвастатині тригидраты түрінде) 10 мг, 20 мг;

қосымша заттар: кальций карбонаты, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, сахароза стеараты, магний стеараты.

Қабықтың құрамы: Опадри® ақ Y-1-7000 (гипромеллоза, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Амвастан 10 мг: ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағы дөңес дөңгелек таблеткалар.

Амвастан 20 мг: ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағы дөңес дөңгелек таблеткалар, бір жақ бетінде бөлетін сызығы бар.

Қолдану көрсеткіштері

Гиперхолестеринемияны емдеу

- отбасылық гиперхолестеринемияны (гетерозиготалы нұсқасы) немесе біріктірілген (аралас) гиперлипидемияны (Фредриксон жіктемесі бойынша тиісінше IIа типі және IIЬ типі) қоса, алғашқы гиперхолестеринемиясы бар ересектерде, жасөспірімдерде және 10 жастағы және одан үлкен балаларда жалпы холестерин (жалпы ХС), тығыздығы төмен липопротеиндер холестерині (ХС-ТТЛП), қандағы аполипопротеин В (ApoB) және триглицеридтер (ТГ) деңгейін төмендету үшін диетаға қосымша ретінде, диетаның және басқа дәрі-дәрмектік емес әдістердің тиімділігі жеткіліксіз болған кезде;

- гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар ересектерде қандағы жалпы ХС және ХС-ТТЛП деңгейлерін төмендету үшін қандағы липидтер деңгейін төмендетуге бағытталған емдеудің басқа әдістеріне (мысалы, ТТЛП аферезі) қосымша ретінде, немесе мұндай әдістерді пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайларда.

Жүрек-қантамырлық асқынулардың профилактикасы

Алғашқы жүрек-қантамырлық асқыну дамуының жоғары қаупі бар ересек пациенттерде жүрек-қантамырлық асқынулардың профилактикасында, басқа қауіп факторларын түзету аясындағы қосымша шара ретінде.

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

- белсенді фазадағы бауыр аурулары немесе қандағы бауыр ферменттері деңгейлерінің этиологиясы анық емес жоғарылауы (көрсеткіштері қалыпты мәндердің жоғарғы шегінен (ҚМЖШ) 3 еседен астам асып кететін жағдайларда);

- С гепатитін емдеу үшін элбасвир/гразопревир біріктірілімін бір мезгілде қолдану;

- жүктілік және емшек емізу кезеңдері.

Контрацепцияның сенімді әдістерін пайдаланбайтын, бала туатын жастағы әйелдерде Амвастанды пайдалануға болмайды.

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Бауырға әсері

Емді бастар алдында және емдеу кезіндегі тұрақты уақыт аралықтарында пациенттерде бауыр функциясының көрсеткіштерін бақылау қажет. Бауырдың зақымдану белгілері мен симптомдары дамыған пациенттерде бауырдың функционалдық көреткіштерін баға беруді жүргізу керек. Қандағы трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы байқалған пациенттер көрсеткіштердің қалыпты мәндеріне жеткен сәтіне дейін бақылауда болуға тиіс. Қандағы трансаминазалардың деңгейлері ҚМЖШ 3 еседен астам жоғарылаған жағдайларда дозаны азайту немесе дәрілік затты қолдануды тоқтату ұсынылады.

Амвастанды алкогольді шамадан тыс мөлшерде тұтынатын және/немесе анамнезінде бауыр аурулары болған пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.

Қандағы холестерин деңгейінің қарқынды төмендеуі аясында инсульттің профилактикасы (SPARCL зерттеуі)

Жақында инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуылды бастан өткерген, жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде инсульттің қосалқы түрлерінің апостериорлық талдауында бастапқыда 80 мг дозада аторвастатинмен ем қабылдаған пациенттерде геморрагиялық инсульттің жиілігі плацебо алған пациенттермен салыстырғанда жоғарырақ болды. Зерттеуге енгізілген сәтте геморрагиялық инсультті немесе мидың лакунарлы инфарктісін бастан өткерген пациенттерде қауіп елеулі дәрежеде жоғарылады. Геморрагиялық инсультті немесе мидың лакунарлы инфарктісін бастан өткерген пациенттер үшін 80 мг дозада аторвастатинмен емдеу кезіндегі қауіп/пайда арақатынасы белгісіз, сондықтан дәрілік затпен емді бастар алдында геморрагиялық инсульттің әлеуетті туындау қаупіне мұқият баға беру қажет .

Қаңқа-бұлшықет тініне әсері

3-гидрокси-3-метилглютарил-кофермент А редуктазаның (ГМГ-КоА-редуктаза) басқа да тежегіштерін қолданған кездегідей, аторвастатинді пайдаланған кезде сирек жағдайларда миалгияның, миозиттің және миопатияның дамуымен қаңқа бұлшықеттеріне теріс әсері байқалуы мүмкін, бұл рабдомиолизбен (қандағы креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің елеулі жоғарылауымен (ҚМЖШ 10 еседен астам жоғары), бүйрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғуы мүмкін миоглобинемиямен және миоглобинуриямен сипатталатын, пациенттің өміріне қауіп төндіруі ықтимал жай-күй) қатар жүруі мүмкін.

Өте сирек жағдайларда, статиндермен ем кезінде де, емді тоқтатқаннан кейін де, пациенттерде иммунға байланысты некрозданушы миопатия (ИБНМ) дамыған. ИБНМ клиникалық тұрғыда аяқ-қолдардың проксимальді бұлшықеттерінің тұрақты әлсіздігімен және қан сарысуында КФК деңгейінің жоғарылауымен білінеді, олар статиндермен, 3-гидрокси-3-метилглутарил-кофермент А редуктазаға оң антиденелермен емді тоқтатуға қарамастан сақталады; иммунодепрессанттарды қабылдау аясында клиникалық жақсару байқалады.

Бірнеше жағдайда статиндер бұрыннан бар гравис миастениясын немесе миастенияның көздегі түрін туындатты немесе ушықтырды деп хабарланды («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз). Гравис миастениясының симптомдары өршіген жағдайда Амвастанды тоқтату керек. Сол немесе басқа статинді енгізген/қайта енгізген кезде миастенияның қайталанғаны туралы деректер бар.

Емдеуді бастар алдында

Аторвастатинді рабдомиолиздің дамуына бейімділігі бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек. Статиндермен емді бастар алдында келесі қауіп факторлары немесе аурулары бар пациенттерде қандағы КФК концентрациясын анықтау керек:

- бүйрек функциясының бұзылулары;

- гипотиреоз;

- анамнездегі, оның ішінде отбасылық анамнездегі тұқым қуалаған бұлшықет аурулары;

- анамнезде басқа статиндерді немесе фибраттарды қолданумен байланысты бұлшықет тініне уытты әсері;

- анамнездегі бауыр аурулары және/немесе алкогольді шамадан тыс мөлшерлерде тұтыну;

- 70 жастан асқандар (рабдомиолиздің дамуына бейімдейтін басқа да факторлар бар болғанда);

- дәрілік заттың қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін жағдайлар, мысалы, дәрілік өзара әрекеттесу жағдайларында және спецификалық генотипі бар субпопуляцияларды қоса, пациенттердің жекелеген топтарында қолданғанда .

Жоғарыда көрсетілген пациенттерде пайда/қауіп арақатынасына мұқият баға беру керек; сондай-ақ мұндай пациенттерде мұқият клиникалық мониторингті қамтамасыз ету ұсынылады. Қандағы КФК концентрациясы елеулі дәрежеде жоғарылаған жағдайларда (ҚМЖШ 5 еседен астам жоғары), Амвастанмен емді бастамаған жөн.

Қандағы КФК концентрациясын өлшеу

Қандағы КФК концентрациясын қарқынды дене жүктемесінен кейін немесе қандағы КФК деңгейінің жоғарылауына түрткі болуы мүмкін болжамды балама себептер бар болғанда өлшемеу керек, өйткені бұл зерттеудің нәтижелерін түсіндіруді қиындатуы мүмкін. Емдеуді бастар алдында қандағы КФК концентрациясы елеулі дәрежеде жоғарылаған жағдайларда (ҚМЖШ 5 еседен астам жоғары), 5-7 күннен кейін бақылау зерттеуін қайтадан жүргізу қажет.

Емдеу кезінде

- Пациенттер бұлшықеттердің ауыруы, бұлшықет түйілуі немесе бұлшықет әлсіздігі туралы, әсіресе егер олар дімкәстанумен немесе дене температурасының жоғарылауымен қатар жүрсе, дереу дәрігерге хабарлау керектігінен хабардар болуға тиіс.

- Мұндай пациенттерде қандағы КФК концентрациясын өлшеу керек. Қандағы КФК концентрациясы елеулі дәрежеде жоғарылаған жағдайларда (ҚМЖШ 5 еседен астам жоғары) аторвастатинмен емдеуді тоқтату қажет.

- Бұлшықеттік симптомдар ауыр сипатта болса және күн сайын жайсыздық туғызса, оның ішінде қандағы КФК концентрациясы ҚМЖШ 5 есе және одан азырақ жоғарыласа, аторвастатинмен емдеуді тоқтату қажет.

- Жоғарыда аталған симптомдар жойылғаннан кейін және қандағы КФК деңгейі қалыпты мәндерге дейін төмендегеннен кейін, аторвастатинмен немесе баламалы статинмен ең төмен дозаларда емді жалғастырумәселесін қарастыру керек, бұл ретте пациенттің мұқият бақылануын қамтамасыз ету қажет.

- Егер қандағы КФК деңгейінің клиникалық маңызды жоғарылауы (ҚМЖШ 10 еседен астам жоғары) байқалса немесе рабдомиолиз диагнозы қойылса немесе оның дамуына күдік бар болса, аторвастатинді пайдалануды тоқтату қажет.

Басқа дәрілік заттармен біріктірілген ем

CYP3A4 күшті тежегіштері немесе тасымалдаушы-ақуыздар (мысалы, циклоспорин, телитромицин, кларитромицин, делавирдин, стирипентол, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, позаконазол, летермовир және ритонавирді, лопинавирді, атазанавирді, индинавирді, дарунавирді, типранавир/ритонавирді және т.б. қоса, адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) протеаза тежегіштері) сияқты аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясын арттыруы мүмкін кейбір дәрілік заттармен аторвастатинді бір мезгілде қолданған кезде рабдомиолиздің даму қаупі жоғарылайды. Аторвастатинді гемфиброзилмен және басқа фиброй қышқылы туындыларымен, С гепатитін емдеуге пайдаланылатын вирусқа қарсы препараттармен, (мысалы, боцепревир, телапревир, элбасвир/гразопревир, ледипасвир/софосбувир), эритромицинмен, ниацинмен, эзетимибпен бір мезгілде қолданған кезде де миопатияның даму қаупі жоғарылауы мүмкін. Ондай мүмкіндік бар болған жағдайда, аторвастатинмен өзара әрекеттесуге түспейтін баламалы дәрілік заттарды пайдаланған жөн.

Аторвастатинді жоғарыда көрсетілген дәрілік заттармен бірге пайдалану қажеттілігі туындаған жағдайларда пайда/қауіп арақатынасына мұқият баға беру керек. Пациенттер аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясын арттыратын дәрілік заттармен бір мезгілде ем қабылдаған жағдайларда аторвастатинді төменірек тәуліктік дозада пайдалану ұсынылады. CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану жағдайларында аторвастатинді төменірек бастапқы дозада пайдалану мәселесін қарастыру, сондай-ақ пациенттерге клиникалық мониторинг жүргізу керек.

Амвастанды құрамында фузидий қышқылы бар жүйелі препараттармен бір мезгілде, немесе оларды қолдану тоқтатылғаннан кейін 7 күннің ішінде пайдаланбау керек. Құрамында фузидий қышқылы бар жүйелі препараттарды қолдану қажеттілігі туындаған жағдайларда, оларды пайдаланудың бүкіл кезеңінде статиндермен емдеу тоқтатылуы керек. Фузидий қышқылымен біріктіріп статиндермен ем қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз (оның ішінде өліммен аяқталған) жағдайлары тіркелген . Пациенттер бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттердің ауыруы немесе олардың жоғары сезімталдығы сияқты симптомдар туралы дереу дәрігерге хабарлау қажеттілігінен хабардар болуға тиіс.

Статиндермен емді құрамында фузидий қышқылы бар препаратты соңғы рет қабылдаған соң 7 күннен кейін қайта жаңғыртуға болады. Құрамында фузидий қышқылы бар жүйелі препараттармен ұзақ ем жүргізу қажеттілігі туындайтын айрықша жағдайларда, мысалы ауыр инфекцияларда, Амвастанды бірге пайдалану туралы мәселені әркімге жеке түрде қарастыру керек; мұндай біріктірілімдерді қолдану кезінде пациенттер мұқият медициналық бақылауда болуға тиіс.

Интерстициальді өкпе ауруы

Кейбір статиндерді, әсіресе ұзақ уақыт кезеңі бойы қолданған кезде интерстициальді өкпе ауруы пайда болған бірлі-жарым жағдайлар туралы хабарланды , оның белгілері ентігуді, өнімсіз жөтелді және жалпы жай-күйдің нашарлауын (шаршағыштық, салмақтың азаюы және дене температурасының жоғарылауы) қамтуы мүмкін. Пациентте интерстициальді өкпе ауруы дамығанына күдік туындаған жағдайларда статиндермен емді тоқтату керек.

Қант диабеті

Қазіргі уақытта статиндерді қолданған кезде қандағы глюкоза деңгейі жоғарылайтынын (класс-әсер) айғақтайтын деректер бар. Қант диабетінің даму қаупі жоғары кейбір пациенттерде қандағы глюкоза концентрациясы қант диабетінің стандартты емін жүргізу қажеттілігі туындайтындай деңгейге жетуі мүмкін. Әйтсе де, гипергликемияның пайда болу қаупі жүрек-қантамырлық асқынулар қаупін азайтуға қатысты статиндерді пайдаланудың артықшылығынан басым түспейді және статиндермен емді тоқтатуға себеп болып табылмайды. Қауіп тобындағы пациенттерге (қандағы глюкоза деңгейі ашқарында 5,6-6,9 ммоль/л құрайды, дене салмағының индексі (ДСИ) 30 кг/м2 астамды құрайды, қандағы ТГ деңгейлері жоғары, артериялық гипертензия) бекітілген нұсқауларға сәйкес клиникалық және зертханалық мониторинг жүргізу қажет.

Қосымша заттар

Амвастан препаратының құрамында лактоза бар, сондықтан галактоза жақпаушылығымен, лактаза тапшылығымен немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен сипатталатын сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер бұл препаратты қабылдауына болмайды.

Амвастан препаратының құрамында сахароза бар, сондықтан фруктоза жақпаушылығымен, глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігімен сипатталатын сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер бұл препаратты қабылдауына болмайды.

Амвастан препаратының құрамында бір таблеткада 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни, «құрамында натрий жоқ» дерліктей.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік заттардың аторвастатинге әсері

Аторвастатиннің метаболизміне Р450 3А4 (CYP3A4) цитохром жүйесінің изоферменті қатысады; аторвастатин 1B1 және 1B3 типтегі органикалық аниондардың тасымалдаушы ақуыздарының (сәйкесінше, OATP1B1 және OATP1B3) субстраты болып табылады. Аторвастатиннің метаболиттері OATP1B1 субстраттары болып табылады. Аторвастатин Р-гликопротеиннің эффлюкстік тасымалдаушыларының және сүт безі обырының резистенттілік ақуызының (BCRP) да субстраты болып табылатыны анықталған, олар дәрілік заттың ішекте сіңуін және өтпен шығарылуын шектеуі мүмкін (5.2 бөлімін қараңыз). CYP3A4 немесе тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштері болып табылатын препараттармен бірге қолданған кезде аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін, мұндайда миопатияның даму қаупі артады. Миопатияның даму қаупі аторвастатинді миопатияның дамуына түрткі болуы мүмкін фибраттар және эзетимиб сияқты басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда да артуы мүмкін.

CYP3A4 тежегіштері

CYP3A4 күшті тежегіштерімен біріктіріп қолданған кезде аторвастатиннің қандағы концентрациясының елеулі жоғарылауы байқалады (төмендегі 1-кестені қараңыз).

Ондай мүмкіндік бар болған жағдайда, аторвастатинді CYP3A4 күшті тежегіштерімен (мысалы, циклоспорин, телитромицин, кларитромицин, делавиридин, стирипентол, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, позаконазол, С гепатитін емдеуге арналған кейбір вирусқа қарсы препараттармен (мысалы, элбасвир/гразопревир) және ритонавир, лопинавир, атазанавир, индинавир, дарунавирді және басқаларын қоса, кейбір АИТВ протеаза тежегіштерімен) бірге қолданудан аулақ болу керек. Жоғарыда көрсетілген дәрілік заттармен біріктіріп емдеу қажеттілігі туындаған жағдайларда, аторвастатинді төменірек бастапқы және ең жоғарғы дозаларда пайдалану туралы мәселені қарастыру керек, бұл ретте пациенттерге мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады (1-кестені қараңыз).

CYP3A4 орташа тежегіштерімен (мысалы, эритромицин, дилтиазем, верапамил және флуконазол) бір мезгілде пайдаланған кезде аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін (1-кестені қараңыз). Эритромицинді статиндермен бірге қолданған кезде миопатияның даму қаупі жоғарылады. Амиодаронның немесе верапамилдің аторвастатинмен өзара әрекеттесуін зерттеулер жүргізілген жоқ. Амиодарон және верапамил CYP3A4 тежегіштеріне жатады, сондықтан оларды аторвастатинмен бір мезгілде қолданған кезде соңғысының жүйелі әсері жоғарылауы мүмкін. Сондықтан CYP3A4 орташа тежегіштерімен біріктірілген ем кезінде аторвастатинді төменірек ең жоғарғы дозада пайдалану мәселесін қарастыру керек, бұл ретте пациенттерге тиісті клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Пациенттерге тиісті клиникалық мониторинг жүргізу CYP3A4 тежегіштерімен емдеуді бастағаннан кейін немесе олардың дозаларын түзеткеннен кейін ұсынылады.

CYP3A4 индукторлары

P450 3A4 цитохром жүйесі изоферментінің индукторларымен (мысалы, эфавиренз, рифампин, құрамында шайқурай бар препараттар) бірге қолданған кезде аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясы әртүрлі дәрежеде төмендеуі мүмкін. Өзара әрекеттесудің қосарлы механизміне орай, аторвастатин мен рифампинді бір мезгілде қабылдау ұсынылады (рифампин P450 3A4 цитохром жүйесі изоферментінің индукторы және бауырда шоғырланатын OATP1B1 тасымалдаушы ақуызының тежегіші болып табылады), өйткені рифампин қабылдаудан кейін аторвастатинді кешеуілдетіп қолданған кезде аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясының елеулі төмендегені байқалды. Алайда, рифампин аторвастатиннің гепатоциттердегі концентрациясына қандай әсерін тигізетіні белгісіз. Біріктіріп пайдалану қажеттілігі туындаған жағдайларда емнің тиімділігін мұқият бақылау керек.

Тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштері

Тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштерімен бір мезгілде қолданған кезде аторвастатиннің жүйелі әсері ұлғаюы мүмкін.

Циклоспорин сияқты, летермовир де аторвастатинді тасымалдау үдерістеріне қатысатын, мысалы OATP1B1/1B3, P-гликопротеин және BCRP тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштеріне жатады, сондықтан жоғарыда көрсетілген дәрілік заттармен бірге пайдалану кезінде аторвастатиннің жүйелі әсері жоғарылайды (1-кестені қараңыз). Тасымалдаушы ақуыздардың тежелуі аторвастатиннің гепатоциттердегі концентрациясына қандай әсерін тигізетіні белгісіз. Біріктіріп пайдалану қажеттілігі туындаған жағдайларда аторвастатиннің дозасын азайту және пациенттерге емнің тиімділігіне қатысты мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады (1-кестені қараңыз).

Летермовирмен және циклоспоринмен біріктірілген ем қабылдап жүрген пациенттерде аторвастатинді пайдалану ұсынылмайды.

Гемфиброзил/ фиброй қышқылының туындылары

Рабдомиолизді қоса, бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулар кейде фибраттарды пайдалану кезінде байқалады. Фибраттар мен аторвастатинді бірге қолдану кезінде мұндай бұзылыстардың туындау қаупі жоғарылауы мүмкін. Фибраттармен біріктіріп пайдалану қажеттілігі туындаған жағдайларда, аторвастатинді емдік мақсатқа жету үшін қажетті ең төмен тиімді дозада пайдалану керек, бұл ретте пациенттерге тиісті мониторинг жүргізген жөн.

Эзетимиб

Эзетимибпен монотерапия рабдомиолизді қоса, бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулардың туындауымен байланысты, сондықтан эзетимиб пен аторвастатинді бір мезгілде қолданған кезде мұндай бұзылыстардың туындау қаупі жоғарылауы мүмкін. Дәрілік заттарды біріктіріп пайдаланған кезде пациенттерге тиісті клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Колестипол

Колестиполмен бірге қолданған кезде аторвастатиннің және оның белсенді метаболиттерінің қан плазмасындағы концентрациясы азайды (аторвастатин концентрациясының арақатынасы 0,74 құрады). Алайда біріктіріп пайдаланған кездегі гиполипидемиялық әсері дәрілік заттарды бөлек-бөлек қолданған кездегі осындайдан басым түсті.

Фузидий қышқылы

Құрамында фузидий қышқылы бар жүйелі препараттарды статиндермен бір мезгілде қолданғанда рабдомиолизді қоса, миопатияның қаупі жоғарылауы мүмкін. Дәрілік заттардың өзара әрекеттесу механизмі (фармакодинамикалық, фармакокинетикалық немесе біріккен) белгісіз. Осындай біріктірілімдерді қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз (оның ішінде өліммен аяқталған) жағдайлары байқалды.

Құрамында фузидий қышқылы бар жүйелі препараттарды қолдану қажеттілігі туындаған жағдайларда олардың пайдаланудың бүкіл кезеңінде Амвастанмен емдеуді тоқтату керек .

Колхицин

Аторвастатин мен колхициннің өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген, әйтсе де дәрілік заттарды біріктіріп қолданған кезде миопатияның дамыған жағдайлары туралы хабарланды. Аторвастатинді колхицинмен бірге ерекше сақтықпен пайдалану керек.

Аторвастатиннің дәрілік заттарға әсер

Дигоксин

Аторвастатинмен (10 мг) бір мезгілде қолданған кезде дигоксиннің қан плазмасындағы тепе-тең концентрациясы аздап жоғарылады, сондықтан біріктірілген ем алатын пациенттер тиісті бақылауға алынуға тиіс.

Пероральді контрацептивтер

Аторвастатинді пероральді контрацептивтермен бірге пайдаланған кезде норэтистеронның және этинилэстрадиолдың қан плазмасындағы концентрациялары жоғарылады.

Варфарин

Клиникалық зерттеуде варфаринмен ұзақ ем қабылдаған пациенттерде 80 мг дозадағы аторвастатинді күн сайын бір мезгілде қолданғанда емнің алғашқы 4 күні ішінде протромбин уақытының аздап азаюы (шамамен 1,7 секунд) байқалды, протромбин уақытының көрсеткіші 15 күннен кейін қалыпты мәндерінің шегіне оралды. Кумарин туындылары тобындағы антикоагулянттарды қабылдаған пациенттерде клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер туралы сирек жағдайларда хабарланғанына қарамастан, протромбин уақыты көрсеткішінің елеулі өзгерістері болып жатқанын растау үшін, протромбин уақытының көрсеткішін аторвастатинді қолдану басталғанға дейін және біріктірілген емнің бастапқы сатысында барынша жиі анықтау қажет. Протромбин уақытының көрсеткіші тұрақты мәндерге жеткен жағдайларда, келесі бақылауды кумарин туындылары тобындағы антикоагулянттармен ем қабылдаған пациенттер үшін стандартты аралықтар бойынша жүргізуге болады. Аторвастатиннің дозасын өзгерткенде немесе оны қолдануды тоқтатқанда жоғарыда сипатталған емшараны қайталау керек. Антикоагулянттармен ем қабылдамаған пациенттерде, аторвастатинді қолдану аясында қан кету оқиғалары немесе протромбин уақытының өзгеруі байқалған жоқ.

Балалар мен жасөспірімдер

Дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеулер ересектерде ғана жүргізілді, балаларда Амвастанның дәрілік заттармен өзара әрекеттесу дәрежесі белгісіз. Жоғарыда көрсетілген ересектердегі өзара әрекеттесулер және 4.4 бөліміндегі ескертулер де препаратты балаларға қолдану кезінде ескерілуі тиіс.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

1-кесте. Бірге пайдаланылатын дәрілік заттардың аторвастатинның фармакокинетикасына әсері («концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC) мәндерін бағалау)

* Деректер аторвастатинді дәрілік заттармен бірге пайдаланған кездегі AUC мәндері мен монотерапияның арақатынасы түрінде келтірілген.

& Грейпфрут шырынының құрамында CYP3A4 тежейтін және қан плазмасында метаболизміне CYP3A4 қатысатын дәрілік заттардың концентрациясын ұлғайтуы мүмкін бір немесе бірнеше компонент бар. Бір стақан грейпфрут шырынын (240 мл) пайдаланған кезде аторвастатиннің белсенді орто-гидроксиметаболиті үшін AUC мәні 20,4%-ға төмендеді. Грейпфрут шырынын елеулі мөлшерде (5 күн бойы тәулігіне 1,2 л астам) пайдаланған кезде аторвастатин үшін AUC мәні 2,5 есе жоғарылады, ал ГМГ-КоА-редуктазаның белсенді тежегіштері (аторвастатин және оның метаболиттері) үшін AUC мәні 1,3 есе жоғарылады.

^ Көрсеткіш дәрілік затты қабылдаудан кейін 8-16 сағат өткенде бір рет өлшеу кезінде алынған деректердің негізінде есептелген.

Арнайы нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Үш жылдық зерттеу деректеріне сәйкес, Таннер шкаласы бойынша көрсеткіштерді және бойы мен дене салмағының көрсеткіштерін бағалау нәтижелерін ескере отырып, аторвастатин физикалық және жыныстық дамуға клиникалық мәні бар ықпалын тигізген жоқ.

Жүктілік және лактация кезінде қолданылуы

Амвастанды әйелдерге жүктілік кезеңінде пайдалануға болмайды. Препаратты әйелдерде жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігі анықталған жоқ. Аторвастатинді әйелдерде жүктілік кезінде қолдануға бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің жатырішілік кезеңде әсер етуінен кейін дамудағы туа біткен кемістіктердің туындауы туралы сирек хабарламалар бар. Жануарлардағы зерттеулерден алынған деректер ұрпақ өрбітуге уыттылығын айғақтайды .

Аторвастатинді әйелдерде жүктілік кезінде қолдану шаранада холестериннің ізашары болып табылатын мевалонат деңгейінің төмендеуімен қатар жүруі мүмкін. Атеросклероз созылмалы үдеріс болып табылады және, әдетте, жүктілік кезеңінде гиполипидемиялық дәрілермен емді тоқтату бастапқы гиперхолестеринемиямен байланысты ұзақ мерзімді қауіпке елеусіз ықпал етеді.

Осыған байланысты, Амвастанды жүктілік кезеңіндегі әйелдерде, жүктілікті жоспарлаған немесе жүктілік бар деп болжанған әйелдерде пайдаланбаған жөн. Әйелдерде жүктілік кезеңінде немесе жүктіліктің жоқ екені анықталғанға дейін Амвастанмен емді тоқтату керек.

Аторвастатин немесе оның метаболиттері емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз. Егеуқұйрықтардағы зерттеуде аторвастатин мен оның белсенді метаболиттерінің емшек сүтіндегі концентрациясы қан плазмасындағы концентрациясымен салыстырымды екені анықталды. Ауыр жағымсыз реакциялардың даму қаупіне байланысты, Амвастанмен ем қабылдайтын әйелдер балаға емшек емізбеуі керек. Препаратты емшек емізу кезеңінде әйелдерге пайдалануға болмайды.

Препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аторвастатин автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне елеусіз әсер етеді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Амвастанмен емдеу басталғанға дейін пациент холестерин мөлшері төмен стандартты диетаға көшірілуге тиіс, оны емнің курсы бойы сақтап отыру қажет.

Препараттың дозасын қандағы ХС-ТТЛП бастапқы деңгейін, емнің мақсатын және пациенттің емдеуге жауабын ескере отырып, әркімге жеке таңдау қажет.

Бастапқы доза, әдетте, тәулігіне 1 рет 10 мг аторвастатинді құрайды. Дозаны түзетуді 4 апта және одан көбірек аралықпен жүргізу керек. Аторвастатиннің ең жоғарғы дозасы тәулігіне 1 рет 80 мг құрайды.

Алғашқы гиперхолестеринемия және біріктірілген (аралас) гиперлипидемия

Пациенттердің көпшілігінде қанағаттанарлық жауап аторвастатинді тәулігіне 1 рет 10 мг дозада қолданған кезде байқалады. Емдік әсері 2 аптаның ішінде білінуі мүмкін; ең жоғары емдік әсері, әдетте, 4 аптадан кейін дамиды. Қол жеткізілген әсері ұзақ ем жүргізу кезінде сақталады.

Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия

Бастапқы доза тәулігіне 1 рет 10 мг аторвастатинді құрайды. Препараттың дозасын 4 апта аралықпен тәулігіне 40 мг дейін әркімге жеке түрде түзету қажет. Ақырында дәрілік заттың дозасын ең жоғарғы тәуліктік доза 80 мг дейін арттыруға немесе тәулігіне 1 рет 40 мг дозада аторвастатинмен және өт қышылдарының секвестранттарымен (ион алмастырғыш шайырлар) біріктірілген емдеу жүргізуге болады.

Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия

Қазіргі уақытта шектеулі деректер бар.

Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде аторвастатиннің дозасы тәулігіне 10-80 мг құрайды . Мұндай пациенттерде аторвастатинді қандағы липидтер деңгейін төмендетуге бағытталған емдеудің басқа әдістеріне (мысалы, ТТЛП аферезі) қосымша ретінде, немесе мұндай әдістерді пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайларда қолдану керек.

Жүрек-қантамырлық асқынулардың профилактикасы

Клиникалық зерттеулерде жүрек-қантамырлық асқынулардың бастапқы профилактикасы үшін аторвастатин тәулігіне 10 мг дозада пайдаланылды. Қанда қазіргі уақытта бар ұсынымдарға сәйкес келетін ХС-ТТЛП деңгейіне жету үшін, дәрілік затты неғұрлым жоғары дозаларда пайдалану қажеттілігі туындауы мүмкін.

Артық дозалану

Аторвастатин артық дозаланған жағдайларда қажет болса симптоматикалық және демеуші емдеу жүргізу керек (арнайы антидоты белгісіз); сондай-ақ бауыр функциясын және қан сарысуындағы КФК концентрациясын бақылау қажет. Аторвастатин қан плазмасы ақуыздарымен елеулі дәрежеде байланысатындықтан, гемодиализ кезінде дәрілік заттың клиренсі айтарлықтай ұлғаяды деп күтілмейді.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан полиамидті/алюминий үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАмвастан таблеткалары 20 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube