daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Шымкенте қаласындағы Азифекс Таблеткалары 500 Мг №3 | Дева Холдинг А.Ш.

Шымкенте қаласындағы Азифекс Таблеткалары 500 Мг №3 | Дева Холдинг А.Ш.

Халықаралық атауы:

Азитромицин

Өндіруші:

Дева Холдинг А.Ш.

Өндіруші ел:

Турецкая Республика

Белсенді ингредиент:

- электролит теңгерімінің бұзылуы, әсіресе – гипокалиемия және гипомагниемия; - клиникалық тұрғыдан елеулі брадикардия, жүрек аритмиясы немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі. Жалған салданумен ауыр миастения Азитромицинді қабылдаған пациенттерде жалған салданумен ауыр миастенияның (myasthenia gravis) және алғаш анықталған миастениялық синдромның симптомдары өршіген жағдайлар байқалды. Стрептококтық инфекция Streptococcus pyogenes туғызған фарингитті/тонзиллитті емдеу үшін, және ревматизм шабуылдарының профилактикасы үшін бірінші таңдау препараты әдетте пенициллин болып табылады. Азитромицин, әдетте, ауызжұтқыншақ стрептококтарына қатысты тиімді. Алайда, бұл орайда азитромициннің ревматизм шабуылдарының профилактикалық дәрісі ретіндегі тиімділігін растайтын деректер жоқ. Ұзақ уақыт қолдану Азитромицинді жоғарыда аталған көрсетілімдерде ұзақ уақыт қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер жоқ. Жылдам дамитын қайталанған инфекциялар жағдайында басқа антибиотикпен емдеу мүмкіндігін қарастыру керек. Тері реакциялары Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты өмірге қауіп төндіретін күрделі тері реакциялары туралы хабарламалар бар. Әдетте емдеудің алғашқы апталарында пайда болатын белгілер мен симптомдарға тең тері реакцияларының пайда болуына бақылау жүргізу қажеттілігін пациенттерге ескерту керек. Тері реакциясына сәйкес келетін симптомдар (мысалы, көбінесе күлбіреуіктермен немесе басқа шырышты қабық зақымдануларымен қатар жүретін, үдемелі бөртпе) туындаған жағдайда, азитромицинді қолдануды дереу тоқтату керек. Мұндай жағдайларда осы препаратпен емдеуді қайта бастау ұсынылмайды. Азитромицин қысқа уақыт ішінде антибиотиктің қандағы жоғары концентрациясына жету қажет болатын ауыр инфекцияларды емдеуге жарамайды. Бактериялық фарингитте азитромицинді қолдану бірінші желідегі емді (бета-лактамдық антибиотиктерді) қолдану мүмкін болмаған жағдайларда ғана ұсынылады. Тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары Эритромицин және басқа макролидтердегідей, ангионевротикалық ісінулер мен анафилаксияны (сирек өліммен аяқталатын), жедел жайылған экзантематозды пустулезді (AGEP) қоса алғанда, елеулі аллергиялық реакциялар және эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS) дәрілік реакция туралы хабарланды. Азитромицинмен осы реакциялардың кейбіреулері қайталанатын белгілерге алып келді және бақылау мен емдеудің ұзақ кезеңін қажет етті. Инфекция жұқтырған күйік жаралар Азитромицинді инфекция жұқтырған күйік жараларды емдеу үшін қолдану көрсетілмеген. Жыныстық жолмен берілетін аурулар Жыныстық жолмен берілетін аурулар жағдайында, T. palladium туғызған қатар жүретін инфекцияның бар-жоқтығын анықтау қажет. Жүйке жүйесінің аурулары немесе психикалық бұзылыстар Азитромицинді жүйке жүйесінің аурулары немесе психикалық бұзылыстары бар пациенттерде пайдаланған кезде сақ болу керек. Көшпелі эритема Көшпелі эритемасы бар пациенттерге мұқият клиникалық бақылау жүргізу керек, өйткені азитромицинмен емдеу оларға тиімсіз болып шығуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық Эритромицин және басқа макролидтердегідей, ангионевроздық ісінуді және анафилаксияны (сирек өліммен аяқталатын), жедел жайылған пустулезді псориазды (AGEP), Стивенс-Джонсон синдромын (SJS), уытты эпидермальді некролизді (TEN) (сирек өліммен аяқталатын) және эозинофилиямен және жалпы симптомдармен (DRESS) дәрілік бөртпелерді қоса алғанда, тері реакциялары сирек ауыр аллергиялық реакциялар туралы хабарланды Азитромицині бар препаратқа осы реакциялардың кейбіреулері қайталанып, бақылау мен емдеудің ұзақ кезеңін қажет етті. Жүктілік Жүктілік кезінде препарат анаға күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін қауіптен асып түскен кезде ғана тағайындалады. Жануарлардың көбеюіне зерттеулер аналықтардың орташа уытты концентрациясына жету үшін скаляр дозаларын қолдану арқылы жүргізілді. Бұл зерттеулерде азитромициннен ұрыққа қауіптіліктің дәлелі болған жоқ. Жануарларға жүргізілген репродуктивті токсикология зерттеулерінде Азитромициннің плацента арқылы өтетіндігі көрсетілді, бірақ тератогендік әсерлер байқалмады. Алайда, жүкті әйелдерге жеткілікті және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілмейді. Жануарлардың көбеюін зерттеу әрдайым адамның реакциясын болжай бермейтіндіктен, Азитромицинді жүктілік кезінде өте қажет болған жағдайда ғана қолдану керек. Лактация Бала емізу кезеңінде ана үшін болжамды пайдасы балаға төнетін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолданылады. Емшекпен емізу кезеңінде препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтата тұру ұсынылады. Фертильділік Егеуқұйрықтарда жүргізілген фертильділік зерттеу кезінде азитромицин енгізгеннен кейін фертильділік төмендеуі байқалды. Бұл табылған заттардың адамдардағы өзектілігі белгісіз. Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Азитромицин адамның көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне қандай-да бір ықпалын тигізуі мүмкін деп болжауға негіз жоқ.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

АЗИФЕКС ересектер мен балаларда келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады (азитромицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған):

- жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларында (синусит, тонзиллит және фарингит);

-төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында (бронхит пен пневмонияны қоса);

- ортаңғы құлақтың инфекциясында (жедел ортаңғы отит);

- тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында;

- Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae тудырған асқынбаған уретрит және цервицит.

Қарсы көрсеткіштер

- азитромицинге, эритромицинге, сондай-ақ макролидтік немесе кетолидтік антибиотиктердің кез келгеніне немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктіліктің бірінші триместрі және лактация кезеңі

Өзара әрекеттесуі

Антацидтер (асқазан ішіндегісінің қышқылдылығын төмендететін препараттар). Бұл препараттарды бір мезгілде қабылдауға болмайды. Азитромицинді антацидтер қабылданғанға дейін 1 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағат өткен соң қабылдау керек.

Цетиризин. Дені сау еріктілерде азитромициннің 5 күндік курсын және 20 мг дозадағы цетиризинді бір мезгілде қолдану қандай-да бір фармакокинетикалық өзара әрекеттесулермен қатар жүрген жоқ және тепе-теңдік жағдайындағы QT аралығының елеулі өзгерістерін туғызған жоқ.

Диданозин (Дидезоксиинозин). Азитромицинді тәулігіне 1200 мг дозада тәулігіне 400 мг диданозинмен бірге қолдану диданозин фармакокинетикасының көрсеткіштеріне ықпал етпейді.

Дигоксин және колхицин (Р-гликопротеин субстраттары). Макролидті антибиотиктерді, оның ішінде азитромицинді дигоксин және колхицин сияқты Р-гликопротеин субстраттарымен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы Р - гликопротеин субстратының концентрациясының жоғарылауына әкеледі. Осылайша, азитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қолданғанда қан сарысуындағы Дигоксин концентрациясын арттыру мүмкіндігін ескеру қажет.

Зидовудин. Азитромицин бір реттік 1000 мг дозасында және бірнеше реттік 1200 немесе 600 мг дозаларында зидовудиннің немесе оның глюкуронидтік метаболитінің қан плазмасындағы фармакокинетика көрсеткіштеріне немесе несеппен шығарылуына айқын ықпалын тигізбейді. Дегенмен, азитромицинді қабылдау фосфорланған зидовудиннің (шеткері қанның мононуклеарлық жасушаларындағы (клиникалық белсенді метаболиті) концентрациясының артуын туғызған.

Азитромицин бауырдың Р450 цитохромы ферменттік жүйесімен елеулі өзара әрекеттесуімен сипатталмайды. Бұл препарат эритромицинге және макролидтер қатарының басқа антибиотиктеріне тән фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесулерге қатыспайды деп саналады. Азитромицинге «цитохром-метаболит» кешені түрткі болған бауырдың P450 цитохромын индукциялау немесе белсенділігін жою тән емес.

Қастауыш алкалоидтары. Теориялық тұрғыдан эрготизм туындауы мүмкін болғандықтан, азитромицинді қастауыш туындыларымен бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды.

Астемизол, альфентанил. Астемизолмен немесе альфентанилмен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ. Бұл препараттарды азитромицинмен қатар қолданған кезде сақтық таныту қажет, өйткені бұл препараттарды макролидтік қатардағы антибиотик эритромицинмен қатар қолданған кезде олардың күшейткіш әсері туралы белгілі.

Аторвастатин. Аторвастатин (тәулігіне 10 мг) мен азитромицинді (тәулігіне 500 мг) қатарлас қолдану қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясына (ГМГ КoA-редуктаза тежелуін талдау негізінде) ықпал етпейді. Алайда, тіркеуден кейінгі кезеңде азитромицинді статиндермен біріктіріп қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз жағдайлары байқалғанын ескеру керек.

Карбамазепин. Азитромицинді қатар қабылдаған пациенттерде карбамазепиннің немесе оның белсенді метаболитінің қан плазмасындағы концентрациясына елеулі ықпалы байқалған жоқ.

Цизаприд. Цизаприд бауырда CYP 3A4 ферменті арқылы метаболизденеді. Макролидтер осы ферментті тежейтіндіктен, цизапридті қатарлас қолдану QT аралығы ұзаруының, қарыншалық аритмияның және пируэттік қарыншалық тахикардияның жиілігін арттыруы мүмкін.

Циметидин. Циметидинді бірге қабылдаған кезде азитромициннің фармакокинетикасына қандай-да бір ықпалы байқалған жоқ.

Кумарин типті пероральді антикоагулянттар. Азитромицин дені сау еріктілер қабылдаған варфариннің бір реттік дозасының (15 мг) антикоагулянттық әсеріне ықпал етпейді. Тіркеуден кейінгі кезеңде азитромицинді ішуге арналған кумарин типтес антикоагулянттармен қатар қолданған кездегі антикоагулянттық әсердің күшеюі туралы хабарламалар алынған. Тиісті себеп-салдарлық байланысы анықталмаса да, кумарин типті пероральді антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерде азитромицин қолданылған жағдайларда протромбин уақытын жиі бақылау қажеттілігін ескеру керек.

Циклоспорин. Циклоспоринді және азитромицинді қатар қолдану туралы шешім қабылдаған кезде сақтық таныту керек, өйткені циклоспорин концентрациясы артуы ықтимал, циклоспорин концентрациясының көрсеткіштерін бақылау және емдеу барысында дозасын тиісінше түзету қажет.

Эфавиренц. Азитромициннің (600 мг) бір реттік дозасын және эфавиренцті 400 мг дозада күн сайын 7 күн бойы қатар қолдану қандай да бір клиникалық маңызы бар фармакокинетикалық өзара әрекеттесулермен қатар жүрген жоқ.

Флуконазол. Азитромициннің (1200 мг) бір реттік дозасын қатар қолдану флуконазолдың 800 мг-ге тең бір реттік дозасының фармакокинетикалық параметрлеріне ықпал еткен жоқ. Флуконазолды қатарлас қолдану аясында азитромициннің жалпы экспозициясының және жартылай шығарылу кезеңінің көрсеткіштері өзгерген жоқ; дегенмен, азитромициннің Cmax көрсеткішінің клиникалық тұрғыдан елеусіз төмендеуі (18%-ға) байқалды.

Индинавир. Азитромицинді бір реттік 1200 мг дозада қатарлас қолдану 800 мг дозада тәулігіне үш рет 5 күн бойы қолданылған индинавир фармакокинетикасына статистикалық маңызы бар ықпалын тигізген жоқ.

Метилпреднизолон. Азитромицин метилпреднизолонның фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбейді.

Мидазолам. Дені сау еріктілерде 3 күн бойы азитромицинді тәулігіне 500 мг дозада қатар қолдану мидазоламның (15 мг) бір реттік дозасының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы көрсеткіштерінің клиникалық мәнді өзгерістерін туғызған жоқ.

Нелфинавир. Азитромицинді (1200 мг дозада) нелфинавирмен (750 мг тәулігіне үш рет) тепе-теңдік күйінде қатар қолдану аясында азитромицин концентрациясы жоғарылаған. Қандай-да бір клиникалық мәнді жағымсыз әсерлері байқалған жоқ; дозасын түзету қажет емес.

Рифабутин. Азитромицинмен және рифабутинмен қатарлас ем алған пациенттерде нейтропения байқалды. Рифабутинді қолдану нейтропениямен қатар жүрсе де, осы құбылыстың және рифабутиннің азитромицинмен біріктірілімінің арасындағы себеп-салдарлық байланысы анықталған жоқ.

Силденафил. Еркек жынысты дені сау еріктілерде азитромициннің (500 мг тәуліктік дозада 3 күн бойы) силденафилдің немесе оның айналымдағы негізгі метаболитінің AUC және Cmax көрсеткіштеріне әсері туралы деректер болған жоқ.

Терфенадин. Азитромицин мен терфенадиннің арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндігін толығымен жоққа шығаруға болмайтын сирек жағдайлар байқалды.

Теофиллин. Теофиллиннің макролидтік қатардағы басқа препараттармен өзара әрекеттесуі туралы хабарламалар бар болғандықтан, теофиллин концентрациясының жоғарылауын көрсететін ықтимал белгілерді мұқият қадағалау ұсынылады.

Триазолам. Азитромицинді (1-ші күні 500 мг және 2-нші күні 250 мг дозада) триазоламмен (2-нші күні 0,125 мг дозада) қатарлас қолдану триазоламның қандай да бір фармакокинетикалық көрсеткіштеріне елеулі ықпалын тигізген жоқ.

Триметоприм/сульфаметоксазол. Триметопримді/сульфаметоксазол DS (7 күн бойы 160 мг/800 мг дозада) азитромицинмен (7-нші күні 1200 мг дозада) қатарлас қолдану триметопримнің де, сульфаметоксазолдың да ең жоғары концентрациясының, жалпы экспозициясының және несеппен бөлінуінің көрсеткіштеріне елеулі ықпалын тигізген жоқ.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер

Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының, терінің және жұмсақ тіндердің, сондай-ақ стоматологиялық инфекцияларды емдеу үшін: бір қабылдауда тәулігіне 500 мг, қатарынан үш күн.

Егде жастағы пациенттер

Осындай дозалану схемасын егде жастағы пациентке де қолдануға болады. Егде жастағы пациенттер жүрек ырғағының бұзылуына жиі ұшырайтын болғандықтан, жүрек ырғағының бұзылуы мен саусақтардың қисаю қаупі бар кезде ерекше сақтық таныту ұсынылады.

Педиатрия

3 күн қатарынан тәулігіне 10 мг / кг.

Салмағы 45 кг және одан жоғары балалар үшін ересектерге арналған дозаны қолдануға болады (үш күн қатарынан күніне 500 мг).

Балалардағы стрептококкты фарингитті емдеу үшін бір енгізілуде, қатарынан үш күн ішінде де 10 мг/кг, сондай-ақ 20 мг/кг тиімділігі дәлелденді; алайда 500 мг тәуліктік дозасы аспауы тиіс. Екі дозалы клиникалық зерттеулерде бір-біріне сәйкес келетін тиімділік байқалды, бірақ күніне 20 мг/кг дозада бактериялардың көбірек жойылуы сыналды. Алайда, Streptococcus pyogenes фарингитін емдеуде және ревматикалық қызбаның алдын алуда пенициллин таңдау препараты болып табылады.

Кез келген педиатриялық ем үшін ұсынылатын ең жоғары доза 1500 мг құрайды.

Шығарылу түрі

3 таблеткадан (500 мг дозасы үшін) және 6 таблеткадан (250 мг дозасы үшін) поливинилденхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25C-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАзифекс таблеткалары 500 мг №3 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube